Білім берудегі инновациялық технологиялар
Аннотация
Бүгінгі заманда оқушылардың білім алу процесін жаңа технологиялар арқылы жасауы керек. Бастауыш сыныпта инновациялық технологияларды қолдану арқылы мұғалімдер оқу процесін үнемі қызықтыратын, интерактивті және қатты түсіндіруге мүмкіндік беретін оқу әдістемелерін жасау қажет. Инновациялық технологияларды қолдану арқылы бастауыш сыныпта оқушылардың меңгерушілігін, қабілетін және креативтілігін дамыту. Бұл мақалада бастауыш сыныпты оқытуға арналған инновациялық технологиялар жайында айтылады.
Аннотация
В современный век студенты должны осуществлять процесс обучения с использованием новых технологий. При использовании инновационных технологий в начальной школе необходимо создавать методы обучения, позволяющие учителям постоянно быть интересными, интерактивными и доходчиво объяснять процесс обучения. Развитие мастерства, способностей и творческих способностей учащихся начальных классов с использованием инновационных технологий. В данной статье говорится об инновационных технологиях начального школьного образования.
Annotation
In the modern age, students must carry out the learning process using new technologies. When using innovative technologies in primary schools, it is necessary to create teaching methods that allow teachers to constantly be interesting, interactive and clearly explain the learning process. Developing the skills, abilities and creativity of primary school students using innovative technologies. This article talks about innovative technologies in primary school education.
Қазіргі таңда әр мұғалім өзіне мынадай толғанарлық сұрақ қояды және оған жауап іздейді: «ХХІ ғасырдың мектебі мен мұғалімі қандай болу керек?» деген ой туады. Яғни, білім берудегі жаңартылған білім мазмұнына сәйкес қазіргі мектепке ойшыл, зертеуші, тәжірибелік қызметі мол, педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген іскер мұғалім қажет.[1] Қазір бұл сөз «жаңа, өзгеру, жаңаша» деген мағынаны білдіреді жəне дəл қазіргі жаңа заманға да «жаңа, жаңаша өзгерудің» мазмұны терең жəне анық екендігі белгілі. Бұл əдістеменің негізінде үйренушінің дербес қабілеті, белсенділігін қалыптастыру, оқыту материалдарын өзінше пайдалану арқылы танымдық белсенділігін арттыру алға шығады. Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол «Инновация, инновациялық үдеріс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану жəне таратуға байланысты бір бөлек қызметі» деген анықтаманы ұсынады Инновация» сөзі – қазіргі уақытта барлық өндіріс, медицина, техника салаларында өте жиі қолданып жүрген термин. Жаңа инновациялық педагогикалық технологияның негізгі, басты міндеттері мынадай:
– əрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-əрекеттерін
мақсатты түрде ұйымдастыра білу;
– білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай
дəрежеде тəрбиелеу;
– өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;
– аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.[2]
Бастауыш сыныпта инновациялық технологияларды қолдану, оқу процесін жаңа нұсқаулармен жаңарту арқылы оқушыларға технологиялық жеткізулер мен интерактивті дайындамалар көрсету мүмкіндігін береді. Бұл арқылы оқушылар оқуды қызықтығын және түсіндірудің артықшылықтарын тыңдауға мүмкіндік береді Бұл өте қажетті білім беру процесін қамтамасыз етудің ерекшеліктеріне қосымша көмектеседі.
Оқу тәрбиесі үрдісінде педагогикалық технологияларды енгізу 4 кезеңнен тұрады:
1. Жаңа идеяны іздеу;
2. Жаңалықтарды ұйымдастыру;
3. Жаңалықтарды енгізу;
4. Жаңалықтарды бекіту.
Инновациялық технологиялардың түрлері:
-
Деңгейлеп оқыту технологиясы.
-
Проблемалық оқыту технологиясы.
-
Ұжымдық оқыту технологиясы.
-
Дамыта оқыту технологиясы.
-
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
-
Ойын технологиясы.
-
Интерактивті қолдану технологиясы.
-
Сатылай комплексті талдап оқыту.
-
Жобалау технологиясы.
-
Саралап оқыту технологиясы.
-
Модульдік оқыту технологиясы.[3]
Деңгейлеп оқыту технологиясы
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты – жан-жақты білімді, дамыған тұлғаны қалыптастыру, бұл технология оқушының білім деңгейіне сәйкес жеңілден қиынға қарай оқытылады.Оқушыны деңгейге бөліп оқыту үшін сабақ жаңаша жоспарланады. Оқушыларға деңгейлік тапсырмаларды беру арқылы сан түрлі жұмыс жүргізіледі. Оқушының алған білімін жүзеге асыра алатындығы тексеріледі. Өз бетімен жұмысты орындауға, бейімділігі бақылауға алынады. [3]
Проблемалық оқыту технологиясы
Проблемалық оқыту дегеніміз – мұғалімнің басшылығымен проблемалық жағдайлар туғызу, оны оқушының шешу жолындағы өзіндік қызметінің нәтижесінде шығармашылдығын, білімін, дағдысын, іскерлігін, ойлау қабілетін жетілдіру. Проблемалық оқыту әдісі оқушыларды өздігінен еңбек етуге, алған білімін жаңа материалмен ұштастыра білуге үйретеді. Ойланбай алған білім дарымайды. Дұрыс таңдалған әдіс-тәсілдер баланың алдына мақсат қойып, нәтижеге жетуге жетелейді. Әр сабақ сайын ізденуге үйренген бала кез-келген проблеманы тез шешуге үйренеді.[3]
Ұжымдық оқыту технологиясы
Келесі жиі қолданылатын технологияның бірі ұжымдық оқыту технологиясы. Бұл технология оқушының қабілетін дамытуға, еңбек етуге, ынтымақтастыққа, ұйымшылдық қабілеттерін оятуға тәрбиелейді.
Оған мынадай басты талаптар қойылады:
– әр оқушының еңбектенуі және оның еңбегі пайдаға жарау қажет;
– өзінің еңбегін және басқаның еңбегіне жауапкершілікпен қарау;
– өзі оқи отырып, қасындағы оқушыны да оқыту;
– түсінбегенің түсіндіріп, көмектесуі керек.[3]
Дамыта оқыту технологиясы
Дамыта оқытуда-оқушы өз іс-әрекетін өзі құруға, өзін-өзі дамытуға, білімді өз бетімен меңгеруге, өз ойын еркін айтуға, дәлелдеуге, шешімнің дұрыс-бұрыстығын қабылдауға, өз бетімен іздену жұмыстарын жүргізуге, өзін – өзі бағалауға үйретіледі.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мақсаты сынауға емес, шыңдалған ойлауға үйрету.
Бұл технология 3 сатыдан тұрады:
а) Қызығушылықты ояту – оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап оны байырғы біліммен ұштастырады. Алдымен ойын дәптерге жазады, жұпта талқылайды, осылайша ойы ашылып, жаңа білім жайлы ақпарат жинайды.
ә) Мағынаны тану:
Бұл кезеңде оқушы жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмаларды орындайды.
Мысалы INSERT стратегиясы бойынша алдымен мәтінді түртіп оқып танысады сол мәтін бойынша белгілерді қояды «v»- білемін, «- » – білмеймін, «+»- жаңалық, «?»-таң қалдырды, өз бетімен жұмыс жасап белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады.
б) Ой толғаныс – дәл осы кезде үйренуші не үйренгенін саралап салмақтап оны Қай? Қандай? жағдайда қалай қолдану керектігін ой елегіне өткізеді. Оқушы өзінің өзгергенін сезінеді, өзіне өзгеше сенім, тәрбиелік, даналыққа бастау алады.
Бұл кезде мұғалім оқушыларға серік болып, бірге жұмыс жасап, оларға сеніммен қарап өз ойын, ақылын айтып отырады.
Бұл технология балаларды бірін – бірі тыңдап, құрметтеуіне үйретеді. Бұрын үндемейтін балалар, сабаққа қызу араласып кетеді, ойын ашық айтып, еркін жеткізеді.
Бастауыш сыныптарында тиімді қолданылатын стратегиялар бұл «Түртіп оқу», «Екі түрлі түсініктеме күнделік», «Жигсо I», «Сематикалық карта», «Эссе жазу», «Топтастыру», «Венн диаграмасы» және т.б стратегиялар.[3]
Ойын технологиясы
Ойын технологиясы – бұл түрлі ойындар арқылы оқушының ынтасын, көңілін көтеру, сабақты жандандыру, оқушылардың сабаққа деген қызушылығын арттырудың жолы.[3]
Сабақта ойын түрлерін пайдалану
Ойын түрлері оқушының ой қабілетін арттырумен бірге сабаққа белсенділігін, қызығушылығын оятып, ізденімпаздық, зерттеушілік, шығармашылық қабілетін дамытады.
Ойынсыз ақыл- ой қалыпты дамымайды. Ойын арқылы баланың рухани байлығы өмірмен ұштасып, айналасындағы дүние туралы түсінік қалыптасады.
Ойындар — тек денені ғана емес, ойды да жаттықтырушы. Халық өзін қоршаған дүниенің қыры мен сырын егжей-тегжейлі білуді баланың санасына ойын арқылы беруді көздеген.Ойын бала табиғатымен егіз.Өйткені ойынсыз өспек емес, жан-жақты дамымақ емес.
Сондықтан кез-келген сабақты өткізу үшін дидактикалық ойындар қолдана білу керек. Мысалы «Сауат ашу» оқулығында тақырып соңында тапсырмалар берілген. Осы тапсырмаларды ойын арқылы өткізуге болады. «Ұйқасын тап», «Сиқырлы қоржын», «Анаграмма», «Тауып ал», «Логикалық ойындар» т.б. ойындар. Ал математика сабағында баланың логикалық ойлауында дамытатын ойындар «Құрастыру», «Бөлігін тап», «Көршісін тап», «Ойлан тап» «Санамақ».[4]
Интерактивті оқыту технологиясы
1991 жылы дүниежүзінде бірінші рет интерактивті тақта ұсынылатын болған. Ал әлемдік интерактивті технологиялардың ең алғаш кең тараған саласы – білім беру саласы. Ұстаздар қауымы да, оқушылар да жаңа интерактивті технологияларды үдерісінде пайдалану артықшылықтарын өте жоғары бағалады.
Бүгінгі күні көптеген оқу сыныптары мен оқу дәрісханалары интерактивті тақталармен жабдықталған. Біріншіден, жалпы білім беру мектептеріндегі оқу үрдістері қызықты да көрнекті болды, ал орта және жоғары білім беру мектептері кәсіби білімін тереңдете түсуге үлкен мүмкіндіктер алды.
Интерактивті технологиялар білім беру жүйесінде мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, оқу үдерісінде терең де сапалы білім беруге жол ашып, ерекше орын алып отыр.
Жаңа ғасырға – жаңа технологиялар. Интерактивті тақтамен және проектормен жұмыс кезінде бейне слайдтар және компьютерлік анимациялар жасауға көп мүмкіндік аламыз, сонымен қатар тақта алдындағы жұмысымыз бормен жұмыс істеп отырған секілді қарапайым да жеңіл болады.[3]
Қорыта келгенде қазіргі таңда білім беру процесінде оқытудың жаңа технологияларын пайдалану қажет. Инновациялық технологияларды пайдалану тек оқушыға ғана өз көмегін беріп қоймай мұғалімніңде бойындағы интеллектуалды, адамгергершілік, және де басқа да көптеген қабілеттерінің қалыптасуына өз әсерін тигізеді. Жаңа инновациялық технологияларды білім беруде қолдану оқытудың сапасын көтеруге ықпалы зор.
Бүгінгі таңда бүкіл әлемде білім беру сапасын бірінші орынға қояды. Білім беру саласындағы мәселелерді шешуде жаңа технологияларды пайдаланудың орны бөлек болып табылады. Ұстаз бен оқушының бірге жасаған жұмысының нәтижесі – сапалы білім болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер
-
1.Тақырыбы:Бастауыш сыныпта инновациялық технологияларды тиімді қолдану. (ziatker.kz)
-
2.Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар: Оқулық. – Алматы: 2014. – 360 бет.
-
«Бастауыш сыныптарда инновациялық технологияны қолданудың тиімділігі» (ustaz.kz)
-
Баяндама тақырыбы: «Ойын арқылы оқыту технологиясы» (infourok.ru)