«Халық педагогикасы арқылы балаларды тәрбиелеу»

Амантайқызы Бақнұр

Қазақ халқының даналығы, тәрбие қағидалары – тамырын терең жайған таусылмас терең қазына болып саналады. Бала тәрбиесіне ата-бабамыз көп көңіл бөліп, ерекше мән берген. Баланың өмірге келуі – бұл өмір заңдылықтарының бір елеулі сәті. Ендігі жерде осы қуаныштың дұрыс бағытта жалғасын табуы оның отбасы мен қоғамның үлесінде. Жас ұрпақ тәрбиесіне «Бала жас, өсе келе өзі бәрін біліп алады» деп жауапсыз қарау үлкен қателік. Сондықтан біз өскелең ұрпаққа саналы тәрбие сапалы білім  беруіміз керек. Бала сәби кезінен бойына халқымыздың асыл қазынасын – ән, жырын, ертегілерін нақыл сөздерін сіңіріп өседі.

Балабақшада алынған тәрбие мен білім –барлық тәрбиенің іргетасы. Қазіргі таңда балабақшада, мектепке дейінгі басқада ұйымдарда тәрбиенің көптеген әдіс-тәсілдері жетерлік. Дегенмен, салт-дәстүрімізде орын алған тәрбие әдістері өз маңызын жойған жоқ. Керісінше, уақыт өткен сайын құндылығы артуда. Әлі тілі шыға қоймаған, бірақ айналасындағы дүниені қабылдай алатын жас нәрестеге   тілек пен ақылға толы бесік жырын айту салт-дәстүріміздегі тәрбиенің басы. Қазақ халқының ертегілері балаларды адамгершілікке, имандылыққа, еңбекқорлыққа, ерлікке баулыйды. Баланың жас ерекшеліктеріне сай көптеген ұлттық ойындарымыз баланың физиологиялық өсуіне өте пайдалы  болып табылады.

Тәрбиенің өзі ғибраты мол, қазақ қазақ болғалы салт-дәстүрімізбен беріліп келе жатқан ұлттық педагогика. Ұлттық педагогиканың бір әдісі ретінде – халық ауыз әдебиеті қаралады. Халық ауыз әдебиеті бұл қазіргі көркем әдебиеттің  негізгі түбі. Халық ауыз әдебиеті қазақтың тарихымен қатар келе жатыр. Әр заманның, ғасырдың ерекшелігіне қарай халық ауыз әдебиет үлгілері де сол заманның ерекшелігін көрсетеді. Халық ауыз әдебиеті үлгілеріне жататын: балаларға арналған өлең –жырлар, санамақтар,ертегілер, жаңылтпаштар, мақал мәтелдер, халық ойындары бәрі де балаларды Отанын сүюге, ерлікке, елін қорғауға және имандылыққа, әдептілікке  үндейді. Қиял дүниесінен туған ғажайып оқиғалы ертегілер, батырлық жырлар, өмір тәжірибесінен қорытындылаған мақал-мәтелдер, өзіне ойындары бәрі де балаларды. Отанын сүюге, ерлікке, елін қорғауға және имандылыққа, әдептілікке  үндейді. Қиял дүниесінен туған ғажайып оқиғалы ертегілер, батырлық жырлар, өмір тәжірибесінен қорытындылаған мақал-мәтелдер, өзіне сыр жасырған жұмбақтар, бәріде балалар бақшасында кең қолданыс табады.

Қай заманда, қандай қоғамда болсын алдымызда  тұрған зор міндеттердің бірі – болашақ ұрпақ тәрбиелеу. Жан – жақты жетілген, ақыл парасаты мен мәдениеті мол, саналы ұрпақ тәрбиелеуде әр халықтың салт – дәстүрі, ел дамуындағы бағалы байлықтың нәрін біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады.

 

Халық педагогикасының элементтерін балабақшадағы бес білім саласында қолдану жолдары

Денсаулық саласы: Бала тамағының түрлілігі мен нәрлілігін, тазалықты басты назарда ұстай отырып дене тәрбиесі сабағының сапасын көтеру, қимыл-қозғалысты ұлттық ойындарды үйретуді басты назарда ұстау, сол арқылы дені саудың-ділі сау, ділі саудың-тілі сау дегендей-қоғамға пайда келтіре алатын, оның дамуына, нығаюына өз үлестерін қоса алатын денсаулығы мықты адам тәрбиелеу.

Коммуникация және әлеумет салалары: Тіл дамыту сабақтарының сапасын,берілу методикасын жетілдіре отырып, ана сүтімен берілетін ана тілін дұрыс меңгерту. Бала қиялын, ақыл-ойын жетілдіретін қазақ ертегілері мен жұмбақ, жаңылтпаштар үйретуді басты назарда ұстау.Сол арқылы бала бойына ұлтының қадір-қасиетін,әдет-ғұрпын біліп өсудің бастауын қалыптастыру.

Таным саласы: Эстетикалық және экологиялық тәрбиенің сапасын көтеру. Балабақшада оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасын басшылыққа ала отырып халық педагогикасы негізінде бүлдіршіндерге еңбек, адамгершілік-эстетикалық тәрбие беруде үйелмен мен балабақша арасындағы байланысты ынтымақтастыра отырып ізгелендіру. Қоршаған ортамен таныстыруда халқымыздың табиғатты қорғауға арналған тиым сөздері мен мақал мәтелдерін башылыққа алып, бала санасына сіңіру керек. Қарапайым математикалық ұғымдарды таныстыруда халықымыздың санамақтарының  маңызы зор.

Шығармашылық саласы: Халқымыздың ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан ән-күй, би өнерімен балаларымызды балабақшада сусындатсақ артық болмас. Музыка сабағында ұлттық аспаптарымызбен кеніңен таныстырып, тағылымы мол күйлерімізді бойларына сіңіре білсек, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеудегі мақсатымыз шешілмек.Халық бала бойына әсемдік пен нәзіктік қасиетін егу үшін, ән мен жырға жасынан үйір болуға олардың назарын аударды, өйткені ән мен жыр арқылы көп нәрсені көкейіне тоқыған бала өсе келе өз көңіл – күйін өлең жырмен білдіруге ұмтылады. Сөйтіп ол ақын жанды болып өседі.

Қазақта мынадай құнды өсиеттер бар. Оларды қарапайым математикалық ұғымдармен таныстыру барысында пайдалана отырып балалардың дүниетанымын  кеңейтуге болады.

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *