ХАЛЫҚТЫҢ ҚАМЫН ОЙЛАҒАН АУЫЛЫНА ЖАНАШЫР АЗАМАТ
ХАЛЫҚТЫҢ ҚАМЫН ОЙЛАҒАН АУЫЛЫНА ЖАНАШЫР АЗАМАТ
Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты Атамекен ауылдық округіндегі “Қазыбек би” атындағы №67 жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары, ауыл биі Талғат Биқожаев білім саласынан бөлек ауылға сіңірген еңбегі ерен азамат. Жемісті ауылдағы мектептің күрделі жөндеу жүргізілуіне, ауылдағы фелдшерлік пункт және спорттық алаңшалар салуынуына атсалысып келеді. Қазір таңда “Қазыбек би ” атындағы №67 мектептің ғимаратының күрделі жөндеуден өткізуге қазынадан 453 млн қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде, мердігер мекеменің жұмысы 2024 жылы қараша айында аяқтау жоспарланған. Ауыл биі, өнегелі ұстаз Талғат Бикожаевтың бастамасына облыс, аудан басшылығы қолдау білдіріп, Жемісті ауылының көркеюуіне, ауыл абаттандырылуына үлес қосты. Елдің ықыласына бөленген, халықтың ризашылығын алған Талғат Бикожаевты келе жатқан ұстаздар мерекесімен құттықтаймыз. Өз кезегінде Талғат Бикожаев аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытовқа,Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлына алғысын білдіреді.