АТА ЗАҢ ХАЛЫҚ ҚОРҒАНЫ БОЛА АЛЫП ОТЫР МА?
Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғанына небәрі 33 жыл ғана, егер тарихи тұрғыдан қарастыратын болсақ онда, ол өте қысқа деп айтуға болады. Осындай қысқа мерзімде қоғамдық сұранысты толығымен қанағаттандыра алатын заң шығару ол жаңадан тәуелсіз мемлекет болған оның ішінде капиталистік даму бағытта таңдаған Қазақстан үшін үлкен сын. Ал жеке адамның өмір сүру мерзімімен алып қарайтын болсақ онда, біршама уақыт өтекендей.
Деседе, Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялаған уақыттан бастап екі Ата заң қабылданды, және соңғы Конституциямызға 8 рет толықтырулар мен өзгертулер енгізілген болатын. Олар: 1998 жыл, 2007 жыл, 2011 жыл, 2017 жыл, 2019 жыл, 08.06.2022жыл, 1.09.2022 жыл, 2023 жыл. Осы енгізілген өзертулер мен толықтыруларды зерделейтін болсақ, басым көпшілігі мемлекеттік билік тармақтарының өкілдерінің құзыреті мен қызметі және мемлекеттік билік функцияларының әр түрлі позицияларын жетілдіру аясында көрініс тауып отыр. Халықты оның ішінде қазақ ұлтына ұлттық басымдық беру мен қорғау мәселесі мүлдем қарастырылмады. Оны осы ата заңымыздың 7-ші бапынан ақ байқауға болады. Әлемде өзінің ұзақ тарихымен мәдениеті, діні мен ділі бар өзін ұлт ретінде сыйлайтын барлық дерлік мемлекеттер өз заңдарында өз ұлтын, тілін, тарихын барынша ұлықтап көретіп отыр. Тек Қазақстан Республикасының ғана Конституциясында ондай ұлттық патриоттық исі сезілмейді де. ҚР Конституциясының 7- баптың 2-ші тармағы «Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады» – дегенді айтып отырмыз, мемлеттік тілмен қосы ресми мемлекеттің тілі орыс тілі деп бекітілген. Қазақтың ата бабасының 13 ғасыр бойығы әдеп ғұрпына негізделген заңдары соның негізінде қалыптасқан мәдениеті мен дүниетанымы ислам дінімен ұштасқан ел бола тұра Ата заңымызда қазақ мемлекетінің діне ислам деп бір ауыз жаза алмай келеміз. Ислам құқығында адамдың бүкіл болмысынан оның жынысымен қоса қоғамдағы орнына қарай қорғалғандығын ата бабамыздың Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» т.б. көптеген заңдарымыздың негізі болған ислам дінімен оның негізгі қағидалары болғандығы тарихтан белгілі.
АҚШ конституциясында адамның жеке меншік құқығы танылып оның қорғау мемлекеттің әрі, әр бір адамның, әрі қоғам белсендісінің міндеті болып танылған. Сондықтан да, ол елде жеке меншіктің дамуы ол мемлекеттің экономикасының тұрақты әрі барлық елден озық болуының негізгі темір қазығы деп ойлаймыз. Ал, Қазақстан үшін әлемде өте көп мемлекеттердің тәжірибесінде өз ата заңымыз арқылы адам құқытарын оның ішінде қазақ ұлтының, халқының құқығын қорғауға зәру болып отырған мемлекетте халық қорғаны болып отырма жоқ па оны өзіңіз саралаңыз.
Жалпы алғанда Ата заң халықтың мүддесін қорғап, жалпы мемлекеттік бірыңғай саясат жүргізуге өз ықпалын жасап отыр. Біздің мемлекетте өзге дамыған мемлекеттер секілді өз елінің азаматына басымдық беретін құқық конституциямызда қарастырылмаған. Мысалы, АҚШ-та байырғы халық өкілдеріне ерекші құқығы танылып ол заңмен қорғалған. Сондай мемлектер өте көп олар: Арап әмірлігі, Германия, Жапноия, Қытай, және тағы басқалары.
Еліміз тәуелсіздік алған жылдары экономикалық дағдарыстарды басынан кешіре отырып, өтпелі экономикалық дағдарыстардан да өтті. Елдің экономикасын дамыту арқыл ғана мемлекет басқа салаларға көңіл бөле алатын саясат ұстанып келеді. Алайда, әлемде біздің елге қарағанда табиғи байлығы жоқ, сонымен қатар әкімшілік аумақтық териториясы да шағын, халық саны бізден бірнеше есе көп мемлекеттер дамыған елдердің қатарына енуі біздің мемлекеттік саясат дұрыспа деген сұрақ туындатады көпшілкі халыққа.
Ата заңымызды АҚШ-тарының конституциясымен олардың Биллдерімен салыстырып қарайтын болсақ, жекеменшік қорғау туралы тек 6-шы бапты ғана қысқа қайтарылған болды, 6-бап 1 тармағы: «Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады» делінген. Ал 3-тармақта: «Жер жəне оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады» – делінген. Халық кім деген сұраққа біздің мемлекеттік биліктегілер әлі күнге дұрыс түсіне алмай келе жатқан секілді. Халық ол осы елде өмірсіріп келе жатқан басқада этонстар емес, халық деп байырғы ата бабасы осы жер иесі болып келе жатқан тек қазақ халқын түсіну қажет, барлық заңдарда Жер кодексі, Су, Орман, т.б. кодекстер мен заң нормаларын қолданғанда халық деген Ата заңдағы термин мағынасы Қазақ халқы деп қана түсуні қажеттігі әлі де болса соттар мен мемлекеттік қызметшілерге, әкімдер мен миністірлерге Үкімен мүшелеріне мейлінше кеңінен түсіндіру жұмыстары жасамағандықтан қазіргідей жағдайға тап болып отырған жайымыз бар.
Ата заңда кемшіліктер бар бірақ, біз заңнан кемшілік іздемейміз, біз оны түсіну мен түсіндіруден кемшіліктер жіберіп отырмыз деп ойлаймын. Соның салдырынан мемлекеттік атқарушы билік органдары мен құқыққорғау органдары заңды қолдануда көптеген ұлттық мүдеге керіаған ағаттықттар жіберіп отыр деп ойлаймыз. Сондықтан да, ата заңдағы әрбір сөзге талқылау бергенде ҚР Конституциялық Соты осы ұлттық мәселені әрдайым қаперде ұстану керек. Сонда ғана қазақ халқы өз құқығын өзінің заңды мүддесінің қорғалғандығына сенімді бола алады. АҚШ-пен салыстарғанда Қазақта патриоттық жоқтың қасы, неге десеңіз ұлтты біріктіретін, қазақтың басын қосатын ұлттық иедялар жоқ, оған ата заңмен негіздер болмағандықтан жай жалаң сөздер ешкімге ешжерде өтпей жатқандығы да жалған емес.
Қазіргі қоғамдағы Ата заң мені қорғайды деу жаңсақ пікір. Ата заң ол жеке тұлға ретінде бұзылған құқықтар мен заңды мүдделерді қалпына келтіре алмайды. Оған арнай заңдармен заңнамалық актілер бар солар ғана қорғайды адамның жеке құқықтарымен заңды мүдделерін. Мысалы, адамның жоғары білім алғысы келді ЖОО барды құжат тарсыпу қажет, ол жердегі арнайы бекітілген қабылдау тәртіп ережелер бар. Ал жалпы Ата заңда білімге қатысты 30-шы бап қана бар болды, бірақ ол баппен бүкіл жоғары білім беру жүйесіндегі адам құқықтарын қорғау мен заңды мүдделерін қалпына келтіру мүмкін емес. Сондықтан да, Ата заң ол мемлекеттік мүдде мен мемлекеттің сыртқы және ішкі саясатыны анықтайтын әрі мемлекеттік билік тармақтарын олардың қызметі мен құзыретін айындаушы басты құжат ретінде түсіну қажет. Ал күнделікті қоғамдағы құқықтық мәселелерді Ата заң шешпейді, оны қарастырмайды, бірақ арнайы заңдар осы Ата заңнан өздеріне негіз алады деп түінген жөн болады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Заң факультеті,
Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының PhD докторы, Мырзатаев Н.Д.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Тарих факультетінің доценті,
Тарих ғылымының кандидаты, Кафедра меңгерушісінің халықаралық байланыс және ғылыми-инновациялық жұмысы бойынша орынбасары Арынов Ж.М.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718