М. Әлімбаевтың «Биікке, биікке» өлеңін жаттату (ересектер тобы)

Артығалина Арайлан Белдібайқызы

Білім беру саласы: Коммуникация

Оқу қызметінің мақсаты: Балаларды балалар ақыны Мұзафар Әлімбаевтың  өмірі мен шығармаларымен таныстыру, ақынның өлеңдерін тыңдауға тәрбиелеу,  мнемокестені қолдану арқылы өлеңді жаттату. Ақын өлеңдері арқылы туған жерге, табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру,  көркем сөйлеуге, сөз астарын түсіне білуге үйрету.

Әдіс-тәсілдер: Әуенді – ойындар технологиясы, мнемокестені қолдану, әңгімелесу, сұрақ-жауап, түсіндіру, жаттығулар.

Керекті құрал-жабдықтар: Құстардың түрлері бейнеленген суреттер, аудио дыбыс, мультмедиялық тақта.

                                Оқу қызметінің барысы:

Тәрбиеші: Балалар, бүгін  мен сіздерді балалар ақын, Мұзафар Әлімбаевтың шығармашылығымен таныстырғым келіп тұр. Қазір назарларыңызды экранға аударып, Мұзафар Әлімбаевтың өмірбаянынан үзінді ұсынамын.(Мұзафар Әлімбаевтың өмірбаяны туралы слайд).

Тәрбиеші: Мұзафар атамыз туралы не білдіңдер?

Бала: М. Әлімбаевтың өмірбаянымен, шығармаларымен таныстық.

Тәрбиеші: Мұзафар Әлімбаев атамыз кім болған?

Бала: Балалар ақыны, жазушы.

Тәрбиеші: Қазір, мен сендерге Мұзафар атамыздың «Биікке, биікке» өлеңін оқимын. Сендер өлеңді мұқият тыңдап, естеріңе сақтаңдар.

М.Әлімбаев: «Биікке, биікке» өлеңі

Көктемде, көктемде,

Күн нұрын төккенде.

Қар еріп ақты су,

Жоғары тартты бу.

 

Көк ағаш былтырғы,

Көгерді-құлпырды.

Құлпырды, құлпырды,

Жоғарғы ұмтылды.

Өлең туралы сұрақ-жауап:

  • Балалар, өлең қалай аталады? (қайталау)
  • Биікке, биікке
  • Өлеңнің авторы кім?
  • Мұзафар Әлімбаев.
  • Өлеңде қай мезгіл туралы?
  • Көктем мезгілі туралы айтылған.
  • Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?
  • Жер көгереді, қар ериді, ағаштар, гүлдер гүлдейді.
  • Көктемде нелер ұшып келеді?
  • Құстар ұшып келеді.

Сөздік жұмыс: Тәрбиеші «төккенде» (күн шуағын төгіп тұрғаны), «көгерді» (ағаштар мен гүлдердің гүлденуі), «құлпырды» (әдемі болып, жайқалып өскені).

Тәрбиеші: Енді (мнемокесте) сурет арқылы өлеңді тағы бір рет оқимын, мұқият тыңдап естеріңе сақтаңыздар.

Тәрбиеші: Енді, суреттерге сүйене отырып, өздерің өлеңді айтып көріңдер. Балалар кезекпен өлеңді айтады (екі жолын, біреуі бастап, келесі бала аяқтап, сосын өлеңді түгел айтып шығады)

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Ал, енді бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті: «Қарлығаш»

Тәрбиеші: Мұзафар атамыздың тек табиғат туралы ғана емес, сонымен қатар «Бозторғай», «Сауысқан», «Тырна», «Күзде құстар қайтқанда»  құстар туралы өлеңдер жазған. Мен сендерге жұмбақ жасырамын, шешуін тауып көріңдер.

Жұмбақ:

Екі айыр құйрығы,

Қияқ мұрт қанаты.

Ұшқырлардың жүйрігі,

Бұл қандай құс болады?   (Қарлығаш)

(Ғажайып сәт, Қарлығаш кіреді)

Қарлығаш: Сәлеметсіздер ме! (балалар амандасады)

Тәрбиеші: Балалар, бізге қонаққа не ұшып келді?

Балалар: Қарлығаш.

Тәрбиеші: Қарлығаш сен бізге не алып келдің?

Қарлығаш: Мен сіздерге қызықты тапсырма алып келдім. (беріп ұшып кетеді)

Тәрбиеші: Рахмет, балалар бізге Қарлығаш тапсырмалар алып келіпті. Мен ашып көрейін, тапсырмаларды  орындайық.

Бірінші тапсырма: «Құстар»

Ережесі: Балалар құстарды ажыратып, атын атау.

Балалар тапсыраманы орындайды.

Тәрбиеші: Балалар, жарайсыңдар!

Екінші тапсырма: «Құстарды даусын айыру».

Ережесі: Құстардың даусы аудио таспа арқылы беріледі, сол дауыстан қандай құстың даусы екенін табу керек.

Тәрбиеші: Сендер Қарлығаштың барлық тапсырмаларын орындадыңдар, жарайсыңдар! Балалар, бүгін біз не үйрендік, не білдік?

Балалардың жауаптары:

-Біз М.Әлімбаевтың өмірбаянымен таныстық.

-«Биікте, биікте» өлеңін жаттадық.

-Қарлығаштың тапсырмаларын орындадық.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар бүгінгі оқу қызметіне жақсы қатыстыңдар. Рахмет!

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *