Табиғаттың қалыптасуы мен маңызы
Адамзат өзінің бүкіл тарихында жерді зерттеуге, оның қалай жұмыс істейтінің,қалай пайда болғаның түсінуге тырысты.
Жердің пайда болуы туралы көптеген аңыздармен мифтер қалыптасты. XVIII-ші ғасырға қарай ғалымдар біздің планетамыз , ғарыш және ғалам туралы көптеген білімдер жинады. Осы кезде Жердің және Күнжүйесіндегі басқа да планеталардың қалай пайда болғаны туралы алғашқы ғылыми гипотезалар ұсыныла бастады.
Алғашқылардың бірі болып Жорж-Луи Леклер де Бюффон( 1707-1788) – 18 ғасырдагы француз биологы, математигі, табиғат зерттеушісі және жазушысы Бюффон езінің “Табиғат тарихы”атты еңбегінде біздің планетамыздың дамуы, жердегі барлық тіршіліктің бірлігі туралы ойларын білдірді. Ол езінің “Жер теориясы”эссесінде Жердің пайда болуы туралы теориясын баяндады.
Жағдай 1859 жылы қарашада Чарлз Дарвиннің әлі күнге дейін эволюциялық биологияның негізі болып саналатын “Түрлердің шығу тегі” теориясы атты ғылыми еңбегінің жариялануыменен өзгерді. Дарвиннің теориясы бойыншы популяция табиғи сұрыпталу арқылы ұрпақтар бойына дамиды деп саналды.
Міне осылайша біздің қоршаған орта, табиғатымыз қалыптасты. Табиғат-адамзат өмір сүріп жатқан орта.Ортақ үй ,ортақ мекен. Адам мен табиғат егіз ұғым. “Ағаш жапырағымен , жер топырағымен көрікті”- дейді дана халқымыз. Табиғат көркейіп,желегі жасыл тартса , адамның да тынысы кеңейіп, көңілі көтерілері анық.
Қазақтың ақын ,жазушылары, зерттеушілері мен ойшылдары табиғатты суреттеп , түрлі кітаптар жазды. Сол ойшылдардың қоршаған орта туралы сөздерін ұсынсам деп едім.
“Мен рахметімді алдымен Жерге айтар едім, Өзімді дүниеге келтірген,
Маған бақыт әперген.
Жомарт төсіне дән-дариясын тасытқан. О қасиетті Жер ана сенсің менің ардақтым! Барша байлықтардың анасы жер. Жерді күтіп,баптай білу, қоршаған ортаны түлетіп,гүлдендіре беру өз қолымызда ”– деп, Шыңғыс Айтматов атамыз атап өткен болатын.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718