“Айлакер түлкі”ертегісі

Байгалиева Айкенже Байгалиевна

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту

Білім беру саласы:Қатынас

Тақырыбы: «Айлакер түлкі»  ертегісі

Мақсаты:Ертегі кейіпкерлерінің мінезін ажыратуға,ертегі мазмұнын түсіне білуге үйрету.Сөйлеу мәнерінің көркемдік әдіс-тәсілдерін қолдануды дамыту. Жануарлар туралы білімін тиянақтау.

Көрнекілігі: Ертегі кейіпкерлерінің қолғап театры

Әдіс-тәсілдері:Шаттық шеңбері, сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, ойын.

 

Балаларды шаттық шеңберіне жинау

Сәлем! Деймін достарға,

Сәлем! Деймін құстарға,

Сәлем!,деймін ұстазға

Буги биін билейміз,

Айналамыз тағы да,

Алақанды соғамыз,

Буги,буги Ок!

  Миға шабуыл сұрақтар

  -Қазір жылдың қай мезгілі?

      -Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?

    -Қыс мезгілінің ай аттарын атайықшы?

Жарайсыңдар балалар! Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр

Өзі ширақ,өзі қу,

Жүрген жері айқай-шу.

Дұрыс айтасыңдар балалар!Ендеше сол түлкі туралы ертегіні тамашалағыларың келе ме?

Қане көзімізді жұмамыз,ертегілер әлеміне саяхатқа барамыз.

Қолғап театры

Зере әже: Сәлеметсіңдерме балапандарым!Бүгін мен сендерге Айлакер түлкі туралы ертегі айтып беремін.

-Бір күні орманда түлкі қарны ашып,кімге қулығымды асырсам екен деп келе жатады.

Сол сәтте ол алыстан қоянды көріп,өтірік ауырған болып,жерге құлай кетеді.

Түлкі:-Қоянжан-ау,қоянжан!

Неге сонша жортасын,неге меннен қоркасың?!Бала жастан бірге өскен,тоғайдың дәмін бір жескен көрші емес пе едік?! Мен ауырып жатырмын,жақынырақ келсеңші,қоштасайық,достасайық!

Қоян:-Ой-ой-ой,сізді етті жақсы көреді дейді жұрт,сол распа?

Түлкі:-Ой,рас болғанда қандай!,тіпті ет жемесем,басым аурады.Кеше бір тауықтың етін жеген едім,енді соған өзім қынжылып,ауырып жатқаным да со себептен.

Қоян:-Ой-ой,ұмытшақ болған жаман,мен де содан қорқам,сондықтан да жортам,-деп Қоян қаша жөнеліпті.Түлкі ары қарай жолға шығыпты.Жолда келе жатып ол бір апанға түсіп кетіпті.

Түлкі:-Ой,мына апанның іші неткен жаман,қорқынышты еді,мен бұл жерден қалай шықсам екен?Ой,мына жақтан  ешкінің дауысы естілетін секілді,ендеше мен оған қулығымды асырайын.

Ешкі: -Мәә,ей,түлкі,түлкі батыр!сен мұнда нестеп тұрсың?

Түлкі:-Ой,сұрама!жаным жай тауып тұр.Қырда әрі шөлдеп,әрі ыстықтап жүруші едім,бұл жердің шөбі де шүйгін,суы да мол екен.

Ешкі:-Мәә,қасыңнан маған да орын табылмас па екен?

Түлкі:-Табылғанда қандай,орын деген жетеді,қане кел секіріп түс.

-Ешкі секіріп түсе бергенде түлкі оның мүйізіне мініп,қырға шығып кетіпті.Ал,ешкі болса түлкіге алданып қалыпты.Түлкі өз жолымен келе жатып бір сарышұнақтың ініне аяғын тығып алыпты,сарышұнақ оның табанын қыттықтай бастапты,түлкі болса сықылықтап күле беріпті.Сол сәтте онын жанына қасқыр келіп

Қасқыр:-Түке,неменеге күле бересің?

Түлкі:-Ой,Қасеке,мына әлемнің қызықтарын көрсеңіз,сіздің де ішек-сілеңіз қатар еді.

Қасқыр:-Оны қалай көреді?

Түлкі:-Оның түк қиындығы жоқ.Ол үшін аяғыңызды мына тесікке салып,қарсы алдыңыздан көз алмай қарап түрсаңыз болғаны.

Қасқыр:-Қане, ендеше былай тұр,-деп қасқыр түлкінің яғын суырып,өзінің түкті,жуан сирағын салып жібереді.

Сарышұнақ:- Мен мұның аяғын жаңа жай ғана қыттықтап едім,сонда да кетпей қойды,ендеше мен мұның аяғын ініме екінші тықпастай етіп кеміріп тастайын.

Қасқыр: Түке,құтқара көр Түке!

Түлкі: -Қасеке,Қасеке-жан!Дүние кезек деген осы,сен қойларды қалай кеміріп жеуші едің,енді сені де біреу солай кемірсін,Сау бол!,-деп түлкі ктіп қалыпты,қасқыр болса түлкіге алданып қала беріпті.

-Балалар сендерге ертегі ұнады ма?

-Ертегі не туралы екен?

-Ертегі кейіпкерлерін атайықшы?

 

                Қостілділік

Түлкі-лиса                  Ешкі-коза

Қасқыр-волк              Қоян-зайец

Ойын: «Жасырынған кейіпкерді тап»

Шарты: Балалар көздерін жұмып, тәрбиеші бір ертегі кейіпкерін жасырды,балалар кейіпкерді тауып оған сипаттама береді.

 

Жарайсыңдар балалар! Барлықтарың да оқу іс-әрекетіне белсене қатыстыңдар!

Сендерге көп-көп рахмет!

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *