Балабақша – бақыт мекені
Ержан Айжан Ержанкызы
Алматы қаласы білім басқармасы Әуезов ауданына қарасты ЖШС «Lion garden» балабақшасының меңгерушісі.
|
Балабақша – өскелең ұрпақты тәрбиелейтін киелі мекен, бақыт ордасы. Мектепке дейінгі шақ адам өміріндегі ең маңызды кезең болып келеді. Өйткені осы кезде баланың бойындағы табиғи бар дарындылық жан-жақты дами бастайды. Сондықтан осы шақта балалармен анағұрлым жан-жақты дамытушылық әрекеттер жүйелі жүргізілсе, жұмыс соншалықты нәтижелі болады. Тәрбиелі, білімді ұрпақ балабақшадан мектепке дайын шәкірт болып шығады. Балабақша ұжымы келешек ұрпақтың тәрбиелі, білімді болып өсуіне қызмет етіп келеді. Балабақшаның алдыңғы қатардан көрініп келе жатқан білім ордасы атануына жақсы жетістіктерге жете білген әр тәрбиешінің еңбегі бар. Балабақшада балаларға білім беру, тәрбиелеуде барлық жағдай қарастырылған. Балалардың тілін дамыту үшін ертегілер, тақпақтар, өлеңдерді мәнерлеп оқу, суретке қарап өз ойын ашық айтып жеткізуге арналаған дамыту жұмыстары жүргізіледі. Бірде ән айтып, көпшіліктің көңілін көтерсе, енді бірде қойылым көрсетіп, балалық қылықтарымен көпшіліктің ықыласын өздеріне аудара біледі. Сондай-ақ тәрбиешілер ата-анамен бірлесе, үнемі тығыз байланыста жұмыс жасайды. Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде тәрбиешілердің ұстанымы ауысқан: ол балаларға басшы емес, білім беру қызметінің тең қатысушысы. Мұндай оқыту баланың интеллектуалды қабілеттілігін айтарлықтай шамада анықтайды, балаларға мінезін қалыптастыруға, байланыс тілді, логикалық ойлауды, дүниетанымды дамытуға, сыни ойлауды қалыптастыруға және жеке мүмкіндіктерді беретін дамытушы орта құруға мүмкіндік береді. Балабақша – барлық тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы іспеттес. Мұндағы тәрбие мен білім балалардың табиғи мінезін, қабілетін ерте жастан дамытады. Бала – болашағымыз, бала – қуанышымыз. Ендеше мектепке дейінгі үздіксіз тәрбиемен, біліммен қамту өзімнің басты мақсаттарымның бірі екенін қуана айта аламын.