Алапат тасқын

Орындаған:
Әсіпбек Аякөз Қанатқызы

Елімізде бұрын соңды орын алмаған алапат тасқын.Естеріңізге сала кетейік елімізде 27
наурыздан бері апаттық табиғи жағдай орын алуда.Қаншама елді дүр сілкіндірген сол
апаттық жағдай Қазақстанды ғана емес күллі елді уайымдатып жатыр.Қазіргі таңда 10
облысты су алды деген ақпараттар тарап жатыр,кеше ғана өз қара шаңырақтарында еркін
жүрген қара халық бүгінде өз жылы ұяларын тастап,басқа баспанаға қоныс аударуда.Жан
түршігерлік жағдай әрине,жан-жақтан көмек қолын созғандар да аз емес,қазаққа қазақтың
жаны ашып көш бастап кетті.Өзге елдерден де қол-ұшын созып жатқандарға алғысымызды
білдіреміз.Атап айтқанда:Қырғызстан,Түркия,Әзербайжан,ЮНИСЕФ.
Қазіргі таңда балалар да қашықтықтан оқуға көшті.Нақты ақпараттарға сүйенсек елімізде
3745 жеке тұрғын үй, 421 аула аумағы және 1822 саяжай үйлері, 73 ғимарат, сондай-ақ 155
автожолды су басты.Ал қырылған мал саны 8 мыңға жуық,5711 мал өлді.
Сонымен қатар су алған өңірлерде қаншама аналар сәбилерін аман-есен дүниеге
әкелді,нақты айтқанда 100 сәби.3 мыңнан астам медицина қызметкерлері,300-ге жуық жедел
медициналық көмек бригадасы жұмыс атқаруда.
Бүгінде 76000 адам эвакуацияланды деген ақпараттар бар.Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Тоқаев Кемелұлы:Тасқын судан зардап шеккен азаматтарға айтарым,мемлекет
бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайды.Баршаңызға қаржылық және басқа да көмек
беріледі.Материалдық шығындар толық өтеледі,-деп үндеу жариялады.
Қандай жағдай болмасын берілмеулеріңізді сұранамын,біз бұл сынақтан да еңсерілмей өтіп
кетеміз.Жұмыла көтерген жүк жеңіл,бұл жолы да сіздер елеусіз қалмайсыздар.Бастарына
қиын іс түсіп жатқанда қол ұшын беруге дайын азаматтар еліміздің батыр азаматтары деп
білемін.Сіздер жалғыз емессіздер,сіздермен бүкіл Қазақстан бірге.Еліміз аман,жұртымыз
тыныш болғай!

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *