Балабақша – тәрбиенің алтын бесігі.

 

Балабақшатәрбиенің алтын бесігі.

 

   «Бала естігенін айтады, көргенін істейді» – депқазақ халқы бекер айтпаған. Мектеп жасына дейінгібалаларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңызызор. Кішкентай сәбилеріміз атаанасының, тәрбиешісінің, достарының мінезінен, жүрістұрысынан, сөйлеген сөзінен, істеген ісінен үлгіалуға тырысады. Балабақшабаланың жүйелітүрде білімтәрбие алатын ең алғашқы қоғамдықошағы. Балабақшаның балаға беретін тәлімтәрбиесінің қаншалықты мықты болуы , солбалабақшада қызмет ететін педагогикалық ұжымға, нақтырақ айтар болсақ, ұстазға байланысты.

     Ұстазкиелі мамандық. Ол ертеңгі болашақты ,болашақ иесінұлтын тәрбиелейді. Адам тәрбиелеу , оған ғылым негіздерінен мағлұмат беру, баланы өмір сүруге икемдеу, адами қылықтардыбойына дарытуол оңай шаруа емес.

     Тәрбиешісуретші, әртіс, әдебиетші, ақылшы, дос және бала жанын бағамдар психолог.

   «Тәрбиеші адам – тағалы атпен тең» деп халықданалығында көрсеткендей тағамның беріктігінен«Бөбек» балабақшасында тәрбиеші болып биылғыжылдан бастадым. Бұл балабақша алдында көпжылдан бері жарты күндік жұмыс атқарса, осы желтоқсан айынан бастап толық қүн жұмыс істеугеауысты.

   «Нұрлы» балабақшасында жиырма бала тәрбиеленуде. Мұнда әртүрлі ұлттың балалары тәрбиеленеді. Олардың жас шамасы үш жастан бес жасқа дейінгі балалар. Балабақшада балаларменәртүрлі қызықты ойындар ұйымдастырылады, коммуникативтік, шығармашылық, социум, денсаулық, айналамен таныстыру бағыттарыбойынша сабақтар өтеді. Осы бүлдіршіндеріміз әрмерекелік іс-шараларға белсене ат салысып өзөнерлерін көрсетуге тырысады. Балалардың ішіндеәнші, биші, бояушы, сызушы балаларды байқауғаболады.

        Кішкентай балалар тәрбиеші көмегімен киініп, жуынып, сүртінеді, бірбіріне көмектеседі, «рахмет, кешір, өтінемін» сөздерін айтып отырады. Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымдақарымқатынастарын қалыптастыру. Осылайшамейірімділіктің негізі қаланады немқұрайлықтыңпайда болуына, құрбыларына, үлкендерге қалайболса солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды.

      Тұрмыстық қызметте топтағы ойыншықтардыжинау, оларды күтіп ұстау, топты таза ұстау. Ұйымдастырылған оқу ісәрекетіне қажетермексаз, тақтайша, қылқалам т. б дайындауғакөмектесуі. Осылайша біз бүлдіршіндеріміздіқайырымдылыққа, кішіпейілділікке шақырып, жақын адамдарына қамқор болуға үйретеміз.

Әрбір жасалынған істен кейін «Жарайсыңдарбалалар! Тобымыз немесе ойын алаңымыз қандайсәнді болып қалды, бәрекелдідеген сөздерді естуарқылы жасаған еңбектерінің дұрыс екеніне көзжеткізеді. Ұжым болып жұмыс жасай білуі, ұқыптылық, ізденімпаздық, аяушылық, қамқорлық, сезімдерін бойына сіңіруі аса маңызды.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *