«ИНФОРМАТИКА ЖӘНЕ СПОРТ» Сыныптан тыс шара

О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжі

   «ИНФОРМАТИКА ЖӘНЕ СПОРТ»

Сыныптан тыс шара

 

Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Кабдулов Канат Тарихович

Педагогика ғылымдарының магистрі, информатика пән оқытушысы 

Хатенова Майрагул Мукарамовна

Информатика пән оқытушысы Жумажан Айнагуль Жумажанқызы

 

Мақсаты: Спорттық ойындарды ойната отырып, информатика мен спортты байланыстырып, студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру және спорттық ойынға деген көз қарасын, сүйіспеншілігін қалыптастыру және ұлттық ойын түрлерін насихаттау. «Информатика» пәнінен алған білімдерін тиянақтау, пысықтау, қайталау. Тапқырлыққа, өз көзқарасын жүйелі де тиянақты баяндауға, мәлімдеуге,  құштарлығы мен  дүниетанымын кеңейтуге, баулу және өз мамандығына  сай маман иесі болуға тәрбиелеу.

Шараның түрі:       Сайыс

Шараға қатысушылар: 1курс студенттері

Пән аралық байланыс: Информатика, дене тәрбиесі, қазақ әдебиеті.

Техникалық құралдар: Мультимедиялық проектор, ноутбуктар.

Көрнекі құралдар:         Плакаттар, слайдтар.

 

Шараның жүру барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Қатысушы топтарды ортаға шақыру.
  2. Қазылар алқасын тағайындау.

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен студенттер!

Уа халайық, халайық, Бәріңе жар салайық
Бүгінгі жарыс төрінде, Информатика елінде
Есеп шешіп жарысып, Жұмбақ шешіп аңдысып
Шабыт тасып шалқысып, Есеппен ән салысып
Көңілді жарыс жасайық, Жұмбақ шерді шашайық
Ат салысып аянбай, Бар өнерге бастайық.

– дей отырып, барлықтарыңызды «Информатика және спорт» сайысын көріп тамашалауға шақырамыз!

Асып әсте саспайық,

Сайыс қызығын ей достар.

Осылайша шабытпен,

Қане енді бастайық

Жиналған ылғи дарындар,

Жүрегі от боп жалындар.

Студенттердің бәрін халайық,

Қол соғып қарсы алайық.

1 топ – Компьютер тобы

2 топ – Антивирус тобы

3 топ – Интернет тобы

Әділдікпен баға берер сіздерге,
Әділдікпен қара қылды жаруға.
Әділқазы алқаларын сайлайық,
Жүлдегерді таңдап бүгін алуға.

Қазылар алқасымен таныстыру.

ІІ. Негізі бөлім

  1. Таныстыру- (әр топ басшылары өз топтарын таныстырады)

 

Сәлемдесу-игі дәстүр киелі,

Сөзбен қарап, кейде шешер шиені.

Жақсы сөзге жан семірер қашанда

Жолданады сайыскерлер сәлемі.

Таныстыру бөлімі. Әр топ басшысы өз тобын таныстырады. Таныстыруға – 10 ұпай.

1-топ «Компьютер» –

Жер бетінде адам өмір өткізер,

Бар нәрсеге біліммен қол жеткізер.

Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білімменен аспанға жол салынар.

Ұраны: «Тапқырлық таныту мақсатымыз,

               Біліммен шықсын тек жақсы атымыз»

 

2-топ «Антивирус»-

Сәлемдесу-игі дәстүр киелі,

Сөзбен қарап, кейде шешер шиені.

Жақсы сөзге жан семірер қашанда

Жолданады сайыскерлер сәлемі.

Ұраны: «Асау тұлпар желдей ескен арынды,

                Оқу менен еңбекке сал барыңды»

 

3-топ «Интернет» –

Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,

Ренжімей тараса, озбағандар жарады.

Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау,

Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау

Ұраны: «Болашақтың ұрпағымыз білімді,

                Көрсетпекпіз сабақта алған білімді»

 

  1. «Миға шабуыл» – (сұрақтарға жауап беру)

Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына.

Ұқыптылық пен зеректік,

Жеткізер сіздердей өренді

Жеңістің мынау шыңына

– дей келе «Миға шабуыл» кезеңіне көшеміз. Өздеріңізге информатика басқа ғылымдармен де байланысты екендігі мәлім. Әр топ тақтадан тақырып таңдайды. Дұрыс жауапқа 5 ұпай (ойлану уақыты – 1 минут)

  1. Информатика және биология
  2. Информатика және спорт
  3. Информатика және транспорт

 

 

Информатика және биология Файлдар мен папкаларды зақымдап, жоятын бағдарлама. Ауру таяқшаларын тарататын бактерия.  

ВИРУС

Алгоритмді компьютерге түсінікті етіп көрсету үшін қолданылатын программалау. Адамның ауыз қуысының бiр мүшесі.  

ТІЛ

Информатика және спорт Ақпаратты сақтауға болатын ақпарат тасығыш. Лақтыруға арналған спорттық снаряд.  

ДИСК

Оператор сөзінің синонимі. Спорттық ұжым КОМАНДА
Информатика және транспорт Қосымша құрылғыларды қосатын программа. «Шофер» сөзі ағылшын тілінде ДРАЙВЕР
Қосымша құрылғыларды компьютердің шинасына жалғайтын жері. Кемелер жүктерін тиейтін және түсіретін жер.  

ПОРТ

 

  1. «Ғажайып алаңы»- (терминдермен жұмыс)

Ойын-толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу мініп жатқанда аптығыста.

Ойын-толқын, жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.

Келесі кезең «Ғажайып алаңы» деп аталады. Әр студент қапты киіп, қаппен секіріп барып, қапты шешіп шатасқан әріптерді өз орындарына қою арқылы информатика және дене тәрбиесі пәндеріне қатысты термин сөздер құрастыру қажет. Құрастырғаннан кейін қасықты алып келіп келесі студентке тапсырады. Әр дұрыс бір жауапқа – 1 ұпай (орындау уақыты – 5 минут)

«Компьютер» «Антивирус» «Интернет»
Компьютер
Монитор
Дискета

Шина
Футбол

Тоғызқұмалақ

Принтер
Модем
Процессор

Сканер

Баскетбол

Алтыбақан

Пернетақта

Тышқан

Ақпарат

Алгоритм

Валейбол

Шахмат

 

  1. «Кім жылдам, әрі тапқыр?»- (ноутбукпен жұмыс)

Сайыс – толқын, айналған қатты ағысқа,

Табылғандай таным да, жат дауыс та.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу мініп жатқанда аптығыста.

– деп келесі «Кім жылдам, әрі тапқыр»  кезеңіне береміз. Бұл кезеңде әр студент секіргішпен секіріп барып, тақтада көрсетілген мәтіннен 1 сөйлем жазып, қайтып секіріп келіп келесі студентке жалғастырады. Дәл осылай келесі студент екінші сөйлемді жазады. Барлығы  4 сөйлем берілген. Бесінші студент мәтінді пішімдейді, яғни сөйлемнің түсін өзгертеді, стиль Times new Roman шрифт 14 болу керек. Ойын шарты түсінікті болса, бастаймыз. Іске сәт. (уақыт – 10 минут)

ҚАЗАҚША КҮРЕС.

Қазақ халқының өте ертеден қалыптасқан спорт ойындарының бірі – қазақша күрес. Қазақша күрес көшпелі халықтың тіршілігімен бірге жасасып келе жатқан спорт түрлерінің бірі. Қазақша күрестің басқа халықтардың ұлттық күресімен салыстырғанда өзіндік ерекшелігі бар. Қазақша күрестің кейбір ерекшеліктерін айта кетсек, балуанның аяқтары ғана еркімен қозғалып жұмыс істейді.

  1. «Информатикалық мақалдар» – (мақал-мәтелдерді табу)

Айналайын алға ұмтылған Дарындар!

Айналайын жеңіс құшқан қырандар!

Бізден қиын жағдайларды сұраңдар,

Сұрап қоймай, шешу жолын табыңдар.-деп

 

Келесі кезең- «Информатикалық мақалдар» деп аталады.

Бұл кезең мергендікті қажет етеді. Тақтада ілінген шарларға дәл тигізу қажет. Бұл шарлар тек жай шар ғана емес, ішінде  компьютер туралы мақал – мәтелдер жазылған. Сол мақал – мәтелдердің күнделікті өмірде қолданып жүрген нұсқаларын анықтау қажет. Егерде тигізе алмаған жағдайда кезек келесі топ студентіне жолданады. Әр шарды жарып, мақал – мәтелді тапса – 5 ұпай. Шарды жарып жауабын таба алмаса – 2 ұпай, жауабын тапқан топқа – 3ұпай.

 

  Компьютер туралы мақал – мәтелдер Күнделікті өмірде қолданылып жүрген мақал – мәтелдер
1 Жігітті компьютеріне қарап бағала Жігітті досына қарап бағала
2 Байт биттен құралады Теңге тиыннан құралады
3 Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас Шегірткеден қорыққан егін екпес
4 Компьютердің жұмысы иесіне мәлім Аттың сыры иесіне мәлім
5 Антивирусы күштіні вирус ала алмайды Досы күштіні жау алмайды
6 Күлсең ескірген компьютерге күл Күлсең кәріге күл
7 Компьютерде екі колонка дауысы жер жарады Айдағаны бес ешкі ысқырығы жер жарады
8 Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы процессор одан да жақсы Бір бас жақсы екі бас одан да жақсы
9 Білмесең анықтамадан сұра Білмесең,  білгеннен сұра
10 Веб дизайншының өз еркі сайтты қалай жасаса да Қазаншының өз еркі қайдан құлақ шығарса да

 

ІІI. Қорытынды

Өрбітіп ойлар ойда қала берер,
Білім, сана толастап жана берер.
Әділқазы алқасына сөз берейік,
Сайыскерлерге әділ баға берер.

деп сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.

 

Ән: «Көк тудың желбірегені» орындайтын 1вет1 оқу тобының студенті Еділжанұлы Райымбек

Жетпесіңе жеткізген,

Қызықты уақыт өткізген.

Бар ғылымды сыйдырып,

Білетіні көп бізден.

Жаңалықтың жаршысы,

Жұртты елең еткізген

Бәрі бірге: Информатикаға мың алғыс!

 

Білімдіден шығады білгір маман,
Оқы – тоқы білгенің болмас жаман.
Ақпараттық ғасырың – болашағың,
Ақыл – ойды жинақта міне, соған,

Осымен бұл қызықты тамамдасақ,

Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?

Үйрендік білмегенді осы жолы,

Тағы да үйренеміз аман болсақ!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осымен сайысымыз өз мәресіне жетті, келесі кездескенше аман есен болайық!!!

 

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *