сандар әлемі
Күні:
Білім беру саласы: Таным, Комуникация
Бөлімдері: Математика
Тақырыбы: « Математикалық ойындар » Мақсаты:балардың жылдық білімдерін қорытындылау. Математикалық мазмұндағы В.Васкобовичтің дамытушы ойындар арқылы білімдерін тексеру. Білімділік: балалардың сан және санау, геометриялық пішіндер, есептер шығару, салыстыру , логикалық жұмбақтар шешу бойынша жыл бойына өткен білімдерін бекіту.
Дамытушылық: балалардың шығармашылық, логикалық ойлау қабілетерін, қиялын,ұшқырлығын дамыту. Тәрбиелік: байқампаздыққа, жылдамдыққа, өзін-өзі көрсете білуге тәрбиелеу. Әдіс-тәсілдер:ДСТ,сұрақ-жауап, әңгімелеу,есептеу,ойын, Сөздік жұмыс: хатқалта сөзінің мағынасы – конверт. Алдын ала атқарған жұмыс:сандарды, пішіндерді қайталау,есеп шығару. Көрнекіліктер:ағаш паносы, Васкабовичтің ғажайып шаршылары пішіндер, сандар,қобдиша
Ұйымдастыру кезеңі:– Балалар, қараңдаршы, «Ботақан» тобының балалары сондай ақылды, тәртіпті, ойшыл дегенді естіп, бізге қаншама қонақтар келіп отыр. Біз үшін бұл өте маңызды күн.
– Ең алдымен бүгінгі күнді есімізде қалатындай бір естелік жасап көрейік. Дайынсыңдар ма?
Шаттық шеңбері: Шеңбер болып тұрайық.
Әлемде нұр тыныштық.
Әрбір бейбіт күн ыстық!
Жарқырайды қаламыз
Жайнай түсті даламыз.
Қайырлы таң балалар!
Қайрлы таң апайлар!
Добрые утро, Гуд молинг!
Балалар, қандай ертегілер білесіңдер?
Балалар: «Маша мен аю», «Түлкі мен ешкі», «Қасқыр мен қоян» т.б Олай болса, Маша мен аю ертегісінің қойылымынан үзінді тамашалаймыз!
Ерте, ерте, ертеде бір әсем сарайда Маша атты бір ерке қыз өмір сүріпті, оның әдемі сарайы болыпты. Сол сарайда жалғыз тұрыпты. Жалғыз тұрып іші пысқан Маша былай деп армандайды:
Маша; Айару:О, шіркін? Менің мынадай сарайымда көп достарым болса ғой! Мен олармен бірге есеп шығарып, ойнап көңіл көтерер едім.
Осы кезде біреу есік қағады.
Аю: (Айсұлтан қолында қобдишасы бар) Кім бар мына әсем сарайда? Рұқсат болса кірейін.
Маша: Мен Машамын. Сен кімсің?
Аю: Мен Аюмын. Мен саған әдемі хобдиша ала келдім .
Маша: А солай ма, мен білмеппін. Үйге кіру үшін менің тапсырмамды орында.
1 – тапсырма. Бір аптада неше күн бар?
Жауабы: Бір аптада жеті күн бар.
Дүйсенбіде доп ойнадым далада
Сейсенбіде серуен құрдым қалада
Сәрсенбіде сурет салдым сәндетіп
Бейсенбіде би биледім әндетіп
Жұма күні жидек тердім ағаштан
Сенбі күні кино көрдім клубтан
Жексенбіде үйде болдым дем алдым
Осылайша өте шықты бір апта
Маша: Жарайсың! Кіре ғой сарайға. (Маша қобдишаны ашып көріп)
мұнда ойындарың көп екен?
Аю: жүр Маша бұл ойындарды «Ботақан» тобының балалармен бірге ойнайық .
Маша мен аю балалармен амандасады. (қобдишаны тәрбиешіге береді).
– Міне, балалар бізге Маша мен Аю көптеген матиматикалық ойын тапсырмалар алып келіпті. Олай болса осы математикалық ойын тапсырмаларды бірге орындайық.
Осы тапсырмларды орындасаңдар мектепке бірден қабылданасыңдар.
1- тапсырма ойын «Көктемде…» (қызыл)
Бір жылда неше жыл мезгілі ба?
Бір жылда неше ай бар? Қазір қайдай ай? (Сәуір).
Қазір жылдың қай мезгілі? (Көктем). Көктем мезгілінің ерекшеліктерін айтып «Ағаш паносында» суреттеп көрсетеді.
2- тапсырма Дидактикалық ойын «Көршісін тап» (қызылсары)
Шарты:-…9…,… 6…,… 3…, 1 сандарынын көршісін табуды айтадытақтаға бала шығады,енді осы санның көршілерін шақырамын,соңында 1-10 ға дейінгі сандар тақтада орналасады да тапсырмаларын орындайды.Қалған балалардан тәрбиеші тура және кері санауды ұсынады.
3- тапсырма Ойын:«Балық аулаймыз» (сары)Шарты: балалар магнит арқылы балықтарды ұстап балықта берілген есептерді , балықты ұстаған бала тақтаға жазып шығарады. Қалғандарымыз алдымыздағы қағаздағы есептерді шығарамыз. Бір саусағым тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орайды,
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ, жол салсақ.
4- тапсырма «Сергіту сәті» «Молекулалар» (Жасыл)
5 – тапсырма Д\ойын: «Салыстыру» (көгілдір)
6-тапсырма . Ойын: «Екі түсті ғажайып шаршылар» (көк)
Балалар қолымызға барлығымыз ғажайып шаршыларымызды аламыз. 1)Қандай геметриялық пішінге ұқсайды?Неше шаршы көріп тұрсыңдар?
2) Қызыл түсті үшбұрышты пішін, көк түсті тіктөртбұрыш пішін жасаймыз. Неге ұқсайды? (үй)
3) Қызыл түсті екі үшбұрыш 2-төртбұрыш жасаймыз. Неге ұқсайды? (кәмпитке)
4) 3 қызыл түсті үшбұрыш, 1 төртбұрыш жасаймыз Неге ұқсайды? (хатқалта, коверт)
5)Сегіз кішкентай ұшбұрыштан үлкен бір ұшбұрыш жасаймыз. Барлығы неше ұшбұрыш? (9)
6) 4-үшбұрыштан 1- кішкінтай ұшбұрыш жасаймыз. Барлығы неше ұшбұрыш? (5)
7) Тіктөртбұрыштан 1-төртбұрыш, 1 ұшбұрыш жасаймыз Неге ұқсайды? (тышқанға)
7- тапсырма «Логикалық жұмбақтар есептер» (күлгін)
Кел балалар,ойнайық,
Ойнайық та ойлайық,
Қандай жұмбақ болса да
Шешпей оны қоймайық.
1) Бөлмеде екі мысық, үш бала, бес ит бар екен. Неше адам бөлмеде? (3)
2) Көшеде трактор, жылқы, велосипед, сиыр, мысық тұр екен?
Барлығы неше көлік? (2)
3) Жаз мезгілінде балалар 3 аққала жасапты, біреуін сындырып алды. Неше аққала қалды?
4) Қыс мезгілінде екі ара бір гүлге қоныпты, тағы да біреуі ұшып келіпті. Қанша ара гүлде?
5) Аспанда бір торғай, үш сиыр, екі көбелек ұшып жүр. Барлығы қанша құс? (1)
Жарайсыңдар балалар! Сендер бүкіл тапсырманы орындадыңдар енді сендер мектепке баруларыңа болады.
Осымен бүгінгі « Математика ойындар» атты ұйымдасқан оқу қызыметіміз аяқталды.
Балалар: Қол ұстасып тұрайық
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық!
1- тапсырма ойын «Көктемде…» (қызыл)
Бір жылда неше жыл мезгілі ба? Бір жылда неше ай бар? Қазір қайдай ай? (Сәуір). Қазір жылдың қай мезгілі? (Көктем). Көктем мезгілінің ерекшеліктерін айтып «Ағаш паносында» суреттеп көрсетеді. |
2- тапсырма Дидактикалық ойын «Көршісін тап» (қызылсары)
Шарты:-…9…,… 6…,… 3…, 1 сандарынын көршісін табуды айтады тақтаға бала шығады,енді осы санның көршілерін шақырамын,соңында 1-10 ға дейінгі сандар тақтада орналасады да тапсырмаларын орындайды. 5 санының он жағындағы сан бір қадам алға, 3 санының сол жағындағы сан бір қадам артқа, 8 саның көршілері бір қадам алға. Қалған балалардан тәрбиеші тура және кері санауды ұсынады. |
3- тапсырма Ойын:«Балық аулаймыз» (сары)Шарты: балалар магнит арқылы балықтарды ұстап балықта берілген есептерді , балықты ұстаған бала тақтаға жазып шығарады. Қалғандарымыз алдымыздағы қағаздағы есептерді шығарамыз. Бір саусағым тіпті де, Ұстай алмас жіпті де. Екі саусақ бірікті, Ине қолға ілікті. Үш саусағым орайды, Жүгіртеді қаламды. Өнерлі екен он саусақ, Қала салсақ, жол салсақ. |
4- тапсырма «Сергіту сәті» «Молекулалар» (Жасыл)
|
5 – тапсырма Д\ойын: «Салыстыру» (көгілдір)
|
6-тапсырма . Ойын: «Екі түсті ғажайып шаршылар» (көк)
Балалар қолымызға барлығымыз ғажайып шаршыларымызды аламыз. 1)Қандай геметриялық пішінге ұқсайды?Неше шаршы көріп тұрсыңдар? 2) Қызыл түсті үшбұрышты пішін, көк түсті тіктөртбұрыш пішін жасаймыз. Неге ұқсайды? (үй) 3) Қызыл түсті екі үшбұрыш 2-төртбұрыш жасаймыз. Неге ұқсайды? (кәмпитке) 4) 3 қызыл түсті үшбұрыш, 1 төртбұрыш жасаймыз Неге ұқсайды? (хатқалта, коверт) 5)Сегіз кішкентай ұшбұрыштан үлкен бір ұшбұрыш жасаймыз. Барлығы неше ұшбұрыш? (9) 6) 4-үшбұрыштан 1- кішкінтай ұшбұрыш жасаймыз. Барлығы неше ұшбұрыш? (5) 7) Тіктөртбұрыштан 1-төртбұрыш, 1 ұшбұрыш жасаймыз Неге ұқсайды? (тышқанға)
|
7- тапсырма «Логикалық жұмбақтар есептер» (күлгін)
Кел балалар,ойнайық, Ойнайық та ойлайық, Қандай жұмбақ болса да Шешпей оны қоймайық. 1) Бөлмеде екі мысық, үш бала, бес ит бар екен. Неше адам бөлмеде? (3) 2) Көшеде трактор, жылқы, велосипед, сиыр, мысық тұр екен? Барлығы неше көлік? (2) 3) Жаз мезгілінде балалар 3 аққала жасапты, біреуін сындырып алды. Неше аққала қалды? 4) Қыс мезгілінде екі ара бір гүлге қоныпты, тағы да біреуі ұшып келіпті. Қанша ара гүлде? 5) Аспанда бір торғай, үш сиыр, екі көбелек ұшып жүр. Барлығы қанша құс? (1) |