748 ∙ 634, 474232 : 634

Бутубаева Алмагуль Кабиевна

Сабақтың мақсаты:

  1. Үш таңбалы санға көбейту және тексерудің ерекшеліктері мен аргоритмін меңгерту.
  2. Ойын әдістерін пайдалана отырып,бөлу мен көбейту амалдарын орындауға қызығушылығын ояту, шапшаң есептеуге машықтандыру.

3.Ұйымшылдыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

4.Оқулық, дәптер бетіндегі нысанаға байланысты жұмыстар жүргізу.  Ұсыныс бойынша көру қабілетінің кемшіліктерін түзету.

 

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, көрнекілік, талдау, ой қозғау, мағынасын ашу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, сюжетті суреттер, үлестірме қағаздар, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу.

Психологиялық дайындық.

Жеті өлшеп бір рет кес,

Дана сөзі халқымның

Сабағымда төрт пен бес,

Алуға мен дайынмын.

— Балалар сабаққа дайынбыз ба?

— Бүгінгі сабағымыздың жоспары тақтада жазылып тұр.

— Мына жоспармен жұмыс істейміз.

  • «Орамал тастау» ойыны.
  • «Аударыспақ» ойыны.
  • «Асық ату» ойыны.
  • «Көкпар» ойыны.
  • Сергіту сәті
  • «Теңге алу» ойыны.
  • «Бәйге» ойыны.
  1. Жаңа сабақ
  2. Күн ретін жазу, көркем жазу.

«Орамал тастау» ойыны. (Математикалық диктант)

– Жастардың сүйіп ойнайтын ойындарының бірі — «Орамал тастау». Ол жазда, алаңда, көгалды шөптесін жерде ойналады. Ойнаушылардың саны көп болса, ойын соншалықты қызық болады. Ойнаушылар тең екі топқа бөлінеді де, арасы он адымдай екі сызықтың бойына қарама-қарсы қатарласа тұрады. Жүргізуші қолындағы орамалын бірінші топтың өз жағындағы шеткі ойыншыға береді. Ол өзінің қарсыласының біреуіне тастайды да: «қа» деп дауыстайды. Ол қағып «ғаз», дейді, болмаса «ла» дейді. Сонда «қағаз», «қала», т. б. сөздер шығады. Айтатын сөз екі буыннан ғана тұруы керек, мысалы «са» деп дауыстаса, «са-дақ», «са-қа», «са-бын»-, «са-қал», «са-рын» т. б. сияқты сөздер айтылуы керек.  Орамалды қағып алған ойыншы сол бірінші буынның сөзі шығатындай етіп айтуы керек. Егер ол екі буынға арналған сөздің алғашқы буынын тез, дұрыс тауып айта алмаса, онда ортаға шығып, өнер көрсетеді. Енді орамалды қарсыластар тобына өзі лақтырады.

-Қазір мен сендерге есеп айтамын сендер орамалды қағып алып, жауаптарын айтуларын керек.

1) 20-ны 3 есе арттыр (60)

2) 200 -бен 150 -дің қосындысы (350)

3) ең үлкен үш таңбалы сан (999)

4) 400-ден 20-ны кеміт (380)

5) 800-ді 2-ге көбейт (600)

 

«Аударыспақ» ойыны.  (Амалдарды орындау. 187-бет № 3)

Бұл – қазақ, қырғыз халықтарының арасында кең тараған ойын. Атқа мінген екі жігіт жекпе-жекке шығып, бірін-бірі аттан аударып тастауға тырысады. Аударыспаққа үлкен тойларда арнайы жүлде тағайындалады. Оған он сегіз жастан асқан қарулы жігіттердің қатысқаны жөн. Ептілікті, күштілікті, тапқырлықты, батылдықты талап ететін спорттық ойын.

 

«Асық ату» ойыны. (Көзге арналған жаттығулар)

 Асық ойыны негізінен ер балаларға тән. Асық ойнау үшін керекті құралдың ең негізгісі – сақа. Әдетте оны үлкен оңқай  асықтан шіге жағынан қорғасын құйып ауырлатып, тәйке жақ табанын, шіге жақ бетін тегістеп, оң қолға ұстап асық атуға ыңғайлап жасайды. Асық ойынын жазды күні тақыр жерде ойнайды. Бір-біріне қарсы екі бала не бірнеше бала екі топқа бөлініп ойнаулары мүмкін. Ойынның негізгі шарты бір-бірінен асық  ұту.

 

 

 

«Көкпар» ойыны.  (Деңгейлік тапсырмалар)

Көкпар-  қазақтың ұлттық ат ойыны.  Бұрындары мал баққан көшпелі халықтар көк бөріні соғып алғанда , ат үстінде сүйрелеп, бір-бірінен ала қашып, мәз-майрам болған. Кейін ол ұлттық ойынға айналған. Көкпар орта азия халықтарының да сүйікті ойыны. Көкпар жаппай тартыс жане дода тартыс болып екіге болінеді. 1949 жылы елімізде көкпар жарысының жаңа ережесі бекітілді. Алаң көлемі қатысушылар санына сәйкес. Көкпарда басы кесілген серке тартылады.  Көкпарды ала қашып, ерекше бір жақсылығы бар үйге апарып тастайды. Салт бойынша ол үй жаңа көкпар береді. Осыдан арғы көкпардың бәрі  дода әдісімен өтеді.

Сергіту сәті («Қара жорға» би)

«Теңге алу» ойыны.  (Әр түрлі деңгейдегі тапсырма)

 Теңге алу. Жерде жатқан теңгені атпен шауып келе жатып іліп алу үлкен ептілікті, ат құлағында ойнайтын шабондоздық тәжірибені талап етеді. Теңгені жерден іліп алғандарға бәйге беріледі. Бұрындары қазақ жігіттері атпен шауып келе жатып қолындағы қылышымен жерде жатқан тезекті түйреп алып көкке лақтырып жіберіп, оны жалма-жан қылышымен екіге бөліп шауып түсіретін.

 

ІII. Сабақты қорытындылау

 

«Бәйге» ойыны. (Тест тапсырмалары)

Аламан бәйге. Мұнда жүйрік, жарыс аттар 25-100 шақырымдық қашыққа шабады. Оның жолында айналып өтетін көл, сай-сала, бел-белестер тәрізді кедергілі жерлер болуға тиісті. Аламан бәйге үлкен тойда, үлкен аста, торқалы тойлар мен зор мерекелерде жарияланады.

 

  1. Үй тапсырмасы:

187-бет №3

 

  1. Бағалау:

Оқушыларды сабаққа қатысқандарына байланысты бағалау.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *