Мамандығым мақтанышым!

 

Өмірде әр түрлі мамандық иелері бар,әр адам өз мамандығын өзі таңдайды. Сол мамандықты таңдау арқылы адам өз болашағын өзі құрады, шыны керек қазіргі ең тиімді мамандықтар дәрігер мен педагог мамандығы, ал менің мамандығым мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиеші, яғни педагог.Мен өз мамандығымды мақтан етемін және жақсы көремін. Неге, дейсіздер ғой. Себебі педагог тек қана балаларға сабақ үйретпейді,сонымен қатар менің жағдайымда тәрбиеші балабақшадағы тәрбиеленушілердің екінші анасы деп айтсамда артық етпейді.

Педагог мамандығын оқу әркімнің қолынан келеді, бірақ нағыз педагог болу қаншама еңбекті, қаншама оқу-ізденісті талап етеді. Менің ойымша ізденісті сүйетін, жаңа затқа ұмтылысы көп,шыдамды, сабырлы, өз мамандығын және ең бастысы алдыңдағы шәкірттерін жақсы көретін, олардың жеңістері мен жеңілістеріне шын ниетпен қуана алатын адам ғана ПЕДАГОГ атын ала алады деп ойлаймын. Ал педагог мәтебесін көтеру үшін, педагог көп жаңадан білім алып,жаңашылдыққа тез үйрене алу керек деп ойлаймын. Педагог мәртебесін көтеру үшін қазір көп жағдайлар жасалған, мысалғы қазір болып жатқан педагогтердің біліктілігін артыру үшін өтіп жатқан тесттер, түрлі түрлі курстар педагогқа өз мәртебесін арттыруға көп көмегін тигізеді.Ал балалар алдында педагог өз іс әрекеттерімен өз мәртебесін жоғарлату, әр педагогтың өз қолында деп ойлаймын. Педагог,тәрбиеші өз алдындағы балаларды өз баласындай қабылдай алып, оларға тек жаңа заттарды үйретіп, олардың қуаныштарында да,мұңайған кездеріндеде әрқашан тек алдыға итермелеген тәрбиешінің сол баланыңда ата ананыңда алдында мәртебесі өте жоғары болары хақ. Педагог мәртебесін алу үшін тек қана қағаздағы стандарттарды жаттап алмай ақ, егер өз мамандығынызды шынымен жақсы көрсеңіз сіздің жолынызда ешқандай кедергі болмайтынына сеніңіз.Мен өз мамандығыммен МАҚТАНАМЫН!

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *