Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесі

 

Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесі қазіргі қоғамда талқыланып жатқан өзекті мәселенің бірі. АЭС салу мәселесінің өзектілігі бүгін ғана пайда болған жоқ, бұл мәселе бұрыннан, әсіресе Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін, талқыланып келеді. Қазақстан уран қоры бойынша әлемде алғашқы орындарда тұрғандықтан, ядролық энергияны тиімді пайдалану идеясы бірнеше онжылдықтардан бері күн тәртібінде тұр. Бұл мәселенің өзектілігі елдің энергетикалық қажеттіліктерін, экологиялық қауіптерді және экономикалық пайдасын ескеруден туындады. Естеріңізге сала кетейін, 6 қазан республикалық референдум.

Қазіргі таңда адамдардың ойлары әртүрлі бағытта дамып жатыр: АЭС салу бізге пайдалы ма, жоқ па деген сұрақ қоғамды толғандыруда. Осы мақала сізге осы мәселе бойынша нақты бағыт-бағдар бере алады деп үміттенемін.

Қазақстанда АЭС салудың тиімді жақтары:

1. Энергетикалық тәуелсіздік – яғни, атом электр станциясы елдің ішкі энергия қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, сыртқы нарыққа деген тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді. Егер сіз алға қарай дамуды мақсат етсеңіз, АЭС еліміздің энергетикалық қажеттіліктерін толық қамтамасыз ете алатын сенімді шешім бола алады деп айтуға болады.

2. Таза энергия көзі –  атом энергиясы парниктік газдардың шығарылуын едәуір азайтады. Егер АЭС-ті басқа энергия көздерімен салыстырсақ, атом электр станциясы экологиялық тұрғыдан тазарақ болып саналады. Мысалы, көмір немесе мұнайға негізделген электр станциялары ауаға үлкен көлемде парниктік газдар мен зиянды заттар шығарады, ал АЭС жұмыс істеу кезінде мұндай ластаушы заттарды атмосфераға шығармайды.

3. Экономикалық дамуға ықпал –  АЭС құрылысы ғылым мен техниканың дамуына үлкен серпін береді. Қазақстан атом өнеркәсібінде тәжірибесі бар ел ретінде өз біліктілігіносы тұрғыда  арттыра алады.

АЭС салудың тиімсіз жақтары:

1. Қауіпсіздік мәселесі – әрине, әрбір құбылыстың өзіндік кемшіліктері бар. Атом электр станциялары үлкен қауіптерді де алып келуі мүмкіні. Мысалы, Семейдегі сияқты жарылыстардың болмауына кім кепіл? Егер осындай жағдайлар қайталанса, уытты заттардың таралуы тоқтамайды. Қазақстанда АЭС салу қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды және қадағалауды талап етеді.

2. Экономикалық шығындар – АЭС салу өте қымбат жоба. Оның құрылысы мен қызмет көрсету шығындары ұзақмерзімді инвестицияны талап етеді.Сәйкесінше, Қазақстанда осындай ірі жобаны жүзеге асыру үшін қаржылық тұрақтылық пен халықаралық серіктестіктер қажет. Сондықтан да бұл жұмыс ұзақ мерзімді болмақ.

 

3. Қалдықтарды басқару – АЭС-тің радиоактивті қалдықтарын сақтау және басқару мәселесі де өзекті. Мұндай қалдықтар ұзақ жылдар бойы қауіпті болып қала береді, сондықтан олардың сақталуы экологияға теріс әсерін тигізетіні сөзсіз.

Қорытындай келе, АЭС салу мәселесі Қазақстан үшін маңызды шешімдерді талап етеді. Бұл референдумда әрқайсыңыздың пікірі мен дауысы маңызды. Бұл біздің және сіздің болашағыңыз. Сондықтан, тағдырыңызды біреуге сеніп тапсырмай, өзіңіз шешім қабылдаңыз.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *