Нашар көретін балаларды ізденіске талпындыруда – сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтерін қолдану

Жармуханбетова Г.С.

Бүгінгі күнде оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіріп, жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.   Сондай жаңа технологиялардың бірі – «Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту».

Сын тұрғысынан ойлау –сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл технологияның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым үш деңгейден тұрады, яғни оқу мен үйренуге арналған құрылым.

1.Қызығушылықты ояту сатысы.

Білгенін еске түсіреді, мазмұнын түсіруге талаптанады, белсенділігі артады, ми қыртысы іске қосылады.

2.Мағынаны тани білу сатысы.

Жаңа идеяны қабылдайды, ескі мен жаңаны ұштастырады, ойлау қабілетін кеңейтеді, не түсінгенін анықтайды.

3.Ой-толғаныс сатысы.

Үйренгенін қабылдайды, іштей ойлануға үйренеді, ой алмасады. Белсенді түрде өз білімін нақтылау жолына қайта қарап, өзгерістер енгізеді. Сол білім арқылы өзінің өзгергенін сезеді. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасындағы мұғалімнің рөлі қандай дейтін болсақ, ол оқыту барысында оқушыларға серік болып, бірге жұмыс жасап, оларға сеніммен қарап, өз ойын, ақылын көрсете сөйлеуге қолдау көрсетіп отырады.

Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төмендегі шаралар орындалуы шарт.

1.Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек.

2.Оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.

3.Әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.

4.Үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау.

5.Кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау.

  1. Оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету.
  2. Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.

Оқушылардан осыған байланысты сенімділікпен жұмыс жасайды, бар   ынтасымен оқуға беріледі, пікірлерді тыңдап, құрметтеуді, өз пікірін ашық білдіруге дағдыланады.

Мен бұл «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясын 2013-2014 оқу жылынан бастап қолданып келемін. Осы жобамен ұйымдастырылған сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға зор ықпал ететінін бірден байқадым.Оқушылар үшін сабақтар қызықты, жеңіл өтіп, білімдерінің тереңдігі әрі тиянақтылығы арта түседі.

Сын тұрғысынан оқыту бағдарламасы бірнеше стратегиялардан тұрады. Бұл бағдарламада қолдануға болатын стратегиялар өте көп.

 

 

1.Негізгі ойды суреттеу. 6.Инсерт

2.РАФТ. 7.Үш қарамды сұхбат.

3.Блум жүйесі. 8.Ой қозғау.

4.ЖИГСО-1. 9.Оқиға желісі, т.б.

5.Автор орындығы.

Аталаған стратегияларды пайдалана отырып мен көп жетістіктерге жеттім. Ең бастысы – оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын артып, олардың бір-бірімен пікір таластырып ашық сөйлеу, еркін сөйлеу дағдылары қалыптаса бастады. Өздеріне сенімсіздік білдіріп, бұйығы отыратын оқушылар өз ойларын аз да болса, жүйелеп, еркін айта бастады. Бұрын шығарма, мазмұндама жұмыстарында оқушылар өз ойын білдіруге, әңгіме құрауда көптеген қиындықтарға кездесетін. Қазір күнде өтілген әңгімеден соң оқушылар ой толғанысын жасап, өз ойын жазбаша білдіреді, кейде мәтіндегі ойға байланысты мақал да кірістіріп жазады.

Ой толғанысында оқушылар өтілген мәтіннен не әсер еткенін, қандай ой түйгенін жазуға үйренеді. Әрине, алғашқыда оқушылар мәтіннің мазмұнын жазып жүрді.

ЖИГСО әдісінде мәтінді топқа бөліп оқу оқушылардың жауапкершілігін арттырады. Бұл стратегияларды сабақта қолданып, белгілі бір нәтижеге жету үшін мұғалім сабақ жоспарын құру барысында қай жерде қай стратегияны қолдану жолдарын қарастыруы тиіс. Тапсырманы оқушылардың жас ерекшелігіне қарай нақты беруге тырысу керек. Әр стратегияға уақыт өлшеніп берілуі тиіс. Жүйелі, толық жауап алу үшін оқушыларға нақты уақыт беріп, қысқа әрі нұсқа сөйлеуге немесе жазуға, өз ойларын ашық, еркін беруді талап ету керек. Оқушылардың арасында бас кезде сәл қиналып, ойларын жинақтай алмай, біраз әбігерге түсетіндері бар. Жаттыға келе кейін үйреніп, бұл стратегияларды тез меңгеріп алады.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *