“Сен де — бір кірпіш, дүниеге, Кетігін тап та, бар қалан!”
Аблаким Қарақат Талғатқызы, 11 сынып оқушысы
Менің арманым–менің мақсатым!
Мектеп өмірімен қоштасып, үлкен өмірге аяқ басамыз. Өмір мектебінде кім болсам деген ой болады. Дара тұлға- Абай Құнанбайұлының “Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан…” сөзін еске ала отыра, ғаламдағы əр адам өмірдеөзінің жолын тауып, өз- өзін табуы керек екенінесте сақтау керекпіз. Қазір, 10-шы сынып оқи отырып, өзімді жарқын болашақ күтіп тұрғанынасенемін. Ол үшін өмірдегі ең маңыздытаңдаулардың бірі– мамандықты дұрыс таңдаукерек. Мен бала кезден журналист болудыармандаймын. Көп ойланып, зерттеп, сараптап, бала арманымды орындаймын деген шешімгекелдім.
Журналист болу жай ғана əуесқойлық немесеарман емес, ол– менің алға қойған бастымақсатым! Қоғамға білім бере отыра, адамдардыңпікіріне əсер ету мақсатында ақпарат беріп, əлемде болып жатқан сан түрлі өзгерістердіжеткізгім келеді. Бала кезден əр бағдарламаныкүтіп, кызығушылықпен қарап, ізденісте болған ұнайтын. Солайша, өзімнің үлгі тұтар адамымды, Бейсен Құранбекті білдім. Сол кісінің əр жүргізген эфиры, сөздері, жобалары есімде. Шындық пен əділдік алаңында жүрген таланттытележүргізуші бала кезімнен мені таң қалдырып, шығармашылық жолына итермеледі.
Əлбетте, журналистика саласы қоғамдыөзгертудің, диалогты ілгерілетудің жəне танылмаған мəселелерге назар аударудың қуаттықұралы бола алады деп ойлаймын. Бұл мамандықты таңдаған адам үнемі білім алуға, сенімділік пен əділеттікке ұмтылуы қажет. Журналист ақпаратты сараптай отыра, кез-келгенмəліметті аудиторияға қолжетімді етіп жеткізугеміндетті. Бұл мамандықтың сан түрлі қырларыбар: ол қызықты жəне табысты адамдарментанысуға, окиғаларды алуан түрлі көзқарастарменкөрсетуге мүмкіндік береді. Журналист жұмысы болмаса, əлемде үлкен үнсіздік пен жалпынадандық орын алар еді.
Менің журналист мамандығын таңдаған басты себебім: тек шындықты жақтап, шындықтыіздеп, адамдарға олардың мəселелерін тереңдетуарқылы көмектесіп, олармен жақынкоммуникация орнатқым келеді. Əрине, бұл себептермен дəрігер не полиция қызметкеріболуды таңдасам да болар еді. Алайда, журналистика- шығармашылық мамандық, дəл осы жерде адал əрі бейтарап бола отырып, өз қабілеттім мен армандарыма қол жеткізгім келеді.
Мектепте атақты журналисттер жайлы, бұл мамандық туралы білген сайын, өзімді басқа мамандықтардан көре алмайтынымды анықаңғардым. Журналисттің бойындағы бастықасиеті– əділдік, батылдық пен шешендік депсанаймын. Бұл адамның ой-өрісінін, сөздікқорын, білімін жəне ар- ұятын қамтиды. Осыныңбəрі маған бір мезгілде қорқынышты да, шабыттыда ұялатады. Бірақ, жоғарда айтылғанқасиеттердің бəрін мен өзімнен таба аламын. Иə, бəлкім, мен өз-өзіме тым сенімді жəне соныменқатар мықтымын, алайда бұл өз қадамынбастайын деп отырған журналист үшін ең жаманқасиет емес деп ойлаймын.
Қорытындылай келе, шығармамды БейсенҚұранбектің сөздерімен аяқтағым келеді. “Төртінші кедергі– қорқақтық”- демекші, алдындағы үш кедергі қорқақтықтың қасындаондай маңызды емес. Адам өз қорқынышынженсе, қалаған жетістігіне жете алады. Жарқынболашақ қалаған адамның алдында өте көп кедергілер мен қиындықтар кездеседі. Ал мен осы жолдағы сынақтардан өтуге, мақсатымажетуге дайынмын! Себебі, ол жай жұмыс емес, менің арманым мен мақсатым!