ИНКЛЮЗИВТІ ВОЛОНТЕРЛІК

 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

2-курс магистрант: Умбетхан Нурсаулеш, nursaulyesh@mail.ru

Инклюзивті волонтерлік жасөспірімдердің жағдайында зерттелуі.

 

Кіріспе

Ағымдағы зерттеу волонтерлердің инклюзивті және мағыналы тәжірибесін дамыту мақсатында жасөспірімдерге арнайы бағытталған қоғамдық волонтерлер бағдарламасының жағдайын зерттейді. Волонтерлік іс-әрекетке қандай себептер қатысуға ықпал болатыны анықталады. Бұл зерттеу жұмысы осы құбылысты тереңірек түсіну үшін кейс-стади әдісін қолдана отырып, жасөспірімдер арасындағы инклюзивті волонтерліктің тәжірибесі мен мотивтерін зерттеуге бағытталған.

Жастардың волонтерлік қызметпен айналысу туралы шешіміне әсер ететін бірнеше негізгі факторлар көрсетілген. Жасөспірімнің азаматтық міндеттемелерін қалыптастыруда отбасылық құндылықтар, мектеп және жеке түрткі, ықпалдар әсері сияқты факторлардың барлығы маңызды рөл атқаратыны анықталды. Сонымен қатар, зерттеулер көрсеткендей, жынысы сияқты демографиялық сипаттамалар жастардың волонтерлік іс-әрекетке қатысу ықтималдығына да әсер етуі мүмкін.

 

Негізгі бөлім

Инклюзивті волонтерлік – бұл қоғамдағы әртүрлілікті қабылдау және әрбір адамның тең құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында жасалатын маңызды қадам. Жасөспірімдер осы бағытта ерекше рөл атқара алады, себебі олар болашақ қоғамның негізін қалаушылар болып табылады. Волонтерлік ұзақ уақыт бойы қоғамға пайда әкеліп қана қоймай, сонымен қатар волонтерлер арасында жеке өсу мен дамуға ықпал ететін құнды қызмет ретінде танылды. Атап айтқанда, жастардың волонтерлік қызметі әлеуметтік жауапкершілік сезімін, эмпатияны және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға ықпал етеді.

Инклюзивті волонтерлік мүгедектерді тек волонтерлік қызмет алушылар ретінде қарастырудың орнына волонтерлік қызметке тартуды көздейтін дамып келе жатқан тұжырымдама ретінде Дубосару және Колиада қарастырған. Тұжырымдама бастапқыда интеллектуалды кемістігі бар адамдарға назар аударудан бастап, әлеуметтік оқшаулану қаупі бар адамдардың кең ауқымын қамтуға дейін дамыды Инклюзивті волонтерлік әлеуметтік оқшауланумен күресуде және мүгедектердің қоғамға интеграциялануына ықпал етуде маңызды рөл атқара алады деген тұжырымға Дурбосару, Колиада және Викторова ұсынды. Бұл тәсіл көптеген артықшылықтарды ұсынады [1].

Соның ішінде әлеуметтік өзара әрекеттесуді арттыру, өзіне деген сенімділікті жоғарлату және қатысушылар үшін жауапкершіліктің болуы негізінде К. Миллер және басқалар талдаған [2].

Инклюзивті еріктілік бойынша зерттеулерге әртүрлі көзқарастар бар, соның ішінде әлеуметтік-философиялық, құрылымдық-функционалдық, әлеуметтанулық, мәдени және психологиялық тұрғыдан қарауға болады. Бұл сала дамып келе жатқандықтан, жоғары деңгейлі мақсат қою арқылы инклюзивті волонтерлік бағдарламаларды жүзеге асыруды қолдау үшін жан-жақты түсіну мен теориялық негіздерге деген қажеттілік артып келеді [3].

Инклюзивті волонтерлік – бұл физикалық, психологиялық, ұлты мен нәсілге, аз қамтылған мәдениет өкілдері, мигранттар мен босқындар немесе әлеуметтік ерекшеліктеріне қарамастан, барлық адамдардың қоғам өміріне белсенді қатысуын қамтамасыз ету. Яғни осы инклюзивті, әлеуметтік көмекті қажет ететін адамдардың арасынан бір жағынан басым инклюзивті болғанымен, келесі қырынан әлеуетті болуы, өнерлі, шебер, ораторлық, көшбасшылық, кәсіби деңгейде бір істі жасай алуы оның «Инклюзивті волонтер» болыуына ықпал болады. Осы орайда әлемдік тұлға Ник Вуичичті айтып өтуіміз керек. Ол өзінің ерекше ерік, жігерімен жалпыға үлгі болар тұлға. Адамдардың шүкіршілігі мен үмітін оятады [4].

Инклюзивті волонтерлікпен айналысып орта қалыптастыруы, қарым-қатынас орнатуы, қоғамдағы адамдарға көмектесуі, тәжірибе жинауы инклюзивті тұлғаға үлкен мүмкіндік. Бұл волонтерлік түрі қоғамдағы стереотиптер мен кемсітушілікті азайтуға көмектеседі. Әрбір адам өзіні белсенділендіре алуына мүмкіндік. Егерде инклюзивті волонтер қоғамға үлес қосып жатқанын сезінсе, тұлғада қанағаттанушылық сезімі туындап, оның өмірге құштарлығы артады. Өмірге құштар адамның дамуы, жақсы жаққа өзгеру үдерісі қарқынды және тиімді, нәтижелі болады. Жасөспірімдер инклюзивті волонтерлікке қатысу арқылы өздерінің әлеуметтік жауапкершілігін арттырып, қоғамдағы әртүрлілікті қабылдауға үйренеді.

Әлеуметтік психологиялық тұрғыдан инклюзивті волонтерлік жасөспірімдердің әлеуметтік дағдыларын дамытуға көмектеседі. Олар әртүрлі әлеуметтік топтармен жұмыс істеу арқылы эмпатия, түсіністік және коммуникация дағдыларын жетілдіреді. И.Г. Кузмина «өмірлік қиын жағдай»-деп адамның өзінің қоғамдағы, айналасындағылармен әлеуметтік қарым-қатынасы мен қалыпты өмір сүру дағдыларын объективті түрде бұзатын, яғни адам жеке субъект тұрғыдан «күрделі»-деп танылытын, ақырында субъект өз мәселелерін шешу үшін арнайы әлеуметтік қорғау қызыметтер көмегіне, қолдауына жүгінуге мәжбүрлейтін жағдайлар деп қарастырады. Демек өмірді күрделендірмей, мүмкіндіктер іздеу, тұлға өзінің мықты жақтарына назар аударуы, өмірде тап болған қиыншылықтардан алып шығады [5].

Қоғамдық денсаулық сақтау тұрғыдан инклюзивті волонтерлік жасөспірімдердің психологиялық денсаулығына оң әсер етеді. Волонтерлік қызметке қатысу стрессті азайтуға, өзін-өзі бағалауды арттыруға және өмірге қанағаттануды жоғарылатуға көмектеседі. Инклюзивті волонтерлікті дамытуда, қалыптастыруда өз өмірлерінде волонтерлік қолдауды алғаннан кейін олардың өмірлері жақсы жаққа өзгеріп, волонтерлік іс-әрекеттің нәтижесі өз өмір тәжрибелерінен өткеннен соң тиімді, нәтижелі екенін бастан кешкен тұлғалар өздерінің жетістіктері мен тәжірибесімен немесе кәсіби білім, білік дағдыларымен бөліскілері келуінен туындап отыр. Демек инклюзивті волонтерлік осы кезеңге дейінгі волонтерлік жемісі деп санауға болады. Елімізде көп азаматтарды еңбекпен қамтамассыз етіп, тіпті инклюзивті волонтерлік жасап жүрген жандар өзгелерге де өздеріне де көмек көрсетуде [6].

Педагогикалық тұрғыдан қарастырсақ инклюзивтілік пен волонтерлік білім беру үдерісінің маңызды оқу бағдарламалары. Бұл жасөспірімдерге теориялық білімдерін практикада қолдануға мүмкіндік береді. Мысалы: жасөспірім оқушы сенбі күні сайын 2 сағат ағылшын тілі пәнінен онлайн форматта, цифырлық технологияларды пайдаланып заманауи білім платформаларының бірін қолданып, волонтерден ақысыз, жүйелі, үздіксіз оқу арқылы білім алып, бір жылдан соң қалаған мамандығына оқуға түсіп кетеді. Жасөспірім алғысын білдіруге волонтер ұстазына жолығуды шешеді. Жасөспірім ұстазының инклюзивті волонтер екенін көріп таңданады. Бірақ ұстазының кәсібилігі мен ұқыптылығы, тәрбиелілігі, жауапкершілігі, ерік, жігері жасөспірімге әр уақытта үлгі болып қалады. Демек біз өз шектеулерімізді жою мақсатында волонтерліктің өзімізге сай уақыт пен мүмкіндіктерімізді таңдауымызға болады. Волонтер жасөспірімдер ұстаздарынан үлгі алып, ата-анасының волонтерлік іс-шараға қатысуынан немесе өзі волонтер болып іс-әрекет жасауы арқылы қоғамның ізгіленуіне үлес қосса болады. Егер тұлға өзін-өзі белсенділендіре алса, заман талабына сай шешім қабылдауға жауапкершілік алуға әлеуметтік құзыретті болып саналады [7].

Инклюзивті волонтер болуға балалы аналар, жасөспірімдер, студенттер, ерекше қажеттілікті талап ететін тұлғалар, мигранттар, аз қамтылған ұлт өкілдері, қарттар, әр түрлі әлеуметтік қолдауды талап ететін адамдар да басқа адамдарға сауатты ұйымдастырылуы арқылы инклюзивті волонтер болуына болады. Яғни волонтер қағидалар мен шарттарды нақты ұстанатын адам екенін түсіну керек. Себебі волонтерлік қатысушы еркі бойынша ешкімнің мәжбүрлеуінсіз, біреудің жұмсауынсыз, біреудің сеніп тапсыруынсыз, біреудің көңіліне бола емес өз еркіңмен, жоспарлы уақытпен, саналы құрылған қағида, ереже, шарттармен барлық тараптардың өз еріктерімен орындалатын іс-әрекет болып табылады. Осы орайда волонтерліктің дамуы инклюзивті волонтерлік мәдениетін қалыптастырады. Әркім өзін заман талабына, еңбек нарығына сай белсенділендіре алады [8]

Тәрбие жұмысы білім беру үдерісінің негізі, демек инклюзивті волонтерлік жасөспірімдердің тәрбие жұмысының маңызды бөлігі болып табылады. Олар қоғамдағы әртүрлілікті қабылдауға және тең құқықтарды қамтамасыз етуге үйренеді. Бұл болашақта инклюзивті қоғам құруға маңызды қадам болып табылады. Мысалы: Алматы қаласындағы 16 жастағы Амина Базылбекова инклюзивті волонтерлік арқылы балалардың құқықтарын қорғау және инклюзивті қоғам құруға үлес қосуда. Амина өзінің волонтерлік жолын 2021 жылы ЮНИСЕФ Қазақстан және Ұлттық волонтерлік желісінің бағдарламаларымен бастаған. Ол мектепте балалар құқығы бойынша клуб ұйымдастырып, әртүрлі іс-шаралар өткізді. Бұл іс-шаралар экологиялық жауапкершілік пен табиғатты қорғауға бағытталған болатын [9].

Инклюзивті волонтерлік физикалық, психологиялық немесе әлеуметтік ерекшеліктеріне, жынысы мен демографиялық орналасуына қарамастан, барлық адамдардың қоғам өміріне белсенді қатысуын қамтамасыз ету.

Кескін-1

Жасөспірімдерге волонтерлік, инклюзивті волонтерлік іс-әрекеттер ықпалы.

Инклюзивті волонтерлік жасөспірімдерге көптеген жағымды әсерлер мен нәтижелерге жетуге ықпал етіуі.

  1. Инклюзивті волонтерлік іс-әрекеттеге қатысу арқылы жасөспірімдер әртүрлі адамдармен қарым-қатынас жасап, өздерінің әлеуметтік дағдыларын жетілдіреді. Бұл олардың болашақта қоғамда белсенді және жауапты азамат болуына көмектеседі.
  2. Жасөспірімдерге эмпатия мен түсіністік қалыптастыруға инклюзивті волонтерлік, әртүрлі мүмкіндіктері бар адамдардың жағдайын түсінуге және оларға көмек көрсетуге үйретеді. Бұл жасөспірімдердің эмпатиясын арттырады.
  3. Жасөспірімдердің инклюзивті волонтерлік қызметке қатысуы өзін-өзі бағалау деңгейін көтереді. Жасөспірімдер өздерінің қоғамға пайдалы екенін сезінеді.
  4. Жасөспірімдердің инклюзивті волонтерлік жобаларға қатысуы, көшбасшылық дағдыларын дамытады. Жасөспірімдер жобаларды ұйымдастыру, топпен жұмыс істеу және шешім қабылдау дағдыларын үйренеді.
  5. Жасөспірімдердің инклюзивті волонтерлік іс-шараларға қатысуы қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінуге көмектеседі. Жасөспірімдер қоғамның әртүрлі мүшелеріне көмек көрсету арқылы өздерінің азаматтық міндеттерін орындайды. Яғни қоғамда әлеуметтік жауапкершілігі жоғары жастар қалыптасады.

 

Қортынды

Инклюзивті волонтерлік жасөспірімдерге қоғамдағы әртүрлілікті қабылдауға және тең құқықтарды қамтамасыз етуге үйретеді. Бұл болашақта инклюзивті қоғам құруға маңызды қадам болып табылады. Инклюзивті волонтерлік жасөспірімдерге әлеуметтік және педагогикалық тұрғыдан үлкен пайда әкеледі. Бұл жасөспірімдердің әлеуметтік жауапкершілігін арттырып, қоғамдағы жеке даралықты қабылдауға үйретеді. Ғылыми-педагогикалық жақтарын ескере отырып, инклюзивті волонтерлік жасөспірімдердің дамуына және қоғамның инклюзивті болашағына үлес қосады.

 

Пайдаланылған дерек көздері

  1. file:///C:/Users/Toshiba/Downloads/305278-Текст%20статті-705194-2-10-20240603.pdf
  2. https://libres.uncg.edu/ir/uncg/f/K_Miller_Teaming_2004.pdf
  3. http://vestnik.adygnet.ru/files/2022.4/7041/74-82.pdf
  4. https://martebe.kz/omirge-degen-khushtarlykhty-ojatatyn-makhala/
  5. Кузина И.Г. Әлеуметтік жұмыс теориясы: Оқу құралы. – Владивосток: ДВГТУ баспасы, 2006. – 230 б.
  6. Возрастно-психологический подход в консультировании детей и подростков: учеб. пособие для студ.высш.учеб.заведений / Г.В.Бурменская, 132 Е.И..Захарова, О.А.Карабанова, А.Г.- М.:Лидерс, 2007
  7. https://oninfo.kz/volonterlik-degenimiz-ne-zh-ne-ol-ne-shin-kerek/
  8. Маслоу А. Самоактуализация // Психология личности. Тексты. – М.: МГУ, 1982. С. 108-117.

https://qazvolunteer.kz/kk/articles/kak-v-16-let-prodvigat-inklyuziyu-cherez-volonterstvo

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *