Заттар және олардың физикалық қасиеттері

Шинбаева Салтанат Аманкосовна

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Химия пәні туралы алғашқы ұғым беру, заттардың қасиеттерін , таза зат және қоспа ұғымдарын түсіндіру.

Дамытушылық: Заттарды анықтауға және олардың қасиеттерін сипаттай білуге үйрету.

Тәрбиелік: ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: танысу сабағы.

 Сабақтың әдіс – тәсілдері: сұрақ-жауап

       ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР. Химияның маңызын көрсететін көрнекі құралдар,үйде және зертханада /лабараторияда/ қолданылатын әр түрлі заттан тұратын бірдей денелерді көрсету. Мысалы, шыныдан, фосфордан, металдан жасалған стакандар немесе алюминийден, темірден, мыстан жасалған сым, қасық, т.б. Пәнаралық байланыс: физика, биология

     ТІРЕК БІЛІМ МЕН БІЛІКТЕР. Дене, зат және заттың қасиеті туралы түсініктер.

      Оқушыларды жаңа пәнмен таныстыру. Оқушылардың химияның алғашқы сабағына  үлкен қызығушылықпен келетін жөн. Химия кабинетінің жабдықталуы, жаңа нән, жаңа мұғалім баланың көңіл күйіне ерекше әсер етеді. Сондықтан да алғашқы сабақты мазмұнды, қызықты етіп өткізу керек.. Алғашқы сабақтан бастап оқушыларды зертханада жұмыс істеу ережелермен таныстырған жөн. Оларға кабинетте кітаппен ғана емес,зертханалық құралдармен жұмыс істеу тапсырылатынын ескертудіңмәні зор. Сол себепті кұралдар мен оқу жабдықтарын дұрыс пайдалану қажеттігі айтылады. Сабақ оқу  кезінде негізгі құрал оқулық болғандықтан мұғалім оның мазмұнымен, құрылымымен таныстырады.

 Жаңа сабақты түсіндіру. Бұл сабақта оқушылар химия ғылымының алғашқы ұғымдарымен танысады, оларды салыстыра білуге үйретеді.Алғашқысабақта оқушылардың жаңа пәнге деген қызығушылығын арттырудың зор маңызы бар. Сол себепті  мұғалім төмендегі  сұрақтардың мәнін ашуы керек .1.Жаратылыстану  ғылымдарының ішіндегі химияның рөлі

.2. Күнделікті өмірдегі, шаруашылық саласындағы химияның басқа  пәндермен байланысты.

  1. Еліміздің шаруашылығын дамытудағы  химияның рөлі.

    Одан кейін физика курсынан таныс зат , дене ұғымдарын оқушлардын есіне түсіру керек:

 а/  денелер деп нені айтады?

 ә/ денелерге қандай қасиеттер тән /пішіні, мөлшері, массасы, түсі, дәмі, исі, тығыздығы, қаттылығы, т.б./?

Мұғалім заттың алуын  түрлілігіне,  жаңадан алынып жатқан заттардың қасиеттеріне, айырмашылығы мен  ұқсастығына тоқталады. Сонан соң  заттрдың касиеттеріне  қарай әр түрлі болатындығын түсіндіреді, яғни  оқушыларды  бір заттың басқа затпен салыстырғанда  ұқсастығы мен ерекшелігі неде  екенін ажырата білуге үйретеді.  Сол сияқты  оқушыларды зат және физикалық  дене  ұғымдарын ажырата білуге  үйреткен жөн. Осы екі ұғымды ажырата білу  білігін  қалыптастыру  үшін  төмендегі  тапсырманы орындатамыз. Келтірілген  тізімде  заттар және физикалық  денелер берілген: су,  сызғыш,  сода, қант, алюминий, стақан, қасық.

            Осы тізімнен заттарды іріктеп жаз/ I нұсқа/. Физикалық  денелерді іріктеп  жаз/II нұсқа/.

 Оқушылар заттың физикалық қасиетімен танысқанда жай заттың қасиетімен  танысу ережесін  еске түсіреді, әсіресе  сандық айырмашылығына  баса көңіл аударады.Себебі, химия  пәні  дәл есептеуді қажет ететін пәннің бірі. Сандық қасиеттерді анықтауға арналған кейбір құралдармен /ареометр,термометр/ таныстырады. Зертханалық тәжірибелерді өткізеді. Оқулықтағы  сипаттау тапсырмаларын алғаш мұғалім жасап көрсетеді кейін оқушылар ондай тапсырманы өздігінен  орындауы керек. Заттың қасиетін  төмендегі кестені толтыра отырып сипаттаса оқушылардың ісінде көбірек сақталады.

 

Үйге тапсырма беру:   Кіріспе, §1 ж/е 1-жаттығу

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *