“Алаш” ұлттық идеясының тұжырымдамалық негіздері. “Алаш” қозғалысы және қазақ революционер-демократтарының саяси көзқарастары.

Абдикалыкова Ғалия Жолдыбаевна

 

Алматы мемлекеттік жаңа технологиялар колледжі

Алматинский государственный колледж новых технологий

               

    Келісілді/Согласовано

Әдіскермен/ с методистом

_________________ А.К.Калауова

«   » сәуір/апрель2022 ж/ г.

 

             Бекітемін / Утверждаю

Директордың ОІ жөніндегі орынбасары

Заместитель директора по УР

_________________Е.А.Передерий

«   » сәуір /апрель 2022 ж/ г.

 

 

(теориялық немесе өндірістік оқыту)

ОҚУ САБАҒЫНЫҢ  ЖОСПАРЫ

ПЛАН УЧЕБНОГО ЗАНЯТИЯ

(теоретического или производственного обучения)

 

Сабақ тақырыбы/Тема занятия: Тақырып 7.4 “Алаш” ұлттық идеясының тұжырымдамалық негіздері. “Алаш” қозғалысы және қазақ революционер-демократтарының саяси көзқарастары.

 

 Модуль /пән атауы /Наименование модуля /дисциплины: ЖБП-07 Қазақстан тарихы

Педагог: Абдикалыкова Ғ.Ж

Күні/ Дата  25.04.2022 жыл.  кабинет :    кітапхана

Өткізілетін уақыты/время проведения: сағат 13.10

 

1.Жалпы мәліметтер / Общие сведения:

Курс:  1                           топ/группа: РТ-11

Сабақ типі/ Тип занятия: аралас сабақ

 

  1. Мақсаты, міндеттер/ Цели, задачи:

2.1 Сабақтың мақсаты (оқыту нәтижесі/результат обучения): “Алаш” қозғалысы және қазақ революционер-демократтарының саяси көзқарастарын сипаттайды;

2.2. Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі/ Перечень профессиональных умений, которыми овладеют обучающиеся в процессе учебного занятия (бағалау критерийлері /критерии оценивания): “Алаш” ұлттық идеясының мәнін ашады және тарихи фактілермен негіздейді.  

2.3. Тілдік мақсаттары / Языковые цели:  тақырыпқа байланысты  терминдермен жұмыс жүргізіледі.Алаш , алаш қозғалысы , петиция, панисламизм, жәтидизм, пантюркизм, ұлтшылдык, либералдық демократия, марксизм ,революциялық демократия , идеология, Қазақ  газеті,  Конституция, ақпан революциясы, автономия, федерация, Алаш партиясы. Қосымша 1

2.4. Құндылықтарды дамыту / Воспитание ценностей: Өткен тарихына құрметпен қарау, еліне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру арқылы «Алаш» идеясының құндылығын  бағалау.

2.5. Пән аралық байланыс / Межпредметная связьдүниежүзі тарихы 3.Бөлім. / Раздел 3. Мемлекет, соғыс және революциялар тарихынан, әдебиет.

  1. Сабақты жабдықтау/ Оснащение занятия:

3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер/Учебно-методическое оснащение, справочная литература: З.А.Джандосова. Қазақстан тарихы. 11 – сынып: Мектеп, 2019, Тарихи тұлғалар / Құраст. Б.Тоғысбаев, А.Сужикова.- Алматы: Алматы кітап баспасы, 2012.- 384б.

3.2 Техникалық жабдықтар, материалдар/ Техническое оснащение, материалы: https://www.youtube.com/watch«Ұлы Дала Алаш Автономиясы»,
«Ұлы Дала Түркістан автономиясы» www.youtube.com › watch, презентация «Ұлт- тұлғалары»

  1. Сабақтың барысы/ Ход занятия:

4.1 Ұйымдастыру кезеңі /Организационный момент.!) (2 минут)

Сәлемдесу.  Көңіл күйлерін сұрау.Сабаққа қатысуын тексеру.

4.2 Ынталандыру және жаңа тақырыпты хабарлау/ Мотивация и объявление новой    темы.(3 минут) 555 минут «Қазақтың байырғы жерін қашан қазақтар өз бетінше ғылым мен техникаға сүйеніп толық игермейінше, жер жекеменшікке де, қоныстанушыларға да берілмейді».Ә. Бөкейхан

  1. Бұл пікірмен келісесіздер ме ?
    2. «Алаш» ұлттық идеясы тұжырымдарының бірі неліктен жер мәселе? Осы пікірлерді келтіріп ой бөлісу.

 

4.3 Білім алушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру/ Проверка  знаний и умений обучающихся.Топпен жұмыс . Қалай ойлайсыңдар? (10 минут)

1.«Зарзаман ағымының ақындарынан кімдерді білесіздер?.

2«Зарзаман» aғымы ақындарының негізгі тақырыптары қандай?

3.«Зарзаман ағымының ақындарынан кімдерді білесіздер? белсенді, әлде самарқау өмірлік позицияны иемденді ме?

4.19 ғасырдағы  қазақ ағартушыларынан кімдерді білесіздер?.

5.19 ғасырдағы  қазақ ағартушыларының қоғамдық саяси көзқарастары неде еді?

  1. «Бай болғың келсе – кәсіпті үйрен. Уақыт өте келе байлық таусылады, ал білім таусылмайды». Абай Құнанбаев . Осы сөздің мағынасына мән беріңіз:

– отаршылдық саясатқа қатынасын анықтайды;

– өз халқының жағдайын жақсартуға қатысты  арман ойларына баға береді.

-қазақ ағартушыларының қоғамдық-саяси ойдың дамуына қосқан үлесін бағалайды.

4.4 Жаңа тақырыпты түсіндіру/  Изучение нового материала. (15минут)

Тілдік мақсаттарға берілген тірек сөздерге оқытушы анықтама беріліп түсіндіреді. Ойының дәлелдігіне студенттердің   қызығушылығын арттыру үшін бейне сюжет көрсетіледі. «Ұлы Дала Түркістан автономиясы».  (2 минут)

Топпен жұмыс.1.Анықтамалық сөздіктер дәптерге көшіріледі.

Жеке  жұмыс. 2.Картамен жұмыс. Қазақ мемлекеттілігінің территориясын  картадан  белгілеп  астаналарын көрсетеді. (2 минут)

  1. Алаш автономиясы——–.

2.Түркістан автономиясы———

3.Қырғыз Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы——————–

4.Қазақ Автономиялы Социалистік Кеңестік Республикасы————————–

3.Жеке  жұмыс.( білім деңгейіне қарай). Кітапты пайдалана отырып,  берілген 92-109 беттегі тақырып бойынша хронологиялық кесте толтыру беріледі.(10 дата жазу)  (5 минут)

Оқытушының сөзі: Шығармашылықпен ізденістеріңді дамыту мақсатында үйге дайындалуға жеке тапсырмалар берілді . сол бойынша жұмыс жүргізейік. (25 минут)

  1. XX ғасырдың бас кезіндегі либерал- демократтардың саяси қызметі.
  2. Әлихан Бөкейханның(1866-1937) қоғамдық- саяси көзқарастары.

3.Ахмет Байтұрсынұлының (1873-1937) қоғамдық- саяси көзқарастары.

  1. Барлыбек Сыртановтың (1866-1914) қоғамдық- саяси көзқарастары

Білуі керек ойлар:

-Қазақ мемлекеттілirінің даму жолдары туралы ұлттық зиялылардың қоғамдық- саяси көзқарастарын салыстырады;

-Қазақстандағы қоғамдық -саяси ойдын дамуына тарихи қайраткерлердің қосқан үлесін бағалай алады;

– Әлихан Бөкейханның қоғамдық- саяси көзқарастарын  талдай алады;

-Ахмет Байтұрсынұлының  қоғамдық- саяси көзқарастарын тұжырымдай алады;

– Барлыбек Сыртановтың  « Қазақтар елі  » Жарғысымен таныса алады.

2.Бейне сюжет «Ұлы Дала Алаш автономиясы».2 минут

 

  1. Жеке жұмыс.Алаш зиялыларының нақыл сөздері сыр шертеді .   Алаш зиялыларының нақыл сөздерінен   студенттер жеке ой бөліседі. (5 минут)

Белсенді әдісі: «Конверттегі сұрақтар»

1.Оқу құралының ең ұлығы – бала оқытатұғын кітап. Ахмет Байтұрсынұлы

2.Біз әуелі елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз.. Ахмет Байтұрсынұлы

  1. Алыспаған, жұлыспаған бостандық атына мінбейді, бұғаудан босамайды, ер құлдықтан, әйел күңдіктен шықпайды, малына да, басына да ие болмайды! Әлихан Бөкейхан
  2. Азаттық таңы атты! Тілекке құдай жеткізді! Күні кеше құл едік – енді бүгін теңелдік! Әлихан Бөкейхан

5.Қазақтың оқыған азаматтары, қазаққа осындайда қызмет етпегенде қашан қызмет етіп пайдамызды тигіземіз?! Әлихан Бөкейхан

6.Көзiңдi аш, оян, Қазақ, көтер басты,

Өткiзбей қараңғыда бекер жасты.

Жер кеттi, Дiн нашар боп, Хал қараң боп,

Қазағым ендi жату жарамас-ты. Міржақып Дулатұлы

7.Дос емес дос сыртынан жамандаған. Міржақып Дулатұлы

8.Жалғыз білім үйретуге емес, біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру керек. Міржақып Дулатұлы

9.Білімдіден не пайда білгенін көпке айтпаса, үйреткеннен не пайда.. Ахмет Байтұрсынұлы

10.Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады. Міржақып Дулатұлы

4.5 Жаңа білім мен дағдыларды бекіту/  Закрепление новых знаний и умений.. (5 минут)

  1. «Қазақ Елі Жарғысының» авторы кім?( Барлыбек Сыртанов )
  2. “Қазақ” газеті қай жылдары ашылды? (1913-1918)
  3. «Оян, Қазақ!» кімнің өлеңі?( М. Дулатов)

4.Алаш партиясының жетекшілерінен кімдерді білесіздер?

Студенттердің білімін бағалаймын.. . . . .

  1. 5. Сабақ бойынша рефлексия/Рефлексия по занятию: (5 минут)

– Менің бүгінгі сабақтан түйіндегенім . . . . . . . . .

– Маған қызық болды: . . . . . . .

-Менің түсінбеген жерім . . . . . . . .

  1. Үй тапсырмасы/Домашнее задание. З.А.Джандосова. Қазақстан тарихы. 11 – сынып Мектеп, 2019, 16-17 тақырып.230-236 бет.  Тапсырма соңындағы сұрақтарға жауап жазу. Чек парақ № 7.4-орындау.

 

 

«Қоғамдық және экономикалық пәндер» ӘЦК  қаралып, мақұлданды

Рассмотрена и одобрена на заседании ЦМК

«Общественных и экономических  дисциплин»

« » сәуір  /  апрель 2022 ж/г. Хаттама/Протокол  №  7

ӘЦК төрағасы              _____________/Исабаева Ж.Т./

Председатель ЦМК

 

Қосымша 1

 

Сабақ тақырыбы/Тема занятия: Тақырып 7.4 “Алаш” ұлттық идеясының тұжырымдамалық негіздері. “Алаш” қозғалысы және қазақ революционер-демократтарының саяси көзқарастары.

Анықтамалық сөздіктер.

Петиция (лат. petitio – сұрау) – ұжымдық үндеу (талап, тілектер, өтініштер). Мемлекет басшысына немесе жоғары өкімет органына көпшілік атынан тапсырылатын жазбаша өтініш.

Панисламизм – XIX ғасырдың соңында пайда болған, мұсылман реформаторы Джемал ад-Дина ал-Афгани (1839– 1897) есімімен байланысты идеология және қозғалыс;Панисламизм – бұл діни және саяси идеология, ол келесі идеяға негізделеді: әлеуметтік, ұлттық және мемлекеттік қатынастарға қарамастан бүкіл әлемдегі мұсылмандардың рухани бірлігі; және оларды жоғарғы рухани басшының билігімен саяси бірігу қажеттілігі туралы.

Пантюркизм – түркі халықтарын бірлікке, өзара байланыстарын нығайтуға үндейтін қоғамдық-саяси ағым. XX ғ. басында саяси доктриналардың және саяси көзқарастардың жүйесінде пайда болған діни-саяси идеология.

 Жәдитизм-ХІХ-ғасырдың аяғы мен ХХ-ғасырдың басындағы ұстанған бағыты ғылым мен білімнің көзі исламға бет бұру және оны жаңаша серпілту («жәдитшілдік») жолы еді. «Жәдитшілдік» араб тілінен енген, жадид ‒ жаңа, жаңашыл деген мағынаны білдіреді Исмаил Гаспринскийдің жәдидтік идеясын ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы қолдап, оны өзінің жаңа қазақ жазуын жазуда пайдаланады. Біз оны Ахметтің 1912 жылы Орынбор қаласында басылып шыққан «Оқу құралы» атты кітабынан көре аламыз.

Ұлтшылдық– «ұлттық идея» мен  «ұлттық сана- сезім» түсініктерін дін және діни сана-сезім түсініктерінен бөлектеуді талап  ететін ағым

Либерализм (лат. liberalis – «еркін») — ең жоғарғы құндылық әрі басымдық ретінде жеке еркіндікті ұстанатын идеология Либерал-демократтардың мұраты конституциялық мемлекет кұру болып табылады. Мұнда зан үстемдік етеді, халық билігі (демократия) еpікті сайлаудың көмегімен жүзеге асырылады, негізгі құқықтар мен бостандықтарға кепілдік беріледі».

Идеология (гр. идса – ой, пікір, идея + логос – сөз) – ілім, қоғамдық сана.

Марксизм – бұл таптық күреске байланысты пролетариат төңкерісі болатындығын түсіндіретін саяси идеология XIХ ғасырдың екінші жартысы – XX ғасырдың бірінші жартысындағы дүниежүзіндегі ең танымал идеологиялардың бірі- марксизмнң негізгі идеясы жекеменшікті жою мен тапсыз коммунистік қоғам кұру болып табылды.

Революциялық демократиялық ағым– социализм  құру идеясын  ұстанды.

Пантюркизм- Түркияның басқаруымен түркі мұсылман халықтарының бipігyi (батыс империализміне бірігіп тойтарыс беру) болып табылады. Панисламдық және пантүркілік идеялар жәдиттік баспасөзде ұштасып кетті, бұл Ресей империясы мұсылмандарының «оянуы» үшін көп нәрсе істеді.

Алаш қозғалысы – ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс.

Ақпан революциясы- 1917 ж. 27 ақпанда (12 наурыз) Ресей империясында патша өкіметін құлатып, елде буржуазиялық-демократиялық республика орнатқан төңкеріс. Уақытша үкіметі пайда болса, екінші жағында жұмысшы және солдат депутаттарының мүддесін көздейтін Кеңестер құрылды.

“Қазақ” газеті (1913-1918 )жылдары Орынбор қаласында жарияланып тұрған қоғамдық-саяси және әдеби-мәдени басылым. Газет рәміздік-бейне ретінде киіз үйді ұсынды. Бұл — қазақ ұлты деген ұғымды берді.Оның түндігі батыстан ашылып, есігіне «Қазақ» деп жазылды. Мұны түсіндірген ұлт зиялылары «қазақ ішіне Еуропа ғылым-өнері таралсын, „Қазақ“ газеті қазақ жұртына әрі мәдениет есігі, әрі сырт жұрт жағынан күзетшісі болсын» деп жазды.«Қазақ» газетін шығаруды ұйымдастырушы, редакторы — Ахмет Байтұрсынұлы

Автономия – (грекше: autos – өзі, nomos – заң, тәуелсіздік) – мемлекет аумағында жинақы, топтасып өмір сүретін әлеуметтік қауымдастыққа берілетін ішкі өзін-өзі басқару мүмкіншілігі немесе мемлекеттік билікті өзінше жүзеге асыру

Түркістан Автономиясы немесе Қоқан автономиясы — Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28 қарашада Ресей мемлекеті құрамында құрылған автономиялы мемлекет.

Алаш партиясы.1917-1920 жылдың сәуір айында қазақ сьезінде партия қабылданып, сол жылдың шілдеде партия құрылды. Басшысы  Әлихан Бөкейхан.Негізін салушы Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы Мүшелер саны 200 мың.ҰраныОян, қазақ! “Алаш” сөзі – түркі тілдерде қандастар, бауырластарды білдіреді. Кейбір деректер бойынша, Алаш – қазақ сөзінің синонимі болып саналады. Яғни қазақ сөзі мен Алаш сөзі, екеуі де еркін, азат адам дегенді білдіреді. Қадырғали Жалайыр өз еңбегіндерде, қазақтарды белгілеу үшін Алаш сөзін қолданған

Алаш автономиясы  (1917—1920) — 20 ғ. басында қазіргі Қазақстан Республикасы жерін мекендеген қазақ республикалық мемлекеті. 1917 ж. 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында өткен 2-жалпықазақ съезінде жарияланған қазақ халқының ұлттық-территориялық мемлекеттігі

Қырғыз Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы — 1920 жылдың 16 маусымында РКФСР құрамында құрылған автономиялы қазақ республикасы.Республика орталығы — Орынбор қаласы

 Қазақ Автономиялы Социалистік Кеңестік Республикасы

1925 жылы ҚазАКСР орталық атқару комитетінің төрағасы “қырғыз” деген атауды “қазақ” деген атаумен алмастыру туралы қаулысымен Қазақ АКСР-ы деп аталынды.

ҚазАКСР-ның әкімшілік орталығы – алдымен Қызылорда (1925—1927), кейіннен 1927 жылдан бастап Алматы қаласына көшірілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 2

Тақырыпқа байланысты   тест тапсырмалары:

 

1.1920 жылы В. И. Лениннен ұлттық мемлекеттік статус беруін талап еткен қазақ зиялылары:

  • Т. Рысқұлов, А. Байтұрсынов
  • Ә. Бөкейханов, М. Шоқай
  • С. Сәдуақасов, М. Дулатов
  • С. Мендешов, А. Розбақиев

 

  1. А. Байтұрсынов пен М. Сералин қай аймақты республика құрамына қосу қажеттігін дәлелдеді:
  • Павлодар
  • Ақмола
  • Орынбор
  • Қостанай

 

3.1926 жылы халық санағы бойынша қазақтар республика халқының неше пайызын құрады:

  • 91%
  • 61,3%
  • 54,2%
  • 78%
  1. А. Байтұрсынов 1910 жылы сенімді серіктері Ә. Бөкейхан, М. Дулатұлымен бірігіп шығарған тұңғыш жалпыұлттық газеті

 

  • «Дала» газеті
  • «Қазақ» газеті
  • «Қырғыз» газеті
  • «Уезд» газеті

5.А. Байтұрсынов И.А.Крыловтың мысалдарын қай жылы, қандай атпен басып шығарды?

  • 1940 жылы, «Аңыздар»
  • 1995 жылы, «Ертегілер»
  • 1909 жылы, «Қырық мысал»
  • 1995 жылы, «Қырық мысал»

6.Ахмет Байтұрсынов «Қазақ» газетін ұйымдастырған қала атын белгілеңіз.

  • Орынбор
  • Орск
  • Орда
  • Омбы

 

  1. 7. М. Шоқай қандай идея ұсынды?
  • Ұлы Түркістан мемлекетін құру
  • Алаш партиясын құру
  • тәуелсіз ел болу
  • ешқандай идея ұсынған жоқ
  1. 8. «Оян, қазақ!» кімнің өлеңі?
  • А. Байтұрсынов
  • Ж. Молдағалиев
  • М. Дулатов
  • М. Жұмабаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

16-тақырып.VII тарау. «АЛАШ» – ҚОҒАМДЫҚ ОЙ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ

«Алаш» ұлттық идеясының тұжырымдамалық негіздері.

      Ұлттык зиялы қауымның саяси жене идеологиялық күрес аренасына шығуы.

ХX ғасырдың бас кезінде Қазақстанда ұлт-азаттық қозғалыс сапалық жаңа кезеңге шықты. Ол уақыты жағынан «Азияның оянуымен» сәйкес келді және еуропалық отаршыл державалардың азиялык елдерді кіріптарлыкқа түсіруімен жене азиялық халықтардың отарлыққа наразылығының өсуімен, сондай-ақ еуропалық елдерден әскери, техникальқ. экономикалык, саяси және әлеуметтік тұрғыда артта қалуымен байланысты тарихи үрдіс барысында дайындалды. Бүкіл Азия бойынша халықтың ауқымды бұқарасы өз наразылығын шаруалардың бытыраңқы бүліктерімен, діни ұрандармен өткен қозғалыстармен және «халықтық ашу-ызаның» стихиялық дүмпуімен білдіруін жалғастырды. Бұл бой көрсетулердің барлығы үшін отарлықтың алдындағы өткен уақытқа, мінсіз, ішінара мифтік дүниеге қайтып оралуға ұмтылу тән болды. Қазақстанда хан билігінің жойылуы, бұрынғы құрылысты «қирату» мен жерлерді казак және шаруалық отарлау үшін басып алу қазақ көшпелі қоғамының әлеуметтік-экономикалык дағдарысына, көптеген қазақтардың кедейленуіне, тоқырауға, әлеуметтік енжарлыққа әкелді. Мұндай жағдаятта саяси және идеологиялық күрес аренасына ұлттық зиялы қауым- еуропалық білім алған қазақ патриоттарының жаңа тобы шықты. Зиялы қауым өз міндетін, біріншіден, халыкты ағартудан (осындай ағартушылық өтіп жатқан әлеуметтік кұбылыстар мен саяси үдерістерді түсіндіруден), екіншіден, оны ұйқыдан (әлеуметтік енжарлықтан) оятудан және жинақталған жағымсыз энергияны жасампаздық арнаға бұрудан көрді. Осылайша, XX ғасырдың бас кезіндeгі зиялы қауым ағартушылардың жолын ұстана отырып, ұлттық қайта өрлеу іcінде үлкен іс-тәжірибелік қадам жасауға дайын болды. «Ақсүйек» және «қара халықтың» әртүрлі әлеуметтік топтарынан шыққан ұлттық зиялы қауым орыс отарлық әкімшілігінің қарамағындағы қазақ билеушілерінің де, консервативтік көзқарастағы дін басыларының да халыкқа қайта өрлеудің сындарлы бағдарламасын ұсына алмайтындығын түcінді. Ал бұл зиялы қауымның мұндай бағдарламаны өздері тұжырымдап, ұсынуы тиіс екендігін білдірді.

XX ғасыр шебінде қазак зиялы кауымы батыстық, сондай-ак мүсылман елдерінде еуропалық отаршылдықка жауап әрекет ретінде пайда болған шығыстық әлеуметтік-философиялык және идеологиялық aгымдардың ықпалын басынан өткерді. Бұл ағымдардың ішінде панисламизм, пантюркизм, жедитизм, ұлтшылдык, либерализм, революциялық демократия, марксиам болды.

«Назар аударындар! XX ғасырдьң бас кезіндегі қазақ зиялы қауымы әлеуметтік- философиялык жане идеологиялык ағымдардың кең ауқымының ыкпалын басынан өткерді, олардың ішінде панисламизм, жадидизм, пантюркизм, ұлтшылдық, либерализм, марксизм мен революцияшыл демократия болды»

Панисламизм (исламдық жаңғыру).

XIX ғасырдың соңында Османдық Түркия, Иран, Үндістан мен баска да елдер мұсылмандарынын арасында батыс империализмінін карсы мұсылмандық ынтымактастық идеясы панисламизм тарай бастады. Бұл бағыттың негізгі идеологы Джамал ад-Дин Афгани болды. Ол мұсылман елдері мен халықтары егер, біріншіден, біpіксе және бірыңғай майдан болып қарсы шықса, екіншіден, іштей реформаланып (жаңыртылып), Батыс елдерінен әскери-техникалык артта қалуды еңсере алса, отарлаушы-империалистерге лайықты қарсылық көрсетуге бола алатынын түжырымдады. Мұндай реформа исламның, бөрінен бүрын мүсылмандық білім берудің реформасын немесе жангыртылуын кездеді. Мүсылмандық білім беру реформасы идеясы жалпы панисламдык тужырымдамадан «үalліп калды» жене жедитиам сиякты агымды туындатты.

Жәдитизм. Мұсылман мектебінің реформасы: схоластика мен жаттап алудан бас тарту, хат танытудың жаңа (дыбыстык) әдісін енгізу, бағдарламаға математика, география, жаратылыстану, шетел тілдеpі сиякты пәндерді енгізу, мұсылмандык ортада өз инженерлерін, дәрігерлері мен техникалық мамандарын даярлау мақсатын қойды. Бұрынғы мұсылман мектебі (біpінші сатыдағы мактабтар жүйесі мен екінші саты медреселері) бұғанга дейінгі мыңжылдықта қалыптасты және бұл ғасырлар ішінде аздаған өзгерістерге ғана ұшырады. Ол молдалар мен тереші қазыларды, Құран мен шариғаттың білгірлерін дайындауга бейімделді. Орта ғасырларда бұл жеткілікті болды, алайда Жаңа заманда христиан елдерінің техникалық басымдығы өте айқын болып шықты. Сондықтан XIX ғасырдың соңына карай барлық мұсылман елдерінде дерлік жана үлгідегі мұсылман мектептері ашыла бастады (Ресейде оларды жаңа әдістік немесе жәдиттік* мектептер деп атай бастады). Жәдиттік қозгалыс (Ресейде оның идеологі Қырым татары Исмаил Гаспринский болды) мектептік білім беру шеңберінен шығып, әдебиетті, публицистика мен театрды сынды мәдениеттің көптеген салаларын қамтыды. Жәдитизмді мәдениет саласындағы ислам модернизмі деп сипаттауга болады. XX ғасырдың бас кезінде бірнеше жана әдістік мектеп Қазакстан аумағында да пайда болды.

Пантюркизм. Түркияда пайда болған бұл ағым татарлар мен Ресей  империясының  бірқатар  басқа да  түркі халықтарында тарай бастады. Түркияның баскаруымен түркі мұсылман халыктарының бipігyi (батыс империализміне бірігіп тойтарыс беру) болып табыл- ды. Панисламдық жене пантүркілік идеялар жәдиттік баспасөзде ұштасып кетті, бұл Ресей империясы мұсылмандарының «оянуы» үшін көп нөрсе істеді.

Ұлтшылдык Ұлттық идея «үлт пен «ұлтык сана-сезім» түсініктерін дін (конфессия) жеәне діни сана-сезім түсініктерінен бөлектеуді талап етеді. Сондықтан орта ғасырларда, дәстүрлі коғам дәуірінде үлтшылдық болган жок. Жаңа заман, яғни индустриялык қоғамга ету ұлт – ортак әдеби тілге, ортак шыгу тегіне (немесе ортак шығу тегі туралы мифке), ұлтык эпос пен фольклорда салынган архетипке шығатын ортак ұлттық мәнділікке, ортак ділге және т.б. негізделген бірыңғай қауымдастық идеясын туындатады. Ортак әдеби тілдің калыптасуы баспасөздің араласуымен ғана мүмкін болады. Бұл сондай-ак Жаңа заманда ұлтшылдық идеологиясының таралуына жағдай жасайды. Баспахана газеттер мен журналдардың пайда болуын қамтамасыз еткен кезде ғана ұлтшылдық идеология өз жақтастарын табады.

Либерализм. Либерализм  бұл индустриялық қоғамның негізгі идеологиялық ағымы. Либералдық идея адам кұқықтары мен бостан- дықтарының мызғымастығына, адамның дәстүр, дін, мемлекет салған шектеулерден азат етілуіне, барлығының конституция мен занның алдындағы теңдігіне негізделеді. Либерализм жекеменшік күқығы мен сауда еркіндіriн, дін ұстау, сөз, баспасөз, жиналыстар бостандығын және баскаларды қорғайды. Ұлы Француз революциясы кезінде либерализм демократиядан белінді. Өйткені либералдар кедей көпшіліктің диктатурасы жекеменшік пен капиталға қауiп төндіретіи болады деп қауiптенді. Алайда XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап либералдар либерализмді жүзеге асыру үшін демократиянын қажеттігін мойындай бастады. Либерал-демократтардың мүраты заң басшылық ететін, халық билігі ерікті сайлаулардың көмегімен жүзеге асырылатын және негізгі кұқықтар мен бостандықтарға кеnілдік берілетін конституциялык мемлекет кұру болып табылады. Либералдык- демократиялық идеялар Қазақстанға XIX ғасырдың ортасынан бастап ене бастады, бірак әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың жоқтығына байланысты қазақтардың арасында тарала қойған жоқ. Бұл негізді экономикада капиталистік жүйенің пайда болуы дайындады.

Бұл манызды!

Либерал-демократтардың мұраты конституциялық мемлекет кұру болып табылады. Мұнда заң үстемдік етеді, халық билігі (демократия) еpікті сайлаудың көмегімен жүзеге асырылады, негізгі құкықтар мен бостандықтарға кепілдік беріледі».

1860-1870 жылдардағы Ресейдегі ерекше идеологиялық ағым революциялық-демократиялық ағым деп аталды. Ол шаруа демокра- тиясы мен шаруалар қауымы – дәстүрлі қогамның ұжымдық құры- лымдары негізiнде социализм құру идеясын ұстанды. Революцияшыл демократтардың басты идеясы Ресей аграрлық шаруа елі болғандықтан, капитализмге сокпау мүмкін болды. Реформадан кейінгі кезеңде Ресейде басталған капиталистік даму бұл иллюзияның аяқталуын білдірсе де, революцияшыл демократтардың кейбір ережелері империяның аграрлык шеткері аймақтарында, оның ішінде көшпелі қауым өмір сүрген Қазақстанда қабылдануы мүмкін болып көрінді.

Марксизм. ХІX ғасырдың екінші жартысы XX гасырдың бірінші жартысындағы дүниежүзіндегі ең танымал идеологиялардың бірі – марксизмнің негізгі идеясы жекеменшікті жою мен тапсыз комму- нистік қоғам қүру болып табылды. Паниеламизм мен кез келген дінге марксизм атеизмді, пантюркизм мен ұлтшылдыққа – пролетарлык интернационализмді (барлық ұлттар пролетарийлерінің барлык ұлттар буржуазиясына карсы ынтымақтастығы), ал либералиам мен демократияга пролетариат диктатурасын қарсы қояды. Марксшіл және оған жақын социал-демократиялық идеялар да Қазақстанға хх гасырдың бас кезінде ене бастады. Алайда қазақтардың арасында 1917 жылға дейін пролетариаттың болмағандығынан марксизмді насихаттау мәнсіз болды. XX гасырдың бас кезінде қазак ұлттық зиялы қауымы казақ қоғамын дағдарыстан шығарудың өз бағдарламасын ұсынды. Революцияшыл демократтардың басты идеясы Ресей аграрлық шаруа елі болғандыктан, капитализмге сокпау мүмкін болды. Реформадан кейінгі кезеңде Ресейде басталған капиталистік даму бұл иллюзияның аякталуын білдірсе де, революцияшыл демократтардың кейбір ережелері империяның аграрлық шеткері аймақтарында, онынң ішінде көшпелі кауым өмір сүрген Қазақстанда қабылдануы мүмкін болып көрінді. XX гасырдынң бас кезінде қазақ ұлттық зиялы қауымы қазақ қоғамын дағдарыстан шығарудың өз багдарламасын қалыптастыру үшін сол уақыттағы идеологиялық спектрді мұқият зерделеді. Түтастай алғанда, оның көшбасшыларына неғұрлым тартымдысы либерал-демократиялық жене ұлттық идеялар больп көрінді. Олардың қоспасы «Алаш» ұлтық идеясын туындатты.

Өз білімдеріңді  тексеріңдер.

  1. Қалай ойлайсыңдар?

XX ғасырдын бас кезінде қазақтардың ұлттык қайта өрлеуі үшін күресін неліктен қазақ зиялы қауымы баскарды?

  1. Исламдық модернизм отарлык тұйықтан» шығудың қандай тәсілдерін ұсынды?

3.Жәдиттік қозғалыс әлеуметтік жүйенің қандай салаларын қамтыды?

  1. XX ғасырдын бас кезінде Қазақстанда панисламизм мен пантюркизмге қарағанда, либерализм мен марксизм неліктен аса танымал болған жок?
  2. Сендердін көзкарастарың бойынша, қандай идеологиялык ағымдар Қазакстандағы қазақтардың неғұрлым көп бұкарасын қамтуы мүмкін еді? Ал орыстарды ше?

 

17-тақырып. «Алаш» қозғалысы және қазак революционер- демократтарының саяси көзкарастары.  Алашұлттық идеяларының қалыптасуы.  Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, Б.Сыртановтың қоғамдық – саясы көзқарастары .

 

XX ғасырдағы либерал-демократтардың саяси қызметі.

XX ғасырдын бас кезінде қазақ зиялы қауымы екіге бөлінді.  Қазақстан марксшілдік идеология негiзiнен орыс жұмысшылары мен зиялы қауымының арасына енді.  Қалаларда социал-демократиялық ұйымдар әрекет етті.  Алайда солшыл идеялардың ықпалына түскен қазақтар да болды.  Олардын қатарына А. Жанкелдин (РСДЖП қатарына 1915 ж. кірді).  1917 жылы большевиктерге қолдау көрсететін қазақ жастарының «Революциялык одағы» ұйымдастырған Т.Рыскұлов пен М.Жылысбаевты және Ақмолада «Жас қазақ» одағын (1917) ұымдастырушы С.Сейфулинді жатқызуға болады.     Жақтастары аз бағыты (ұлттық-діни”) қазақ даласының болашағын Ресей мен бүкіл дүниежүзі мұсылмандарымен ынтымақтасудан көрді), яғни панисламдық және  пантүркілік ұстанымдарда тұрды.  1917 жылы бұл ағым саясы жағынан << Шура – және Ислам.  ( Ислам кеңесі » ) партиясы болып құрылды, оған дін мен  діни көңілдегі зиялы қауым өкілдері кірді .  Олар түркі – мұсылман халықтарының одағы және Түркістан автономиясын жақтады.  «Шура – ​​және Ислам  партиясынан шариғат негiзiнде өзiн – өзi билеу үшiн әрекеттенген «Шура-и-улема.  (Ғалымдар (шариғат білгірлері кеңес) неғұрлым радикалдық қанат бөлініп шықты.

Қазақ зиялы қауымының неғұрлым елеулi бөлiгi «батысшыл» либерал-демократиялық позицияларда тұрды.  1905-1907 жылдардағы орыс революциялары кезінде қазақ либерал-демократтары саясаты күреске кірісті.

1905 бұл қозғалыстың басында Ә.Бөкейхан, Ә.Байтұрсынұлы М.Дулатовтар тұрды.  Қазақтардың сана – сезімінің оянуында «Қазақ» газеті (1913- 1918) маңызды рөл атқарды, оның басып шығуына Ә.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, Ә.Бөкейхан мен басқалары қатысты.  Газеттің логотипі түндігі батыс жағынан ашылған (яғни, батыс мәдениеті қазақтардың арасында  кіре алуы,  ал кіреберістің үстінде  араб әріптерімен « қазақ» деп жазылған( яғни , киіз үйге бөгде адамдардың  енуінен қорғалған) қазақ киіз үйі болды.

Сондықтан Ә.Бөкейхан кадеттер  партиясыннан  шығып, өз партиясын  құруға шешім қабылдады.  1917 ж.жылы шілдеде Ә.Бөкейхан пен оның пікірлестері «Алаш» ұлттық саясы партиясын құрды..  Мемлекеттік құрылыс жолдарының іздестіру Ресей құрамындағы қазақ автономиясы идеясына әкелді. Бұл идеясы  партия Бағдарламасында рәсімделді.  1917 жылы желтоқсан айында II Бүкілқазақтық құрылтайда Алаш автономиясы жарияланды, «Алаш-орданың»  Уақытша Халықтық Кеңесі биліктің жоғарғы органына айналды.

Сұрақ:    Қазақ либерал демократиялық   зиялы қауымы  өзінің саяси қызметін    қандай тарихи дәуірде бастады?   Бұл жылдары  Ресей мен Қазақстанда қандай маңызды   оқиғалар болып өткен еді?

 

Әлихан Бөкейханның (1866-1937) қоғамдық – саяси көзқарастары.

 

Ұлттық зиялы қауымның көшбасшысы ғалым-ормантанушы және публицист Ә.Бөкейхан болды. Ол туған жерінің тарихын терең зерделеп, ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басындағы маңызды тарихи оқиғалардың барлығына белсенді қатысты. Алаш идеясының тұжырымдамалары Ә. Бөкейханның ұлт-азаттық қозғалыс, отарлық езгідегі қазақ қоғамының жағдайы туралы зерттеулері мен терең талдауларында жасалған. Ә. Бөкейхан ел болашағын болжауда өткен тарихты танып-білу қажеттігі туралы былай жазады: «Тарих – түзетуші және үйретуші. Келешек күннің болашағын білуде тарих анық құрал болады». Болашағы зор ел боламыз десек, әрбір азаматтың ұлттың тарихы мен оның сабақтарын білу қажеттігін Алаш көсемі былай деп ескертеді: «Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт, өзінің тарихын ұмытқан ел қайда жүріп, қайда тұрғандығын, не істеп не қойғандығын білмейді, келешектің қандай боларына көзі жетпейді».  1903 жылы ол  Ресей туралы географиялық еңбекте Қырғыз өлкесі туралы тарауды жазды, бұл жерде  қазақ мәдениетіне жалпы сипаттама берді. Ол Абай еңбектерін баспадан шығарушы және бірінші биографы болды. 1905 жылдан бастап кадеттер партиясы қатарына кірді.  Ол «Қарқаралы» петицциясын жасауға қатысты және оған қол қоюды ұйымдастырып, осы үшін тұтқындалды. Петиция қазақтардан  жер тартып алуды, шаруаларды қоныс аударуды тоқтатуды талап етті. «Алаш «идеялық  бағдарламасы  осы құжаттан бастап қалыптаса бастады.

 

Либералдық-демократиялық бағыттағы ұлттық зиялы қауым өздерінің ағартушылармен (Шоқан, Абай), сондай-ақ, исламдық модернист (жәдиттермен) идеялық жақындығын атап көрсетті.  Батыс мәдениетін тартуға шақырып, либерал-демократ өзін-өзі басқару қағидаттарындағы ұлттық автономия идеясын қорғады. «Айқап» журналының (бас редакторы – М. Сералин) белсенді қызметкері болды.

«Айқапта» Ә.  Бөкейхан қоғамдық-саяси тақырыптарға мақалалар жариялады.  Олардың ішіндегі аса маңыздысы аграрлық мәселе болды.  Ол көшпелі мал шаруашылығының құрғақ климат жағдайларында шаруашылық  жүргізудің жалғыз мүмкіндігі  екендiгiн дәлелдедi.  Ә.Бөкейхан өз мақалаларын «Қазақ» газетінде «Қыр баласы» деген бүркеніш атпен жариялады.  Бұл уақытта қазақ ұлттық автономиясының орталық идеяларын қосқанда, оның қоғам-саясы көзқарастары тупкілікті қалыптасты.

1917 жылы көктемде Ә.Бөкейхан Уақытша үкімет бойынша комиссар болып тағайындалды.  Сол жылы жазда «Алаш» партиясын құрған съезд өткізіп, Алаш автономиясы  үкіметі – «Алашорданың» төрағасы  болып  сайланды.  1917 жылғы желтоқсанда ол «Алаш-орданың»  Алаш автономиясы үкіметінің төрағасы  болып сайланды.

А. Бөкейхан өз көзқарастары бойынша, Қазақстанның индустриалды (капиталистік) дамуын жақтаушы, либерал-демократ пен батысшыл болды.  Ол өз халқының болашақ қоғамының жаңғыртылуынан, “бұл сөздің кең мағынасында-батыс мәдениетін саналы тұрде енгізуден” көрді………. Мұнымен бірге Ә.Бөкейхан реалист болды және  қазақ қоғамының ерекшелігін, қазақ қоғамындағы дәстурдің күшін жақсы түсінді.  Өз пікірлестері  сияқты, ол да Қазақстанның болашағын қазақ дәстурінің үздік белгілері   Батыс өркениеті  үздік  элементтерінің үйлесімінде көрді.  Оның жолы кадеттермен айырылды, өйткені кадеттік партия халықтардын ұлттык-мемлекеттік өзін-өзі билеу идеясын, қазақтарға кең автономия беру талабын, аграрлық мәселенi  жергілiктi халық пайдасына шешуді бөлiскен жоқ.  Ә.Бөкейхан «Мен кадеттер партия сыннан неліктен шықтым» атты өз мақаласында негізгі  себеп кадеттердiң “империяны сақтауға” ұмтылуы болғандығын атап өттi.  Бұған қоса, қадеттерден айырмашылығы Ә.Бөкейхан зайырлық мемлекетті, шіркеудің мемелекеттен толықтай бөлінуі  үшін күресті

Автономия  идеясы толыктай өзін-өзі билеуді, өз парламенті, өз зандары болуы, іс қағаздарын жүргізу мен білім беруде қазақ тілін пайдалануды көздеді .

Бутырка абақтысына қамалған Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов 1937 жылы 67 жасында Мәскеуде ату жазасына кесіледі. Әлиханның қабірнің қайда екені жайлы мағлұмат тек 2007 жылы жария етілді. Ол Мәскеудегі Дон бауырластар зиратына көмілген.

Отбасы

Әлихан Бөкейханов Яков Севостьяновтың қызы Ольгаға үйленген. 1903 жылы қызы Елизавета, ал 1910 жылы ұлы Өкітай дүниеге келеді. Бөкейхановтың қызы Смағұл Сәдуақасовқа күйеуге шыққан. 1957 жылы ұлы Өкітай жұмбақ жағдайда өмірден озған.

 

Сұрақ:  Әлихан Бөкейханның  қоғамдық – саяси көзқарастарының ерекшеліктері неде?

 

Ахмет Байтұрсынұлының (1873-1937) қоғамдық -саяси көзқарастары.

Әлихан Бөкейханның серiктесi А.Байтұрсынұлы жазушы-публицист, әдебиеттанушы, лингвист Алаш-Орда өкіметінің мүшесі. 5 қыркүйек 1872 – 8 желтоқсан 1937жыл, қазіргі Қостанай облысында туылған.

Ол қазақ мәдениетінің тарихына батыс поэзиясын ұлы қазақ тіліне аударушы жөне қазақ тіліндегі  мерзімдік баспасөзді ұйымдастырушылардын бірі ретінде енді. И.А. Крылов мысалдарының бір тобын қазақ тіліне аударып, «Қырық мысал» деген атпен жеке жинақ қылып бастырды. И.И. Хемницердің «Атпен есек», А. Пушкиннің «Балықшы мен балық», «Алтын әтеш», «Ат», «Данышпан Аликтің ажалы» шығармаларын, орыстың белгілі лирик ақыны С.Я. Надсонның өлеңін қазақ тіліне аудард

А.Байтұрсынұлы қазақ жазуын араб графикасы негізінде реформалап, оны қазақ тілі фонетикақасына неғурлым бейімдеген етті. Байтұрсынұлы қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашуына көп күш жұмсады. Осы мақсатта «Оқу құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914); ересектердің сауатын ашуға арнап «Әліпби» (1924), «Жаңа әліпби» (1926) атты оқулықтар мен тың еңбектер ұсынды. Қазақ грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша ғылыми термин жасап, морфологиялық тұлға-тәсілдерді жаңаша талдау, жаңаша анықтамалар берді. Қазақ фонетикасы мен грамматикасын талдауда тілдің типологиялық ерекшеліктері мен өзіндік даму барысын ескеру принципін ұстады. 1905 жылы А.Байтұрсынұлы «Қарқаралы»  петициясын  жасауға қатысты .  Өзіңнің үкіметке қарсы саяси  қызметі  үшін бірнеше рет тұткындалды.  1913 жылы шыққан «Қазақ» газетін шығаруды ұйымдастырды, оның редакторына айналды. Онын басшылығымен газет  басты ұлттық-саясы басылымға айналды.   А.Байтұрсынұлы жаңғыртудың жақтаушысы болды және білім беруді, ғылым мәдениетті дамытуды әлеуметтік прогрестің шешуші факторы деп есептеді..  Бұнда ол ағартушылық-демократиялық позицияларды иеленді.  Ол: «Өз дербестігімізді сақтау үшін бізге барлық күшімізбен және құралдармен ағартушылық пен жалпы мәдениетке ұмтылуымыз қажет, бұл үшін біз біріңші борышымыз ретінде ана тілімізді , әдебиетті дамытумен айналысуға міндеттіміз.  Дербес өмірден өз тілінде сөйлейтін және өз әдебиеті бар халык қана үміттенуге кұкылы екенін ешқашан ұмытпау керек….. – деп жазды..

Әдебиет саласындағы алғашқы зерттеуі деп оның Қазақ газетінің 1913 жылғы үш санында шыққан «Қазақтың бас ақыны» деген көлемді мақаласын атауға болады. Онда қазақ халқының рухани өмірінде Абайдың аса ірі тұлға екені, өмірбаяны, шығармаларының мазмұн тереңдігі, ақындық шеберлігі, поэтикасы, орыс әдебиеттерімен байланысы туралы ойлы пікірлер айтылған, ақын мұрасының эстетикалық қадір-қасиеттері ашылған. Қазақтың эпостық жыры «Ер Сайында» алғы сөз бен түсініктемелер жазып, оны 1923 ж. Мәскеуде шығарды.

А.Байтұрсынұлының мемлекетке көзқарасы «Алаш» қозғалысының басқа өкілдерінің көзқарастарымен сәйкес келді: қазақтарға өзін-өзі басқаратын ұлттық автономия құруда белсенді болды.

Алаш зиялысы Торғайда қазақ-орыс мектебінде төрт жыл білім алған. Одан кейін Орынборда мұғалім болып бес жыл қызмет еткен. Тоғыз жылдық қана білімі болса да, ол артына мол мұра қалдырды

1934-1937 жылдары  түрмеге әкетіліп, “халық жауы” деген айыппен ату жазасына кесілген.

Бес арыстың бірі 1988 жылы 4 қарашада толық ақталды. Жары Бадрисафа 1989 жылы, ал қызы Шолпан Ахметқызы 1990 жылы жазықсыз деп танылды.

Сұрақ: Ахмет Байтұрсынұлының  идеялары жүзеге асты деп ойлайсыз ба?

Барлыбек Сыртановтың  (1866-1914) қоғамдық саяси көзқарастары .

Шығыстанушы Б.Сыртанов, 1911 жылды өзінде А.Бөкейханнан тыс,Ресей құрамындағы Қазақ автономиясы конституциясының  өз жобасын әзірледі.(«Қазак Елі» Жарғысы).

Ол «Алаш» қозғалысының либералдық-демократиялық көзқарастарымен бөлісе отыра, дербес теоретик болды.

«Қазақ елі» Жарғысы кіріспеден жөне төрт тараудан құралады: Қазақ елі дербес республикасы туралы, Адам құқықтары туралы, Қазақ жері туралы, 28 бапты қамтыған сот туралы.  Жарғынын негізгі идеясы – Қазак елін Ресейге отарлык тәуелділіктен босату және егеменді тәуелсіз мемлекет құру.  Парламенттік  республиканы жақтаған Б.Сыртанов бұл идеяны демократиялық жолмен, халық сайлаған депутаттар сьезiнiң қызметi арқылы іске асыруды ұсынды   Бұл ретте Қазақ елі («халық басқаратын және қазақ ерекшеліктері бар ел»)Британ империясының доминиондар үлгісі бойынша Ресей империясының доминионы болуы тиіс. Халық сайлайтын Ұлттық мәжіліспен басқарылатын «Қазақтар елі» бостандық пен жалпыға ортақ теңқұқықтық елі болуға тиіс: «Қазақтар елінде барлық адамдар теңқұқықты болады.   Адамды діні, қаны, әлеуметтік немессе этникалық шығу тегі бойынша кемсітушілікке жол берілмейді.  Адам тек құдай мен занның алдында ғана жауапты болады».              Сондай-ақ Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы мен басқаларына қарағанда, Б.Сыртанов билiктiң дәстүрлi институттарына дінге, әдеттегі  қүқық нормаларына  көбірек үміт артты.  Ол билiк өкiлдерiнде жоғары  моральдық  қағидаттардың бар болатындығына сендi.  Бұдан бөлек, Б.Сыртанов қазақ қоғамының жергiлiктi басқаруды реттейтiн «Ынтымақ» ережелерiнiң авторлары болды..  Бұл басқару әдеттегі құқық нормалары мен ислам талаптарына негізделді. Соттық дауларды басқару мен қарастыру сайланып қоятын ақсақалдардың қолдарында болады.  Әменгерлік, көп әйел алушылық, қалыңмал, өзара көмектің дәстүрлі институттар мәселесіне назар аударылды.  «Ережелермен» басқарылатын мінсіз қоғамда басты рөл дінге тиісті болады: діни нормалар мен талаптар барлығы үшін міндетті, дін мемлекеттен, ал мешіт мектептен бөлінбейді.  Осылайша, Б.Сыртановтың көзқарасы «Алаш» теоретигі – қөшбасшыларына қарағанды,  неғұрлым консервативті көзқарас болды.

Сұрақ: Барлыбек Сыртановтың   қоғамдық саяси көзқарастарының өзіндік ерекшеліктері неде

Алаш қозғалысының тарихи негіздері.

XIX ғасырдың аяқ кезі – XX ғасырдың басында халықтың жағдайы күрт нашарлап, кедейшілік кең етек жая бастады. Отарлық езгіге қарсы ұлт-азаттық қозғалыстар бой көтерді. Салықтар мен міндеткерліктердің көбеюі, шұрайлы жерлерінің тартып алынуы қазақ ауылында ішкі шиеліністердің өршуіне жеткізді. Патшаның 1905 жылғы жарлығы бойынша бұрынғы Сібір шекара шебіндегі ені он шақырымдық бейтарап алқап казак әскерлерінің «мәңгілік» пайдалануына берілді. Патша үкіметінің осы және басқа да озбырлық әрекеттері салдарынан дала тұрғындары жаппай жерсіз қала бастады. Мәселен, бір ғана Семей облысының өзінде 100 мыңнан астам қазақ жерсіз қалып, Томск, Тобыл губернияларындағы орыс шаруаларынан, Сібір казактарының жерлерін жалға алып, пайдалануға мәжбүр болды.

1905–1907 жылдары елде социал-демократтар ұйымдары құрыла бастады. Қоғамда петициялық қозғалыс етек алды. Отаршыл өкімет билігінің атына жолданған ірі көлемді әрі мазмұнды петициялардың бірі Қарқаралы жәрмеңкесінде жазылған петиция болды. Ұлттық күресте қалыптасып келе жатқан ұлт зиялылары қазақ халқының көшбасшыларына айналды. Жалпыұлттық демократиялық қозғалыстың басында Ә. Бөкейхан тұрды. Қазақ депутаттары Ресейдің Мемлекеттік Думасында қазақ қоғамындағы ең маңызды проблемаларды батыл көтере білді.

Қазақ халқының қоғамдық сана-сезімін арттыруға 1916 жылғы қаһарлы оқиғалар орасан зор ықпал етті. Соғыс жылдары жергілікті патша әкімшілігінің автохтонды халыққа қатысты ұлттық қанаушылығы мен озбырлығы күшейе түсті.

1917 жылға қарай жергілікті халықтың пайдалануындағы ең шұрайлы 45 миллион десятина жердің тартып алынғанын білеміз. Бұл кезде Қазақстанға Ресейден қоныс аударған шаруалардың жалпы саны 1,5 миллионға жуықтап қалған болатын. Қазақ халқы осындай ауыр қиыншылықта азып-тозып кетпеді, керісінше ұлтты азат етуді мақсат тұтып, арпалысқа толы жолды таңдады. Тәуелсіздік, елдің болашағы үшін күресте ерлік пен батылдықтың үлгісін көрсете білді.

ХХ ғасырдың басында қазақ халқының сана-сезімі биік деңгейде көрініс тапты. Ұлт азаттығы жолындағы күресте қазақтың оқыған, халық мүддесі үшін бар күш-жігерін аямайтын азаматтар алға шықты. ХХ ғасырдағы ұлы реформаторлар Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы ұлтты азаттыққа бастады. Олар қазақ халқының тарих сахнасынан біржолата жойылып кетпеуі үшін қолдарынан келгеннің бәрін жасады. Қазіргі тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуында Әлихан Бөкейхан бастаған топтың ерен еңбегі еш уақытта ұмытылмайды. Алаш идеясы Қазақстан азаматтарының бірігу, болашаққа жылжудың айқын бағыты, бірлігімізді бекемдей түсетін ұлы жол деп білуіміз керек.

Сұрақ:  Ұлт зиялыларын қандай мәселелер біріктірді?

Алаш» ұлттық идеялары.  Мәди «Алаш» Ұлттық идеялары қазақтардың ұлт-аумақтық автономиясы денгейінде өзін-өзі басқаруға қол жеткізуі  болып табылды.  Бұл идея 1905-1917 жылдардағы қазақ либералдық-демократиялық зиялы кауымының саяси күресі мен публицист халық қызметінің барысында құрылды.  Ол Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, М.Тынышбаев және  басқалар әзірлеген еңбектерден көрегенін тапты.  «Алаш» партиясының ұлы Бағдарламасы «Қазақ» газеті  1917 жылдың қараша айында жарияланды.  Жоба либералдық-демократия марксшілдік идеялардың  үйлесуі  болып табылды.

         Алаш этнонимдері халық аңызына сәйкес, Алаша хан  біріктірген ежелгі рулардың аты болды.  Аңыздың дәстүрлi бастамаларының бiрi мынадай болып басталады: «Алаш Алаш болғанда, Алаш хан болғанда ».  Алаш – эндоэтноним, ол кейіннен қазақ экзоэтнонимімен ығыстырып шығарылды.

Бағдарлама  жергілікті  жерлерде   өзін-өзі басқарумен, Ресей деморкратиялық федеративтік  республикасының құрамында  қазақтар басым тұратын тұтастай  аумақтарды автономиясын құру мақсатын қойды.

Барлық байлықтармен және   жер қойнауымен бұкіл аумақ автономияның бүкіл аумағы Алаштың меншігіне болып жарияланды.  Шығу тегі, діні мен жынысына қарамастан, барлығы үшін теңқұқықтылыққа кепілдік берілді.  Буржуазиялық бостандықтар: сөз, баспасез, одақтар құру бостандықтары жарияланды.

Партия  діннің мемлекеттен бөлінуі, соттардың  қазақ тілінде, оның үстіне  ауылдарда әдеттік құқық  негізінде жүргізілуі үшін күресті .

Шариғат молдаларының жүргізуіне неке, ажырасу, туу мен өлімдерді тіркеуді қалдыру, ал қалынмалға байланысты істерді сот органдарына  беру ұсынылды.

 

Бағдарлама прогреспіл табыс салғын енгізуді  жұмысшылар құқықтарының қорғалуына кепілді берді.

«Алаш» партиясының аграрлық мәселесі бойынша жерді мемлекет қарамағына алуды талап етілді.

«Алаш» партиясының бағдарламасы қазақ зиялы қауымы либералдық-демократиялық қанатының қоғамдық-саясы ойының нəтижесі болды.

Бағдарламаны әзiрлеу ұзақ үрдiс болды.  Қазақтың ұлттық автономиясының құру жөңiндегi идеясы 1905 жылы саяси сахнада Алаш қозғалысы  пайда болды.

«Алаш» партиясынның бағдарламасы қазақ халқының либералдық демократиясы.

Бұл идеялар ағартушылық пен мәдениетті, экономистер, демократиялық құқықтық базаны жаңғыртуды, онқұқықтылықты, бұқараның демократиялық сайлаулар арқылы саясатқа қатысуын қамтыды.

«Алаш»  партиясының бағдарламасында демократия мен  құқықтық мемлекет, төзімділік идеялары тұжырымдалды, аграрлық мәселені шешу  ұсынылды, қоғам мен мемлекет өмірінің негізгі  жақтары белгіленді.

 

Барлығы дерлік 1930 жыл буржуазияшыл  ұлтшылдықпен айыпталып, қуғын-сүргінге ұшыраған «Алаш» жоғары мұраттарымен, адалдықтарымен, білім мен еңбекке деген құрметтерімен ерекшеленді. Партиясының ұлы мұшелері бәрінен бұрын өз халыққа адал болды.

Заманауи қазақ мемлекеттілігінің негiзiнде жатқан зайырлық құқықтық демократиялық мемлекет идеялары- бұл xX ғасырдың бас кезiнде өрекет еткен “Алаш” козғалысы мен саяси партиясының идеясы.

«Алаш» партиясының  негізінде құрылған Алаш автономиясы 1917 жылы қазан айында билікті басып алған марксшіл идеологияның  жақтастары-большевиктермен  қақтығысқа түсті.  Кеңес үкіметі белгісі бір сәтке дейін қазақтардың автономиясының идеяларын  жоққа шығарды.  Алайда Кеңестер мен «Алашорданың» арасындағы басты алшақтық большевиктердің либералдық-демократиялық «буржуазияшылдық» идеяларын қабыл алды.  Сондықтан 1918-1919 жылдар «Алаш Орда» Азамат соғысына большевиктерге қарсы күштер жағында қатысты.  «Алашқа» тілектес қазак халықына қатысты Кеңес өкіметінің жазалаушылық өнерлерін болдырмауды қалаған «Алаш» көшбасшылары Кеңес өкіметімен ымыраласуға барды, қаруларын тастады.  Себептердің бірі  кенес басшылығының ұлттық мәселенi республикалық федерация  құру жолымен шешу ниетi болды.  «Алаш» ұлттық автономиясы 1920 жылдың наурыз айында өмір сүруін тоқтатты, сол жылдың 26 тамызында  ​​ Қырғыз (яғни Қазақ) Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы жарияланды.

Сұрақ: Қазақ газетінің редакторы кім болды?  Қазақ газеті аптасына неше рет шықты?  Жалпы қанша номері жарық көрді?

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *