Ұйымдастырылған іс-әрекет «Құлыншақ»

Ұйымдастырылған  іс-әрекет «Құлыншақ»

Тақырыбы: Құлыншақ

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің мақсаты:

Көркем шығарма мазмұнын зейіінімен тыңдайды, Құлыншақ пен қошақанды кездестіру үшін

ойын тапсырмаларды орындайды.

Ұйымдастыру кезеңі:

Тәрбиешінің іс-әрекеті: Ұйымдастырылған іс-әрекетімізді бастамас бұрын топтарға  бөлініп алайық! Бүгін  әр топтарда  ұйымдастырылған іс-әрекетімізді өткізетін боламыз!

“Кім тапқыр” ойыны

Ойынның шарты:Жұмбақ шешу арқылы балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.

“Өз тобыңды тап!” ойыны:

Ойынның шарты: Сурет қиындыларын құрастыру арқылы өз тобын табады.

Қошақан тобы, құлыншақ тобы

” Құлыншақ пен қошақан” шағын әңгіме

Шарты: әңгімені тыңдайды,құлыншақ пен қошақанның  кездесуі үшін тапсырмалар орындайды.

«Қошақан» тобы

«Бұл ненің дыбысы?» ойыны

Ойынның шарты:

Шарты: Дыбыстарды есту арқылы қораның ішінде қай жануар бар екенін табады.

«Құлыншақ» тобы

“Төлдердің енесін тап!” ойыны

Шарты:Төлдерді енесімен сәйкестендіреді.

Ширату жаттығуы

“Таңбалы құлыншақтар” ойыны

Шарты: Балалар құлыншақ болып шапқылап келіп таңбалы құлыншақтарды қолына алады.сандардың өсу реті бойынша қатарға тұрады.

«Құлыншақ» тобы

“Кім жылдам” ойыны

Ойынның шарты:”Танграм әдісі” арқылы есептерді

жауабымен сәйкестендіріп жылқының мүсінін құрастыру.

«Қошақан» тобы

“Кім жылдам”ойыны

Ойынның шарты:Есептерді жауабымен сәйкестендіріп құлыншақтың құйрығын табады.

“Кім тапқыр” ойыны

Ойынның шарты:Суреттерге қарап ұлттық ойындардың аттарын атайды, сөйлем құрайды.

“Кім жезтаңдай шешен?” ойыны

Шарты:Суреттегі заттарды атап сөйлем құрайды.

Кері байланыс:Қамшы  әдісі арқылы өзін-өзі бағалайды.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *