Тәуелсіз еліміздің рәміздері

Шекетасова Жаңагүл Мухтарқызы

Тәуелсіз еліміздің рәміздері

Мақсаты:

Білімділігі: Балаларға ҚР-ның рәміздерімен таныстыру елтаңба,ту,әнұран туралы түсінік қалыптастыру.Туған ел, Отан туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылығы:Сөздік қорларын молайту,байланыстырып сөйлеуге үйрету берілген сұрақтарға жауап беруге үйрету.

Тәрбиелігі:Отан сүйгіштікке баулу,елін,жерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі:Әнұран тыңдау,шаттық шеңбер,түсіндіру,көрсету,тақпақтар айту.сергіту сәті.

Көрнекілігі: рәміздердің суреттері,елбасының портреті

Сөздік жұмыс:Елтаңба, Ту, Елбасы, Әнұран.

Билингвальды компанент:Елбасы-Президент,Жалау-Флаг,Елтаңба-Герб, Әнұран-Гимн.

Жүру барысы:

Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберге шақырады.

Әнұран орындау.(оң қолдарын кеуде тұсына қойып орындайды)

Билингвальды компанент: Елбасы-Президент,Жалау-Флаг, Елтаңба-Герб,Әнұран-Гимн.

Балаларға  туған жеріміз, отанымыз туралы сұрақтар қою.

-Балалар бүгін қандай күн?

-Біз қай Республикада тұрамыз?

-Біздің елбасымыз кім?

-Елордамыз қай қала?

-Біздің ұлтымыз қандай?

-Қай тілде сөйлейміз?

-Біздің елде қандай ұлт өкілдері тұрады?

-Рәміздерге нелер жатады?

Әңгімелесу:

(рәміздер туралы сурет арқылы түсіндіріп көрсету)

Балалар мемлекеттік рәміздер  халқымыздың рухын,ұлттық салт-санасын, кахармандығы мен даналығын,  болашаққа үмітін,арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.

Рәміздерге:Елтаңба,Ту,Әнұран жатады.  Желбіреген аспан түстес байрағымыз  халқымыздың арманын   асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлеміне қалықтатып тұр.

Еңселі Елтаңбамызды сипаттау:

ҚР-ның рәміздерінің бірі елтаңба.

Елтаңбада көгілдір түсті аясында шаңырақ бейнеленген.Шаңырақтан күн сәулесі тәріздес уықтар таралған. Шаңырақпен уық-отбасы негізі,Отанымыздың көптеген ұлттардың бір шаңырақ астында бірлігін көрсетеді.Оң жағы мен сол жағында қанатты қос тұлпар бейнесі бейнеленген.

Елтаңбаның жоғарғы бөлігінде бес бұрышты жұлдызша орналасқан.

Бес жұлдыз –әр бір адамның,халықтың жол нұсқайтынжарық жұлдызы деген мағынаны білдіреді.

Ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген  жазу бар.Ол мемлекетіміздіңатын білдіреді.Осы әсемде ,асқақ елтаңбаның авторлары:

Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уалиханов.

Тұғырлы Туымызды сипаттау:

Балалар мынау ҚР-ның мемлекеттік туы.Туымыздың түсі көк.Көк түс бірлік пен ашық аспанды көрсетеді.Туымыздың ортасында сәуле шашқан күнбейнесі орналасқан.Ол тыныштықпен байлықтың белгісі. Күн астында қалықтап ұшқан қыран құс бейнесі орналақсқан.Ол еркіндіктің,қазақ халқының жан дүниесінің белгісі.Туымыздың сабы бекітілгентұсында қазақтыңұлттық ою-өрнегімен көмкерілген. Бұл ою-өрнек қазақ халқының қол өнер шебер болғанын білдіреді.

Тудың авторы-Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков.

Асқақтаған Әнұранды сипаттау:

Кез  келген мемлекеттік рәміздердің ең бастысы-Әнұран. Әнұран мемлекеттің салтанатты әні

Әнұранды түргеліп,жүректің тұсына қолдарын қойып айтады.Бұл өз мемлекетіне деген құрметті көрсетеді.

Әнұранның авторы:Шәмші Қалдаяқов,сөзін жазғандар: Жұмекен Нажмеденов,НұрсұлтанНазарбаев.

Рәміздер туралы тақпақтар айту:

  1. Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы

Оны халық қашанда

Аспанға іліп қояды

2.Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбат,әдемі

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі

3.Әнұраны елімнің

Шақырады бірлікке

Егеменді халқымның

Болашағы бірлікте

Ән: «Отаным менің»

Сергіту сәтін жасауға шақырады. Сергіту сәті.

Жоғары қарап күн көріп

Төмен қарап жер көрдім

Оңға қарай бұрылып

Солға қарай бұрылып

Егеменді ел көрдім.

Қорытындылау:

-Балалар бүгінгі оқу қызметімізде не туралы әңгімелестік?

-Тәуелсіз еліміздің рәміздері туралы айттық.

-Еліміздің рәміздерін атаңдар?

-Рәміздерді қалай құрметтеуміз керек?

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *