Менің арманымдағы журналистика
Ыбырай Ақерке Сержанқызы
Менің арманымдағы журналистика
Армансыз пенде болмасы анық.Мамандық таңдау-адам өміріндегі маңызды шешімдердің бірі.Бір рет таңдалған мамандығыңмен өміріңнің соңына дейін ғұмыр кешесің.Мамандық таңдау барысында жас түлек өз қызығушылығы мен қабілетіне қарай таңдау қажет.Мамандық таңдау-тағдырыңды таңдау десек қателеспейміз.
Ал мен армандаған мамандық-журналист.Бұл таңдауымның түп тамыры тереңде жатыр.Журналистика менің өмірімде ерекше орын алады.Өйткені ол қоғамды өзгертуге,билік пен халық арасында алтын көпір болуға мүмкіндік береді.Журналист болу арқылы мен өз білімім мен тәжірибемді пайдаланып,маңызды мәселелерді қозғап,ақпараттың ақ,қарасын дәлелдеп,дұрыс әрі дәл берілуіне өз үлесімді қосқым келеді.
Журналист болу арқылы мен қоғамның алдында тұрған проблемаларды көріп,сол проблемаларға шешім табуға ықпал еткім келеді.Журналистиканың бір маңызды тұсы-қара халықтың айқайын жеткізу.Әсіресе қоғамның аз қамтылған немесе назарсыз топтардың мәселелерін көтеру маңызды. «Шындықтың шырағы сөнбейді» демекші үкімет пен халық арасындағы қарым қатынастың шындыққа негізделгенін қалаймын.
Сонымен қатар,журналистикада креативтілікте маңызды рөл атқарады.Жинаған ақпаратың,көтерген мәселең халыққа қызық болуы тиіс деп ойлаймын.Тақырыпты ерекше көзқараспен қарау,ақпаратты көрнекі және түсінікті түрде жеткізу журналист үшін маңызды деп есептеймін.Менің шығармашылық қабілеттерім мен алған білімім осы салада жетістікке жетуге мүмкіндік береді.
Ең алдымен менің тілге деген махаббатым мектеп табалдырығынан басталды.Менің қазақ тіліне деген сезімім ерекше болды.Содан бастап пән олимпиадасы,эссе байқауы,пікірсайыс турнирлерінен қалмайтын.
Ал журналист мамандығына деген қызығушылық жеткіншек кезімнен басталды.Әкем жұмыстан келе сала кешкі жаңалықтарды тамашалайтын.Жаңалықтардың басталуын ести сала теледидар алдына отыра кететінмін.Сол қызығушылығымды байқаған ата-анам,мені 12 жасымнан дебат үйірмесіне қатыстырды. Қазақ тілінде еркін,таза сөйлеуім үшін кітапты көп оқи бастадым.Соның арқасында қазіргі таңда ойымды еркін әрі түсінікті жеткізе аламын.
Нағыз журналист еңбекқор болуы қажет деп ойлаймын.Себебі еңбек пен маңдай терсіз жетістікке жету мүмкін емес. Тау-тас та,дауыл да,жаңбыр да,соғыс болып жатқан жерде болсын журналист халыққа ақпарат жеткізіп отыруға міндетті деп есептеймін.
Мен журналистика саласында Бейсен Құранбек пен Асаубек Айымбетовты үлгі тұтамын.Бейсен Құранбектің халыққа деген жанашырлығы,қарапайымдылығы ұнайды.Ол тәуелсіз,азат ойлы журналист.Экран алдына шыққаннан дүйім жұртты өзіне қарататын.Асаубек Айымбетовтің жаста болса камера алдында өзін ұстауы,дикциясына қайран қаламын.Болашақта осы тұлғалардың жолын қуып,Лев Гумилев атындағы Еуразия университетіне оқуға түскім келеді.
Қорытындылай келе,журналистика оңай сала емес.Қаншама еңбек пен терді талап етеді.Журналист болу мен үшін тек кәсіп емес,сонымен қатар қоғамға қызмет көрсету,шындықты іздеу және адамдарға әсер ету мүмкіндігі.Журналистика арқылы мен тек Қазақстанды ғана емес,әлемді жақсы жаққа өзгертуге өз үлесімді қосуға тырысамын.