Эссе “Менің таңдауым – ұстаздық”
Акжигитова.К.Н.
Менің таңдауым – ұстаздық . Мектеп өмірі қызықты, әрі қиын .
Себебі: мектептегі пәк сезімді ,алаңсыз бала жүздер ешкімді бей-жай қалдырмайды .
Мен балаларды өте жақсы көремін . Сондықтан да осы мамандықты таңдадым деп есептеймін. ,,Ұстаздық жол қиынырақ басқадан оңай емес тәрбиелеу жақсы адам ” деп Ы. Алтынсарин айтпақшы оқушылармен жұмыс істеу қызықтырады .
Тәрбиеші өз мойынына үлкен жауапкершілік ала отырып, болашақта әр оқушының өмірде өз орынын тауып ,саналы,тәрбиелі, рухани бай болса деп тілеймін.
Мектеп ұжымынан әрбір ұстаздың бойында болатын төзімділік, қарапайымдылық, тазалық , адамгершілік , еңбек сүйгіштік сияқты жақсы қасиеттерді бойыма сіңірдім.«Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды»демекші,ұстаз мектептің жүрегі ,шәкірттердің қамқоршысы.
Қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдірсе , жетілген тұлға соншалықты дәрежеде дамиды.Сондықтан қоғам дамуында білім маңызды мәселе болып табылады .«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеді » деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мұғалімдер алдына үлкен жауапкершілік жүктеді.Әрбір тұлға өміріне тәрбие мен таусылмас білім шуағын санасына ұялатқан ұстазын мәңгі жүрегінде сақтайды.
Тәрбиеші болу кез-келген адамның қолынан келмейді деп ойлаймын, себебі бұл қалау жүректің шешімімен үйлесін тапқан кезде қабылданады.
Өз сөзімді Ғ.Қайырбековтың өлең жолдарымен аяқтаймын:
Ұстаз болу -жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – жүректің ақындығы.
Ұстаз болу – жүректің күн шуағы,
Ұстаз болу -адамның ақындығы