“Ғарыш әлеміне саяхат”
Бекеева Молдир Бекжоловна
Ашық ұйымдастырылған іс-әрекет: «Ғарышқа саяхат»
Даму дағдылары: Коммуникативтік дағдыларды дамыту. Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту. Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту. Физикалық қасиеттерді дамыту.
Мақсаты: Ғарыш, ғарышкерлер туралы түсініктерін кеңейту.
Сөздік қорларын молайту. Ой-өрістерін, көріп білу қабілеттерін дамыту. Ұжыммен бірлесіп әрекет жасауға тәрбиелеу. Өз ойларын толық жеткізіп, әңгімелеу дағдыларын пысықтау.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, таныстыру, сұрақ – жауап, сергіту сәті, дамытушы ойындар, қимылды ойындар.
Көрнекіліктер: Ғарышкердің, зымыранның, ғарыш кемесінің суреттері, ермексаздан жасалған ғарыш кемесінің үлгісі, суреттер, слайд, үлестірмелі материалдар, ермексаз, тақтайша, сүлгі, таяқша, сары, қызыл түрлі-түсті қағаздар, желім.
ҰІӘ | Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық ой қозғаушы күш | Сәлемдеседі.
Кәне шаттық шеңберін жасап, шаттанып алайық. Шаттық шеңбері Аспанға қарап ай көрдім, Төменге қарап жер көрдім. Оң, солға бұрылып егеменді ел көрдім. Қайырлы таң, қонақтар! Қайырлы таң, достарым! – Балалар орнымызға жайғасып отырайық. Балалар айтындаршы қазір қандай жыл мезгілі? – Көктемде қандай мерекелерді білесіндер? Иә, дұрыс, айтасыңдар! Осы мерекелерден басқа тағы мереке бар. Ол 12- сәуір «Ғарышкерлер күні» Түсіндірме жұмысы: Айға дейін ұшатын, өте биік, ауа көлігі ғарыш кемесі – Зымыран. Зымыранды ғарышкерлер жүргізеді. Ең бірінші ғарышқа көтерілген Ю.Гагарин болған. Зымырандар ұшатын орынды ғарыш айлағы (космодром) деп атаймыз. Біздің Қазақстанда ғарыш айлағы Байқоңыр деген жерінде орналасқан. Ғарышкерлердің бәрі осы жерден ғарышқа ұшады екен. Бұл кісілер еліміздің мақтаныштары. Олар ержүрек, батыр, халық қаһармандары. Осы кісілер сияқты білімді, тәртіпті үлкен азаматтар мен азаматшалар болуымыз керек. Ғарышқа ұшар алдында олар әр түрлі дайындықтан өтіп, арнайы білім алады. Ғарышкерлердің арнайы киімдері бар – ол «скафандр» деп аталады. Біз жер ғаламшарында тұрамыз.
|
Сәлемдеседі.
Өлең жолдарымен қимылдар жасайды.
– Көктем – Аналар күні, наурыз мерекесі
|
Ұйымдасты-рушы ізденуші | (Дыбыс шығады) (зымыранның қонған)
Ғажайып сәт. Ғарышкер кіреді. -Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен ғарышкер боламын. Балалар менімен «Ғарышқа саяхат» жасағыларың келеді ма? Олай болса мына зымыранды құрастырып «Ғарышқа саяхат» жасайық. Тәрбиеші: Дене бөлшектері қандай геометриялық пішіндерге ұқсайды? Олай болса әр бөлшектерін құрастыру үшін түрлі тапсырмалар бар екен. Кәне бірінші бөлшегін кім қояды. 1 тапсырма «Мнемокесте» бойынша ғарышкер туралы өлең жолын құрастырып көрейікші.
2-тапсырма «Сан мен зымыран» Шарты: екі бала шығады, бір бала санда тұрады, ал екінші зымыранда тұрады. Бірінші ойыншы қандай санда тұрса, соның зымыранын табады.
3-тапсырма «Кім алғыр?» Балалар бұл ойын сендердің есте сақтау қабілеттері тексеру үшін. Шарты: үстел бетіндегі суреттерді көріп, естеріңе сақтап оны тақтада іліп шығасыңдар.
4-тапсырма «Кім жылдам?» Шарты: суреттерді тез санап, сол бойынша түтікшені салып, мәреге кедергілерден өтіп, сылдырмақты ұру.
Міне жарайсыңдар балалар зымыранымызды құрастырып шықтық. «Ғарыш әлеміне» ұшамыз. Кәне ендеше «Мен ғарышкер боламын әнін айтып ғарышқа саяхаттап барайықшы. Сергіту сәті: «Мен ғарышкер боламын» әнімен айтамыз. Ғажайып әлемге тап болады. Видео көрсетіледі. (зымырандар беріледі) Ғарышкер зымыранның суретін таратып береді. Балалар топқа қайтып орнымызға отырайықшы. Кәне жаңа ғарыш әлемінде көрген суреттер бойынша маған кім тақпақ айтып береді.
Балалар қолдарыңда тұрған зымыранның қандай түстері түскен кәне кім айтып береді, сол бойынша шығармашылық орталыққа бөлініп жұмыстарын жасаймыз. 1-орталық «Граттаж» тырнау әдісі арқылы ғаламшардың бейнесін шығарамыз. 2-орталық «Зымыран» құрастыру. Ермексаз бен таяқшадан құрастырамыз. 3-орталық «Жұлдызша» бүктеу әдісімен аяқтап жұлдыз құрастырамыз.
|
– Сәлеметсіз бе!
– Иә
– Төртбұрышқа үшбұрышқа
1-бала Көкке самғап ұшамын. 2-бала Ұшқыш болар баламын. 3-бала Соңынан ерем ағаның. 4-бала Ер ғарышкер боламын.
Балалар қызыға ойнайды.
2 ойыншыдан шығып ойнайды. Есте сақтап орындайды.
Балалар жарыса жылдам, тез отырып ойнайды.
Өлең жолына сәйкес қимылдар жасайды.
Зымыран (Айлин) Зымыран зулап ұшты, Аспанда ізі қалды. Басымыз айналып, Қарап тұрмыз таңқалып.
Юрий Гагарин (Заңғар) Бүгін Юрий ағаның, Ұшқан күні ғарышқа. Мен аспанға қараймын, Мен ғарышкер боламын.
Тоқтар Әубәкіров (Бақдаулет) Алтын бесік тербеткен, «Байқоңырдан» аттандың. Ең алғашқы қазақтың, Ғарышкері аттандың.
Орталықтарға бөлініп жұмыстарын жасайды. |
Рефлексивті-түзету |
Қорытынды. Балалар қараңдаршы мына жерде бірнеше зымыранның суреттері ілініп тұр екен. Кәне алып көрейінші. Балалар жай зымырандар емес екен. Бұның ішінде жасырынған құпия суреттер бар екен. «Фонарик» әдісі арқылы құпия суреттер тауып, сол туралы айтып көрейік ия.
Балалар бүгін сабағымыз ұнаса, отшашу шапалағы арқылы көрсетейікші. Сендерге рахмет бүгін керемет білімдеріңді көрсеттіңдер.
|
-Юрий Гагарин тұңғыш ғарышкер -Зымыран -Белка мен стрелка -Қазақтың тұңғыш ғарышкері -Скафандр -Ғаламшар
Қуанып отшашу шапалағын ұрады. |
Күтілетін нәтиже:
Білу: 12- сәуір «Ғарышкерлер күні», Ғарышқа ұшу үшін көп оқу керек.
Түсінуге тиіс: Ғарышқа арнайы ғарыш кемелер ұшады. Зымырандар ұшатын арнайы орны бар, ол ғарыш айлағы.
Істей білу керек: Ғарыш кемесін ермексаздан мүсіндей алуы керек.