Дұрыс қанаттанған түзу ұшар

Махметова Алия Айтмаганбетовна

«Анағұрлым қиын тиетін қайта тәрбиелеу жұмысына

оралмау үшін әуелден дұрыс тәрбие беруге тырысу керек»А.С.Макаренко

Жас бала-жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді.Жерге отырғызған жас көшетке қашан тамыры тереңдеп,жапырағы жайқалғанша мәпелеп күтіп, үзбей тәрбиелену керек. Ұлы ғалым,философ Әбу Насыр Әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес тәрбие керек: тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі» десе Жан-Жак Руссо «Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі».Тәрбие-жеке тұлғаның санасына, мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына әсер ететін құрал. Ұзақ күрделі процесс. Тәрбие әдісін дұрыс қолдана білуіміз керек.

Тәрбие әдісі дегеніміз оқушының тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердіңөзара байланысты педагогикалық жұмыс тәсілдері. Тәрбие әдістеріне: сендіру, жаттықтыру, мадақтау, жазалау, іс-әрекетті ұйымдастыру, оқушының тәртібіне ықпал ету.  «Тәрбие хрестоматиясын» оқып отырып, осы тәрбие әдістерінің біздіңмүмкіндігі шектеулі балалар үшін мен қайсысын қолдандым? Оқып отырып ойға қалдым…Жазалау дейді? Жоқ, олар өздері де жазаланды ғой. Біреуі арбаға танылып, біреуі  ходуногын сүйретіп жүр емес пе?

«Мәдени мінез-құлықты оқушы бойына қалыптастыруда осы маңызды рөл атқаратын тәрбие әдісінің бірі-жаттықтыру».Антон Семенович Макаренко. «Балалардың бойында жақсы әдет, дағдылардың мықтап орын алуы үшін оны үнемі жаттықтыру керек»дейді.Осы әдісті бойына сіңіруде тәрбие құралы ретінде оқу жұмысын да,әр түрлі сыныптан тыс жұмыстарда, спорт жарыстары, сондай – ақ сөйлеген сөз,әңгіме арқылы іс тәжірибе ретінде қолданып жаттықтыру арқылы іске асырылады.

Ертедегі Рим философы Сенека «Адамды ақыл айтумен қайырымдылыққа тәрбиелеу қиын. Жеке бастың үлгісімен тәрбиелеу әлде қайда оңай» деген.

Мүмкіндігі шектеулі жандар күніне орай мектебімізге кездесуге келген пара -лимпиядашылардың келуі біздің балаларға қуанышты сәт болды. Арбаға танылып отырғанадамдар Рио2016 паралимпиада ойындарына қатысушылар. Өмірден түңілмеген, жеңіске қайсарлығын арқасында жеткен. Олар үлгі біз үшін нағыз батырлар.Арбадағы биші Ардақ Отарбаев,ауыр атлетші Вадим Дукарт,суда жүзушіАнуар Ахметов. Олардың балаларға айтқан әңгімелері, суретке бірге түсуі ұмытылмас кеш. Бұл кездесу балаларды қайсарлыққа тәрбиелейді. Оларды үлгі ретінде көрсете отырып,споршылардың,бишілердің өнерлері, өмір жолдары болашаққа сендіре алады.

Оқу іс үдерісі кезінде, басқа мектептен тыс іс шараларға қатысу кезінде мадақтау әдісі біздің балалар үшін ең жақсы әдіс. Бір ауыз тақпақ айтсада,сыныптастарымен ән айтсада өзің қоса қуанып, оларды мақтап отырсан жаның рахатқа бөленіп отырады. «Жақсы сөз – жарым ырыс», «Адам сөзбен семіреді» деген халық даналығы.Дарынды психолог әрі педагог Жүсіпбек Аймауытовтың «Дәрігер адамның денесін сауықтыратын болса,мұғалім адамның ақылын, мінезін, жанын сауықтырады» деген қағиданы ұстана отырып, педагог мамандармен бірлесе отырып жұмыс жасап, тәрбиенің тиімді болуын қараған жөн. Педагог мамандар тәрбиешілер, сынып жетекшісі, психолог, логопед, дефектолог,дәрігер, педагог ұйымдастырушылар жатады.Тәрбиеге мамандардан басқа ата-ана да үлкен рөл атқарады. Атақты педагог,жазушы Василий Александрович Сухомлинскийдің «Бала ата-ананың адамгершілік өмірінің айнасы».Жүсіп Баласағұни «жетесіз ұлдан жетелі құл артық, пайдасыз ұл жаудан жаман» дей келіп ата-анаға кеңес береді.

Ұл қызыңа үйрет білген білімді ,

Қолыңа ұстат кеудеңдегі күніңді.

Сонда ұл-қызың адамдықтан таймайды

Көңілі таза,көзі шоқтай жайнайды.

Сонымен қатар, тәрбиенің күшіне шүбәсіз сенген ақын:

Балам білім жолын қусын десеңіз,

Бесігінде ақ ілім шоғын көсеңіз….

Білім үйрет сәбиіңе сарыла,

Уыздай ілім сүттей сіңер қанына !

Сәбиңде көкірекке түйгені

Өлгенше санасында жүреді,-

Бұдан шығатын түйін, бала тәрбиесіне ең әуелі ата-ананың ұстамдылығы, ақыл-ойы, сана-сезімі, адамгершілігі маңызды әсер етпек. Бірлесіп көтерген жүк жеңіл демекші бала тәрбиесіне бәріміз жауаптымыз.Абай Құнанбаевтың сөздерімен аяқтағым келеді. «Қара сөздерден» 37сөзінде «Мен егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзетіп болмайды деген кісінің тілін кесер едім» деген екен.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *