Бруцеллез-қауіпті дерт
Совет Гүлім
11-сынып оқушасы
Бруцеллез деген не?
Бруцеллез – Brucella туысына жататын және ауыл шаруашылық малдарының алты түрлі
бактериялар қоздырушылары. Ауыл шаруашылық малдарының ішінде ұсақ малдар (қой,
ешкі) арасында кездесетін Brucella melitensis түрі өте қауіпті және жұқпалы дерт.
Бруцеллез ауруының алғашқы белгілері қандай?
Бруцеллез ауруының алғашқы байқалатын клиникалық белгілері – буаз малдардың жаппай
түсік тастауымен басталады. Осындай клиникалық белгілерді мал дәрігері негізге ала
отыруы қажет, себебі сыртқы ортаға түсік арқылы шыққан бруцелла қоздырғыштарының
уыттылығы мен залалдылығы өте жоғары деңгейде болады.
Бруцеллез ауруы қалай адамға жұғады және одан қалай сақтану керек?
Бруцеллезбен ауырған малдан адамға ауру әр түрлі жолдармен беріледі. Залалданған
құрал-жабдықтарды пайдалану арқылы, қойдың жүнін қырқу, мал сою, жаппай мал
төлдету кезінде, мал терісін өңдеу барысында және де басқа да жағдайлар кезінде, яғни
шикі азық-түліктерді пайдалану арқылы қоздырғышты жұқтырып алуы ықтимал. Сонымен
қатар малдармен тығыз байланыстағы адамдардың жеке басты гигиенасы да толық және
мұқият сақталуы қажет. Әсіресе мал төлдету науқаны кезінде сақтық шараларын қатаң
сақтай отырып, арнайы киімдер мен резина қолғаптар, етіктер, халаттар және
фартуктермен толық қамтамасыз етілуі қажет.Өте жұқпалы бруцеллез ауруын болдырмау үшін аталмыш аурудан таза
шаруашылықтарды және де басқа елді мекендердегі мал иелері мына төменде келтірілген
талаптарды міндетті түрде орындаулары қажет: шаруашылықтан мал шығарып әкелу және
шаруашылық ішінде сұрыптау, бөліп-қосу, іріктеу жұмыстарын жүргізу тек қана мал
дәрігерінің қатысуымен істелуі тиіс. Ал аурудан таза шаруашылықтарынан әкелінетін
малдардың анықтамалары түбегейлі тексеріліп, нұсқауға сәйкес мал бір айлық бақылауда
болуы қажет. Бақылау кезінде малдардан қан алынып, арнайы зертханаларға
серологиялық реакциялармен тексеруден өткізіледі. Барлық тексерулер нәтижесінде,
белгілі мерзім өткен соң, жалпы мал отарына не табынына шаруашылықтың бас мал
дәрігері рұқсат бергеннен кейін ғана қосуға болады.
Бүгінгі күні облыста 1 300 000-ден астам ірі қара, қой малын бруцеллезге қарсы
зерттеу қарастырылған. 165 000 ірі қараға вакцина салынды, 860 сиырдан
бруцеллез ауруы оң нәтиже анықталды және 15 қой-ешкіден жұқпалы індет
табылды. Анықталған малдар санитарлық союға жатады, ол патологиялық
өзгеріске ұшырамаса, ет өнімін сатуға рұқсат етіледі. Ал, негізі бұл малдар қайта
өңдеуге өтеді, шұжық және басқа да тамақтар жасауға жіберіледі. Қайта өңдеуге
жіберілсе, оның 30%-ын өтемақысы Үкімет тарапынан, қалған 70%-ын сол
кәсіпорын береді. Жоспар бойынша барлық жұқпалы індеттерге қарсы іс-шаралар
жүзеге асырылуда. Айта кететін жайт, еліміздің бірқатар аймағында су тасқынынан
өлген малдардың еттері сатылуда деген ақпарат тараған еді. Елімізде жағдай
тұрақты, ақпарат шындыққа сай келмейді. Жануарлардан алынатын шикізат пен
өнімдер ветеринариялық-санитарлық сараптамасыз сатуға тыйым салынған. Облыс
бойынша қазір ешқандай қауіп жоқ, жағдай тұрақты, бруцеллез анықталған
елдімекендерде шектеу қойылған. Сонымен, өңіріміздегі жұқпалы ауруға қарсы
жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ветеринариялық мамандар аймақтағы барлық
малдарға шамамен бір ай көлемінде барлық төрт түлікке вакцина салуды көздеп
отыр.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718