Білім күні-жарық күн!

Утеген Дана Омарқызы!

Ақтау қаласы Дінмұхаммед балабақшасы тәрбиеші педагог

Білім күні-жарық күн!

1-қыркүйек Білім күніне арналған ертеңгіліктің бағдарламасы

Жүргізуші:       Бүкіл елде басталып шаттық жыры,
Білім орда шақырар ұғымдыны.
Білім – ғылым бастауы, мерекелі
Құтты болсын бүгінгі Білім күні!

Жүр: Қымбатты балалар! Қадірлі қонақтар! Бүгін бізде ерекше  күн. Ол-білім күні. Ал білімнің бастауы ол-балабақша. Бүгін жаңа оқу жылы басталып,    барлық мектептерде алғашқы қоңырау соғылып, өздеріңдей бүлдіршіндер  алғаш мектепке барды. Олай болса, салтанатты мерекемізді ҚР Гимнымен ашамыз.

Жүр:       Биіктерге бастайтын асқаралы

Әр жүректің сүйікті, асқақ әні

Мерекеде бәріміз жан ұраным

Шырқайық Қазақстан Әнұранын!

                             ҚР   Әнұраны

Жүр:  Қол ұстасып тұрайық

Үлкен шеңбер құрайық

Мерекені тойлайық

Қызық ойын ойнайық.

                  Ойын   «Кәне, дос боламыз»

Бір, екі, үшке, оңға бұрыламыз,

Бір, екі, үш, дауыстап айтамыз

Кәне, дос боламыз! (қол беріп амандасады)

Бір, екі, үшке, солға бұрыламыз,

Бір, екі, үш, дауыстап айтамыз

Кәне, дос боламыз! (қол беріп амандасады)

Бір, екі, үш, дауыстап айтамыз

Кәне, дос боламыз!  (Оң қолды оң жақтағы балаға, сол қолды сол жақтағы балаға береді) 

Жүргізуші: Жақсы, біз көңілді ойнадық, барлығымыз дос болдық.  Бұл достық көп жылдар бойы  берік болып қала берсін! Ал ендл енді мерекемізді жалғастырайық.

Жүр:      Бал-бұл жайнап әріміз

Кіреді біздің сәніміз

Біз бақытты балдырғанбыз

Ән шырқайық бәріміз

                                  Ән «Біз көңілді баламыз»  (Құлыншақ)

Жүр:    Ал балалар, мен енді сендерге сұрақтар қояйын, ал сендер «иә» немесе «жоқ» деп жауап беріңдер.

Жазда су құйдық па гүлге?

Қыздырындық па күнге?

Биледік пе батпақта?

Жаттадық па тақпақты?

Ауылға бардық па атаға?

Тілін алмай, сөз қайтардық па апаға?

Бассейнге суға түстік пе?

Жаман суды іштік пе?

Гүл тердік пе даладан?

Қашып кеттік пе қаладан?

Жүгірем деп құладық па?

Бақшаға бармаймын деп жыладық па?

Жарайсыңдар балалар!   Әрдайым әдепті, үлгілі болыңдар.

(Музыкамен Буратино кіреді.  Ол балаларға жүгіріп барып, қатты айқайлайды.)

Буратино:      Күте тұрыңдар, тоқтаңдар!

Кәне, мені де тосыңдар

Мерекеге қосыңдар!

Ух, әрең дегенде үлгердім –ау!  Бәріңе сәлем! Байқаймын,  сендер мұнда мереке тойлап отырсыңдар ғой.   Бірақ та бүгін күн қандай мереке екені есімде жоқ! Жаңа жыл? 8 наурыз? Немесе туған күн шығар? (Буратино балалардың жауаптарын тыңдайды). Сонда бүгін қайдай мереке?

Жүргізуші: Ай, ай, ай! Буратино, сен үлкен болсаң да   қандай мереке екенін білмейсің бе? Балалар, біз бүгін қандай мерекені тойлап отырмыз? (балалардың жауаптары). Кәне, Буратиноға айтып берейікші.

                                   (Балалар тақпақтар оқиды)

Бірінші қыркүйек күнімен.

Аңқыған жұпар гүлімен

Қуанып бақшаға барамын

Шаттанып әсем ән саламын

Тақпағымды жаттаймын,
Сабағымды баптаймын.
Тамосиктей бақшаны
Ешбір жерден таппаймын.

Мен әдепті баламын
Оқып, білім аламын.
Балабақшам, өзіңе
Арналады бал әнім.

 

Балабақша үйіміз

Сені жақсы көреміз

Үлкен болып өскенде

Еске алып жүреміз

Ақыл – білім үйреткен.
Бақшамызды сүйемін.
Апайларға ерекше

Құрметпен бас иеміз.

Ақыл, сана, білім мен
Өнерге біз сенеміз!
Балалық шын көңілмен
Білім алып   келеміз!

Білім күнін керемет

Барлығымыз   тойлаймыз

Өнерлі боп өсеміз

Гүлдей болып жайнаймыз

Білім – менің ертеңім
Өсу үшін өркенім
Жүзем оқу – айдында
Жайып білім желкені

                     (Өлең оқыған балалар орындарына отырады).

Жүр:  Буратино, жымиып

Маған қарап күліп қой.

Бүгінгі мейрам ұмытпа

Білім күні, біліп қой!

Буратино:  Ах … Енді түсінікті! Мен мұндай мерекені қаламаймын! Мен жазда өте керемет демалдым. Балық ауладым, күнге қыздырындым, суға шомылдым. Ал сендер ше? Кәне, ойын ойнайық, менің қимылымды қайталаңдар!

Қалайсыңдар?   (Екі қолды алға созып, бас бармақтарын көрсетеді)

Қалай жүресіңдер?   (Орындарында адымдайды)

Қалай жүгіресіңдер?   (Жүгіріп көрсетеді)

Қалай тентек боласыңдар?   (Маймылды бейнелейді)

Қалай мұңаясыңдар?  (Көздерін қолдарымен сипап, жылағанды көрсетеді)

Қалай қорқытасыңдар?   (Сұқ саусағын көрсетіп,  қауіп төндіреді)

                   (Ойын 2 рет қайталанады, қарқыны жоғарылайды).

Буратино: Тамаша ойын болды, балалар. Енді би билейтін уақыт келді! Ендеше, болашақ оқушыларды ортаға шақырайық. Билерін тамашалайық.

                                 Би  «Оқушылар»

               (Би соңында Мальвинаның дауысы естіледі.)

Мальвина: Буратино,  қайдасың?

Буратино: Ой, тағы да Мальвина ғой, мені іздеп жүрген?  (Балаларға) Мені жасырыңдаршы, балалар, тезірек!  (Тығылады)

Мальвина: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендерді көргеніме өте қуаныштымын! Сендерді білім күнімен құттықтаймыз! Жазда  жақсы демалған боларсыңдар?   Жаңа оқу жылына дайын екендеріңді көріп тұрмын! Сендер Буратиноны көрдіңдер ме?

Мальвина Буратиноны іздейді.

Мальвина: Буратино, сен қайдасың? Сабақ оқитын уақыт келді.

              Мальвина Буратиноны ортаға алып шығады   

Мальвина: Ах! Буратино,  мырза! Сен ойнаудан шаршамадың ба?

Буратино: Мен балабақшаға оқу үшін емес, көңіл көтеру үшін келдім.

Жүргізуші: Буратино, балалар балабақшада не істейтінін сен білесің бе,?

Буратино: Әрине! Олар қатты айқайлайды, төбелеседі, кәмпит жеп, секіреді.

Жүргізуші:                 Қателестің Буратино,

Біздің балабақшаның

Балалары тамаша!

Барлығы да өнерлі

Көз тоймайды қараса!

Сурет салып, мүсін жасап

Би билеп, ән шырқайды

Тату болып барлығы

Қызықты ойын ойнайды.

Біздің балалар бақшадан көптеген білім үйренеді, бәрін білгісі келеді, тіпті  қазір де олар көп нәрсені біледі.

Буратино: Көп пе? .. Мен оған сенбеймін!

Мальвина: Ал біз саған дәлелдейміз! Иә, балалар? (балалардың жауаптары) Біздің балалар,көптеген әндерді де біледі.

Буратино: Солай ма, олай болса, мен сендерді тексеремін! Бұл қандай  мультфильмнің музыкасы екенін табыңдар!

                                    Саундтрек-мультик

Буратино: Сендер әндерді жақсы біледі екенсіңдер,  ал ертегілерді білесіңдер ме?

Мальвина: Әрине!  Оны да  тексеріп көрсең болады!

Буратино: Ендеше, мұқият тыңдаңдар!

  1. Үйін жинап ертемен,

Мейіз тауып алыпты.

Мысығы келмеген соң,

Ол өкпелеп қалыпты

Бұл қай ертегі   (Мақта қыз бен мысық)

  1. Атай өзі салғанын

Көрді өсіп қалғанын.

Ары-бері тартқылып

Оны жұла алмады

Көмекке кемпір, мысық, ит.
Келмесіне болмады  (Шалқан)

3.  Апасынан қашып кетті,

Атасынан қашып кетті,

Кездестіріп біраз аңды,

Біраз жолдан асып кетті      (Бауырсақ)

Кедей еді бұл бала,

Айы туды оңынан,

Жын шығады керемет,

Сиқырлы оның шамынан. (Алладин)

Әжеме барып келейін деп

Дәмді бәліш берейін деп

Орманға жалғыз барады

Алдынан қасқыр шығады (Қызыл телпек)

Үйге іздеп келіпті

Анасы жоғын көріпті

Есік аш лақтарға

Ән де айтып беріпті  (Жеті лақ)

Сиқыршы ол қызды жақсы көрді

Хрустальді туфли оған берді

Ханшайым боп   зәулім сарайға енеді

Он екіден соң өз қалпына келеді   (Золушка)

Буратино: Сендер ертегілерді де жақсы біледі екенсіңдер,  жарайсыңдар!

Мальвина: Буратино, біз ән айтып қана қоймай, әр түрлі ойындар ойнаймыз! Бізбен көңіл көтергің келеді ме? Олай болса, қызық ойын ойнайық.

                                                    Ойын 

Буратино: Уау, сендер өте көңілді балақайларсыңдар.  Мен де білім алуға дайынмын!

Мальвина: Жақсы!  Буратино, сен жұмбақ  шеше аласың ба? (иә) Олай болса, тыңда!

Кітап-дәптер тұрағы

Бөлмесi көп болады

Оқу-бiлiм аспабы,

Есігі бар ашпалы.   (Портфель)

Буратино:  Мен шешуін таппадым, маған көмектесіңдерші достар!

Балалар: Портфель.

Мальвина: Буратино, портфельмен мектепке не салып апару керектігін білесің бе?

Буратино: Жоқ.

Мальвина: Олай болса, балалар саған көрсететін болады. «Портфель» көрінісін тамашала!

                                    Қоңырау үні естіледі

Портфель:     Дзин, Дзин, Дзин,

(Жазба)         Қоңырау соғылды!

Құлпымды ашамын!

Достарымды көңілді

Ортаға шақырамын!

                             (Портфельден оқу құралдары шығады)

 Бар кітапқа бас болған
Әліппе ғылым ағасы
Әліппеден бастаған
Даналардың данасы.

Төрт бұрышты түрім бар
Тор көз жолақ көзім бар.
Дәптерді көп қып алыңдар
Мектепке сосын барыңдар.

Мен әдемі қаламмын,
Суретті де саламын,
Жазуды да жазамын.
Оқушының досы боламын.

Жазулы менде әр күнің
Бар мінезің тәртібің
Мен боламын күнделік
Жолдасыңмын мен сенің

Көрсететін баршаға
Карындашым қаншама
Оқушы ұштап алады,
Сәл мұқалып қалса да

Мен саламын үшбұрыш
Мен саламын  көпбұрыш
Мен боламын сызғыш
Мендей түзу болуға 
Барлық бала тырыс

  Қате көрсем өшігіп,
Тастаймын мен өшіріп.
Оқушының құралы
Мен боламын өшіргіш.

Буратино: Рахмет! Сендермен дос боламын

Мектепке бірге барамын

Мальвина:       Буратино достарым,

Мальвиналар келіңдер!

Көңіл-күйді көтеріп

Би билеп беріңдер!

               «Мальвина мен Буратино» биі

Жүргізуші:     Таудан биік талабы
Біз – сүйкімді баламыз!

Риза етіп баршаны
Әсем әнге саламыз

«Балабақша» әні

Мальвина:      Қымбатты досым, Буратино

Енді жалқау болмағын

Кітаптарды көп оқып

Білім биігіне самғағын!

Буратнино: Әрине, Мальвина,

Мен енді мектепке барамын,

Ақылды Буратино боламын!

Мальвина: Жақсы, алға! Білім еліне есіктер айқара ашық! Бірақ оған жету үшін біз оның сиқырлы қақпасынан өтуіміз керек!  Олай болса, кеттік, алға!

Жүргізуші:       Сырлары көп ғылымның
Шешілмеген әлі де
Тереңдігі білімнің
Керек екен бәріне! –дей келе бүгінгі мерекелік іс-шарамызды аяқтаймыз.

музыкамен балалар Мальвинаның артыннан «поезд» болып жүре отырып,      «білім елі» деген сиқырлы қақпалардан   өтеді, содан кейін тәрбиешілермен мен бірге өз топтарына тарайды.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *