Халықтың адал перзенті – Ахмет Байтұрсынұлы

                                                  «Кенесары хан атындағы жалпы білім беретін мектеп» кмм

                                          Қосымша білім беру педагогы Тұрсымурат Диана Жантореқызы

Қаз едік қатар ұшып қаңқылдаған,

Сахара көлге қонып салқындаған.

Бір өртке қаудан шыққан душар болып,

Не қалды тәнімізде шарпылмаған?!

Ахмет Байтұрсынұлы «Қазақ қалпы»

 

Ел тарихында ұлт болашағын басты орынға қоя білген көрнекті қайраткерлер қаншама. Солардың қатарында Ахмет Байтұрсынұлының есімі ерекше мәртебеге ие.

Ахмет Байтұрсынұлы Алаш зиялыларымен бірге елді, жерді сақтап қалу мақсатында, әрбір қазақ баласы үшін  аянбай еңбек етті. Қайраткердің басшылығымен шығып тұрған «Қазақ»  газеті халықтың санасына ықпал жасады. Шырт ұйқыда жатқан ұлтты оқуға, білімге, ағартушылыққа үгіттеді. Сол арқылы болашақты жарқын ете алатынына кәміл сенді. Алайда бұл ойы ұзаққа бармады. Қуғын-сүргін зиялының бүкіл арман-тілегін аяқ асты етті. Сол жылдары Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов бастаған бір топ қайраткерлердің еңбектерін оқуға тыйым салды. Соған қарамастан тұлғалардың әйелдері мен ұрпақтары қазіргі заманға аманат етіп жеткізді.

Ағартушы-ғалым жайлы қанша айтсақ та, таусылмайтын өмірдастан секілді. Ол туралы айтылған пікірлер бұл сөзімізді дәлелдей түседі.Кезінде Ахмет Байтұрсынұлы туралы Мұхтар Әуезов былай деген болатын: «Бір басында сан салалы өнер тоғысқан, телегей-теңіз энциклопедиялық білім иесі, қайшылығы мол тартысты ғұмырында қараңғы қалың елін жарқын болашаққа сүйреуден басқа бақыт бар деп білмеген ірі тұлға, халықтың рухани көсемі».

Сөз соңында, Ахмет Байтұрсынұлының құрметіне орай тілдер мерекесімен қатар қайраткердің туған күнін жоғары дәрежеде атап өту – бізге парыз.

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *