Әр адамға өнер тән, өнерлінің ісі сән

Мейрамбек Махаббат

Технология пәнінен алған білімдерін

жүйелеу, оқушылардың өнерге деген

сүйіспеншілігін арттыру, еңбекке деген шеберлігі

мен икемділігін қалыптастыру, ұлтымыздың

ертеден келе жатқан салт – дәстүрімен таныстыру

қазақ халқының өнерін дәріптеу, шығармашылық

қабілеттерін дамыту, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Дәстүрден тыс сайыс сабақ

Жүргізуші:

Қайырлы күн, құрметті әріптестер!

«Білім – асыл қазыналы сандық, оны ашатын кілт – еңбек». Бүгінгі заман талабына сай адам сегіз

қырлы бір сырлы болуы керек. «Үйрету – үлкеннен, үйрену – кішіден» демекші, өткеннің өнегесін,

дәстүрдің татымдысын сабақ үстінде бала бойына сіңіру әрбір ұстаздың міндеті. Олай болса «Әр

адамға өнер тән, өнерлінің ісі сән» тақырыбында өткелі отырған сыныптан тыс шараға қош

келдіңіздер.

«Өткірдің жүзі, кестенің бізі,

Өрнегін сендей сала алмас.

Білгенге маржан, білмеске арзан,

Надандар баһара таба алмас»- деп ұлы Абай атамыз айтқандай, іскер, он саусағынан өнер таматын

шәкірттерді тәрбиелеу – біздің міндетіміз бола бермек. Ендеше, сіздердің алдарыңызға бастауыш

сынып оқушыларынан құралған өнерлі де шебер, епті де ісмер топтарды ортаға шақырамыз.

Қошеметпен қарсы алайық!

Жүргізуші: Өнер, білім, өнеге тұнған дарын,

Өнерліге өз басым таң қаламын.

Өнерді әділдікпен бағалайтын

Таныстырайын әділқазы алқаларын

Әділқазы мүшелері:

_______________________________________________________________________________________

Ән «Айгөлек»

I – сайыс «Атымда менің сырым бар» (топтардың өзін – өзі таныстыруы)

II – сайыс: «Тапқыр болсаң, тауып көр» (бейне сұрақ)

«Білекті бірді жығады,

Білімді мыңды жығады.

Инемен құдық қазғандай

Білімнің шыңына шығады, – дей отырып, кезекті «Сұрақ – жауап» сайысына береміз. Ендеше, экранға

назар аударайық.

Сұрақтар:

1. Композиция дегеніміз не?

Қағаз бетінде суреттің барлық бөліктерін ойлаған тақырыпқа сай, әсерлі етіп орналастыру

2. Аппликация деген не?

Жапсырма деген ұғымды білдіреді. Әр түрлі пішіндерді қағаз не мата бетіне желімдеп жапсыру

арқылы бір заттың бейнесін жасау.

Конструктор деген не?

Екі түрлі ұғымы бар: – құрастыруға арналған бөлшектер жиынтығы;

– қандай да бір құрылымның конструкциясын жасайтын маман.

4. Мозайка туралы не білесің?

Шыны, ұсақ ас, мата, қағаз, ермексаз, керамика, пластмасса

қалдықтарынан құрастырылған картина, бейнелі сурет.

5. Оймақ туралы не білесің?

Іс тіккенде инені материалға кіргізу үшін және инені қолға

шаншып алмау үшін саусаққа киілетін қатты қалпақша.

Оймақты көбіне әжелер қолданады.

6. «Оригами» деген не?

Қағаздан жасалған пішіндерді құрастырудың жапондық

өнері.

7. Табиғи материалдар қандай болады? Ағаштан және

өсімдіктен алынатын материалдар қандай болып келеді?

Табиғи материалдар өте көп. Олар: жапырақтар, дәндер,

өсімдік сабақтары, ағаштың бұтағы, тамыры, безі, қабығы

және тағы басқалар. Ағаштан жасалған материалдар қатты,

өсімдіктен жасалған материалдар жұмсақ болып келеді.

8. Мақтадан не алынады? Мақта Қазақстанның қай облысында өсіріледі?

Мақтадан мата алынады. Мақта Оңтүстік Қазақстан

облысында өсіріледі.

Жұмбақтар

1 Қимылдаса қос шебер,

Қыруар – қыруар іс өнер (қол)

2. Бар екен дүниеде жалғыз көзді,

Сол көзбен дүниенің бәрін кезді

Әлемді он сегіз мың киіндіріп,

Дүниеден жап – жалаңаш өзі безді. (Ине)

3. Екі тышқан бірлесіп,

Қиып, пішіп береді.

Екеуі бірге жүрмесе

Жоқ қой бізге керегі (Қайшы)

4. Бір шұңқыр,

Бір шұңқыра мың шұңқыр (Оймақ)

III – сайыс. Мақалды жалғастыр

Жүргізуші: Мақал – мәтел – сөз мәйегі, тілегі,

Әр сындарда асыл сөздің тірегі.

Қарапайым қазақ тілі – өз тілім,

Өз тілімде бұлқынады жүрегім.

Ата дәстүр абырой көтергенге,

О, бұл сөздер сүйектен өтер демде,

Тоқталамыз енді біз, ал халайық,

Қанатты сөз, мақал мен мәтелдерге.

1. Өнерлінің он саусағы тең, (Өнерсіздің бір саусағы кем).

2. Өнер іздеген өсер….. (Өсек іздеген өшер)

3. Ата көрген оқ жонар, (Шеше көрген тон пішер)

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *