Биология пәнін оқытуда зертханалық жұмыстың маңызы

Буданов Нурбол Уалиевич

Оқушылардың  пәндер мен тірі табиғат құбылыстары танымынан сабақ үлгеруі көп жағдайларда оқыту әдісіне байланысты болады. Оқыту әдіс-тәсілін таңдап алу, оқу материалының мазмұны және мектеп оқушыларының танымдық әрекеттері – репродукциялы (еске түсіру, иллюстрациялы) немесе зерттеу сипаттарымен анықталады.

Оқытуды өздігінен іздену жауабына мәжбүр етілетін зерттеу принципін пайдаланған кезде мектеп оқушыларының танымдық үрдісі мүлде басқаша өтеді. Оқушының танымдық әрекетін зерттеу сипаты өздігінен жұмыс істеу кезінде өте айқын байқалады.
Биология пәнінің мазмұны мен құрылымын және сабақ өткізуге тиісті материалдарды сараптап алуын тағайындаудан басқа, ең бір басты маңызды мәселелердің бірі оның әдістерін де орынды қолдана білу болып табылады.

Пәннен сабақ өткізу әдісін дұрыс таңдай, қолданбаған жағдайда әрбір ұстаз алдына қойған мақсатына жете алмайды.

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай оқу материалының мазмұнын сәйкестендіре отырып, оқыту әдісін дұрыс таңдағанда ғана сапалы білім беруді қамтамасыз етуге болады.

Оқыту әдісі дегеніміз – оқушы мен оқушының алдына қойған мақсатына жету үшін екі жақты іс-әрекеттері деп айтуға болады. Сондықтанда осындай іс-әрекетті дидактикалық принцип тұрғысынан қарайтын болсақ, білім беру мен тәрбиелеуді дамыту деп те айтуға болады.

Келешек ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде, көздеген мақсаттарына жететін, тұлға болып қалыптасатын, сонымен қатар болашақтың бүгінгі күннен де жарқын және нұрлы болуына әсер ететін адамзат өмірінің алға жетелейтін бір бөлшегі ол әрине – білім.

Болашақтың кілтін саналы да сапалы білім алған танымдылығы жоғары құзіретті, бәсекеге төтеп беретін жастар ғана аша алады. Бүгінгі оқушы ертеңгі дамыған тұлға.   Сондықтан, білімді ұрпақ тәрбиелеуде мұғалімдердің сіңірген еңбегі ұшан- теңіз. Әлем елдерінің оның ішінде Қазақстан мұғалімдерінің ең басты проблемалары оқушыларды қалай және нені оқыту керек деген басты мәселе болып тұр. Сол үшін білім беруді дамытуда өркендеген мемлекеттердің тәжірибелерін алып сол мемлекеттердің қатарына ену басты мақсатымыз.

Болашақтың кілтін саналы да сапалы білім алған танымдылығы жоғары құзіретті, бәсекеге төтеп беретін жастар ғана аша алады. Сол үшін білім беруді дамытуда өркендеген мемлекеттердің тәжірибелерін алып сол мемлекеттердің қатарына ену басты мақсатымыз болып тұр. Мұғалімдердің қазіргі кездегі басты мақсаты түрлі әдіс-тәсілдер арқылы сабақ өтіп оқушыларға алған білімдерін өмірде қолдана алатындай тәрбиелеуіміз керек. Қазіргі уақытта еліміздегі білім беру саласына Елбасымыз тарапынан басты назар аударылып, жан-жақты жағдай жасалынуда. Жарқын болашақтың кілті болып табылатын өскелең ұрпақтың білім деңгейі заманауи талаптарға жауап берсе, тәуелсіз еліміздің тұғыры мықты болмақ.
Оқушылардың биологияға деген қызығушылығын дамыту үшін зертханалық сабақтардың маңызы орасан зор. Зертханалық сабақ кезінде оқушылар бұрын сабақта алған білімдерін практикада өз бетімен жұмыс жасау кезінде ұштастырып, білім деңгейін кеңейте алады. Сондықтан шағын жинақты мектептерде биология пәнінен өтікізілетін зертханалық сабақтар өз мәнінде өткізіліп, оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, білімге деген құштарлығын ұштау қажет деп ойлаймын. Биология пәнінен зертханалық сабақтарды ұйымдастыру – өсіп келе жатқан ұрпаққа тіршілікті, өмірді аса үлкен зор құндылық деп түсінуді қалыптастырады.
Зертханалық сабақтар – оқушылардың оқу іс-әрекетінің бір түрі; мақсаты мен міндеті ұқсас. Зертханалық жұмыстар оқу бағдарламасына енгізіліп, курс бөлімін немесе тақырыпты оқығаннан кейін жүргізіледі. Бұл оқушының алдымен теориялық білімді терең меңгеріп, жасалған жұмыстың нәтижесін дұрыс түсінуіне мүмкіндік береді. Жұмыстың жоғары дәрежеде, дұрыс орындалуы үшін топта 10 адамнан болуы керек, олар жеке-жеке немесе жұппен орындайды. Жұмыстың тақырыбы, мақсаты, зерттеу объектісі, қажетті құрал-жабдықтары зертханалық дәптерлеріне көшіріліп, қорытындыланады.
Міндеттері:
– «Биология» пәнінен зертханалық сабақтарды өткізудің әдістемелік ерешеліктерін сипаттау;
– «Биология» пәнінен зертханалық сабақтарды өткізудің тиімді әдістерін жалпылау;
– «Биология» пәнінен зертханалық сабақтар үлгілерін әзірлеу.
Оқушылар талапқа сай бағдарламада көрсетілген әр түрлі зертханалық жұмыстарды орындап, осы шарттарды қанағаттандырғанда ғана олардың тұрақты білім мен білік дағдылары тәрбиеленеді және оны орындау қарқыны өседі.
Мұғалімнің мақсаты: биология бөліміндегі зертханалық сабақтарды жоспарлап өткізу. Дұрыс ұйымдастырылған зертханалық сабақтың оқушы үшін тиімділігі төмендегідей:
1. Оқушы тақырыпқа байланысты ауызша алған түсінігін тәжірибе жасау
арқылы толық меңгереді.
2. Алған білімін іс жүзінде қолдану іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады.
3. Мұғалімнің түсіндіруі арқылы алған біліміндегі маңызды құбылыстардың қасиеті мен құрылысы туралы білімін нақтылап мәнін терең түсінеді.
4. Зертханалық жұмыс істеу тәсілдерімен әдістерін игереді.
5. Сабақта танысқан өсімдіктердің ішкі құрылысын, дене бөліктерін толық
ажыратуға дағдыланады.
6. Зертханалық сабақ барысында оқушылардың биология ғылымының салаларына деген қызығушылығы артады.
7. Зертханалық жұмыс кезінде пайдаланатын құрал –жабдықтармен жұмыс жасау тәртібімен танысып, үйренеді.
8. Зерханалық жұмыс барысында оқушылар еңбекке, ұйымшылдыққа тәрбиеленеді және әсемдік тәрбие беріледі.
9. Бақылау сұрақтарына жауап береді.

Зертханалық сабақтардың жүру барысы:
1. Әрбір зертханалық сабақтың мақсаты болады.
2. Керекті құрал–жабдықтар.
3. Жұмыстың барысы. Зертханалық аспаптармен жабдықтарды көрсетіп,
оларды сабаққа қалай пайд алану керектігі, жұмыстың барысынан қысқаша
түсінік береді.
4. Зерттеуге алынған препаратты, онымен қалай жұмыс жасау керектігі
туралы айтады.
5. Жұмыс жасау тәсілдерін айтады.
6. Оқушылар арнайы зертханалық жұмысты қорытындылау дәптеріне
жұмыстың жүру барысын жазып, жұмыстың нәтижесін түсіндіреді.
Зертханалық сабақтарда әдістердің түрлері:
– Білімді берудің негізгі көзі – көрсету. Оқытушының зат пен құбылысты
демонстрациялап көрсетуі болады, екінші орында – бағыттап түсіндіру.

11-сыныптағы (жаратылыстану-математикалық бағыт) зертханалық жұмыстар:
1. Мәдени өсімдіктердің іріктемелерін пайдаланып қолдан сұрыптаудың
нәтижесін, түр критерийлерін, өзгергіштікті зерттеу;
2. Организмдердің тіршілік ортасына бейімділігін зерттеп білу.
Ескерту: Зертханалық жұмыстарды орындауға қажетті құрал-жабдықтар
болмаған жағдайда оларды көрсетілімдермен немесе электрондық нұсқалармен
алмастыруға болады. Зертханалық сабақтар мұғалімнің жаңа тақырыпты түсіндіру бағытында жүргізіледі, егер оған сағат бөлінбеген болса, тарауды қорытындылау кезінде өткізуге болады.
Биология пәнінің басты міндеттерінің бірі – оқушыларға материалистік
көзқарас, дұрыс мәнді ғылыми дүниетаным қалыптастыру. Себебі пәннің
мазмұны тіршіліктің пайда болуы, дамуы және мәні заңдары негізінде берік
моральды, өмірдің мәні мен мақсатын дұрыс түсінетін, әртүрлі зиянды
қылықтар мен әрекеттерге төзе алатын ұрпақ тәрбиелеу. Тек биология пәнінен зертханалық сабақтарды ұйымдастыру арқылы ғана, дұрыс ұйымдастырылған нақты мақсатты сабақтар өткізу, сабақ әдістерін жетілдіру нәтижесінде терең де дәйекті түрде адамның табиғаттағы рөлін ашып көрсетіп, экологиялық мәдениеті мен сауаттылығын арттырып, өз өмірлеріне сауаттылықпен қарауды жолға қоюға болады.Сонымен қатар биология сабағында зертханалық жұмыстар жасау арқылы – оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуына ойын жинақтауда сонымен қатар, өз бетінше іздеп жаңа білімді игеруге ықпал жасайды.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *