Бір мүшесіз ел

 

Еліміздің әл-ауқаты нашарлап барады. Қазақ жастарының шүлдірлеп орысша сөйлеуі,хәм сол тілде ойлауы мені алаңдатады. Қазақтың хандығын құрамын деп арыстан мен майданға түсіп,елім, жерім деп басын құрбан еткен Жәнібек пен Керейдің, Алаш ордасындағы арыстандардың жерімізді, тілімізді аман алып қалу үшін репрессияға түсуі біз үшін 1 сағаттық кино секілді көрінетіні өкініш, қайғы. Заманымыз дамымаған, жастарымыз қайратсыз деп айтуға тіл бармайды. Өйткені өнер тапқышта, ғалым да осы заманның бетке ұстарлары.Бірақ адамның 12 мүшесі толық болмаса жанында бір өкініш,өкпе болары анық,дәл солай біздің ел 1 мүшесінен айрылуға шақ тұр. Ол біздің байлығымыз, ұлтымыздың мақтанышы-Тіл еді.Дүкенге кірсеңде, қоғамдық орынға барсаңда тіліміздің бұрмаланып бара жатқанын көрсең жараңа тұз сепкендей ашиды.Біз қашан толық Қазақ тілінде сөйлейміз? Біздің жастар неге қазақтың тілін құрметтемейді? Бұл рухани аштықтан қалай арлуға болады? Деген сұрақтар санамды жеп жүрген кезде 2023 жылды “Орыс тілі” жылы етіп қойғаны жаныма батты… Барыс жылында, жолбарыстай мықты болдың орнына төменге құлдырап өзге тілді құрал етудеміз. Қазаққа жанымыз ашитын болсақ онда «Барлық қызметті қазақша жүргізуді талап ету, қазақша ойлау, қазақша сөйлеу,әдепті, әділетті болуды, аты-жөнімізді ов, ев, ин жалғауларысыз жазуды қолға алу керек».Біздің тілдің құдіретін білсе қазақ ұлты өзге тілде сөйлемеуші меді деп ойдаймын. Өйткені, қайғыныда, қуаныштыда, өкпеніде, сүйіншініде ерекше жұмбақтап, әдемі көркем ауыз тілменен жеткізген тілімізді басқа елдің тілімен салыстыру қате деп санаймын.1 кем мүшемізді емдеп, жарақатын таму біздің қолда кешегі ұлылардың ұрпағы…

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *