Тәрбие сағаты. «Ана – өмірдің шуағы»
Орынбаева Раушан Нұраханқызы
Тақырыбы: «Ана – өмірдің шуағы»
Мақсаты: Оқушыларға ата – ана алдындағы парыз бен қарыздары туралы түсінік беру. Мейірімділікке, сый – құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.
Көрнекілік:слайдтар, сыйлықтар,ибт, т.б.И НА САЙТ
Түрі: тәрбие сағаты
Барысы:
Жүргізуші: Саламатсыздар ма, құрметті ұстаздар, қыздар сіздерді келе жатқан 8 – наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын, сіздерге зор денсаулық, мол бақыт зор денсаулық тілеймін!
Ана, Ана, Ана!… не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші. Сезім мен қасиетті, бар махаббатпен шапағатты тудырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен бұл өмірде? Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтінен таралған. Сондықтан да құрметті асыл аналар, қадірлі апайлар, қызғалдақ қыздар бүгінгі «Ана – өмірдің шуағы» атты тәрбие сағатымызды сіздердің құрметтеріңізге арнаймыз.
Бүгін – наурыздың сегізі Анасыз жоқ бір үнің,
Сұлулықтың негізі! Әжесіз жоқ бір күнің,
Әдемі сөз – Ұсынамыз бүгін
Адамның Сөздің сұлу шоқ гүлін.
Анаға айтар лебізі.
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген бәйтерегі өмірдің
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ
Ана деген – асыл жаңдар бұлақтай
О адамдар қадірлей біл ананы
Жат қылыққа ақыл – ойды тонатпай
Ана десем сезім білер тым ыстық
Жарасымды адамдарға туыстық
Бар адамға берсе ананың мейірін
Орнар еді бар әлемге тыныштық
Фариза: Бүгін – наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз – Адамның
Анаға айтар лебізі
Жүргізуші: Мама – бұл сөз әр бір халықтың тілінде бар. Барлық тілде мейрімді, жылы естіледі. Ана дегеніміз әлемнің жан дүниесі. Ол тіршілік үлкен тағдыр. Ана сөзі біздің елең еткізбей жылылық пен шуақты сездірмей қоймайды.
Жүргізуші: Әр бір ана өз баласының сүйікті досы, мақтанышы. Бізге әсіресе ананың еңбегі мен ерлігі мақтаныш. Ана махаббаты адамға қанат бітіреді, күш береді, ерлікке рухтандырады.
Нұрым: Анаға арнап ақ тілектер айтар күн,
Әкеге арнап, марапатты бастар күн.
Бүгінгі күн мәңгі есте сақтар күн.
Бүгінгі күн есінде мәңгі жастардың.
Күнсұлу: Дүниенің ең қымбаты ана екен,
Ананың ең тәттісі бала екен.
Түн ұйқысын төрт бөліп тәрбиелеген,
Ананың орыны бөлек дара екен
Балаға ана еңбегі парыз деймін,
Еңбегін өтеу бізге қарыз деймін.
Меккеге апарса да өтелмеген,
Ұрпаққа бұл өсиет аңыз деймін,
Ана мерекесі құтты болсын.
1. «Ассосация» әдісі.
АНА → Асыл жан, мейірімді, қамқоршы, инабатты, сыпайы, ардақты
2. Сұрақ – жауап.
1. Ата – ананың ақысы немен өлшенеді?
2. «Ата – анаңа не қылсаң алдыңа сол келер» дегенді қалай түсінесің?
- Ана туралы өлеңдер мен мақал – мәтелдер .
Жүргізуші:
Ана адамзат мекен еткен жер шарының әр түп жерінде, әр үйде мейірім мен мерейдің достық пен туысқандықтың туын тіккен адам. Адамзат ең алдымен ана алдында қарыздар. Алақаныңа қуырдақ қуырып берсең де, ана борышын өтей алмайсың. Ана парызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды, ана баласының ер жігіт, адам болуын қалайды. Анаға осыдан артық тарту таралғанның жоқ.
Сынып ұлдары қыздарға, аналарына деген ыстық лебіз тілектерін айтып, сыйлық тарын табыс етті.
Қорытынды: Анаға -деген ыстық сезімді үйреніп білді.Соңында оқушылар өз өнерлерін ,ән,өлең шумақтарын,билерін арнайды.