Балаға тәрбие берудегі ұстаздың рөлі

Балаға тәрбие берудегі ұстаздың рөлі

«Адамның өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышыбала. Бала бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтар отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді.«Бала нені білсе жастан, ұядан, өле-өлгенше соны таныр қиядан» деген нақылдың астарында қаншама мән-мағына жатыр десеңізші.Нақылда тәрбие беретін адам, я болмаса ортасы өздері білімді, тәрбиелі, үлгілі болуы керек деп өсиет етеді. «Бала істеген жауыздықтың жазасын тәрбиешісі көрсін» деген мәтел де соны меңзейді.

Бала тәрбиесінде мұғалімнің де  атқаратын рөлі  зор. Өйткені отбасы тәрбиесі мен мұғалім берген  тәрбие бір-бірімен тығыз байланысты, бірін-бірі толықтырады.

Өзім бастауыш сынып мұғалімі болғандықтан, өз тәжірибемде бақылау жүргіздім:

Қыз балалары мен сияқты жүріп, мен сияқты сөйлейтін болды. Бірінші өзіңді түзеу керек, сол кезде болашақ тұлға, ұл-қыздарымыз біздің бойымыздағы барлық жақсы қасиеттерді өз бойларына сіңіріп өседі. Балаларды рухани- тәрбиелерін арттыра отырып тәрбиелеу.

Ұлттық тәрбие, қазақи тәрбие жоғалып бара жатыр, көп балалар салт- дәстүрді білмейді, сол үшін ата- анаға артып қоймай, мұғалім балалардың саналарына салт- дәстүрлерімізді сіңіріп, дарытып , әр баланы ашып,  мұғалім өз рухани байлығымен өзінің бойындағы барлық жақсы қасиеттерімен бөлісіп, әркез балалармен байланыста болса, біздің  болашақ ұрпақтарымыз қазақи, салт-дәстүрді меңгерген жақсы қасиеттерге жаны толы тұлға болып өсуіне сенімдімін.

Қазіргі жаңа ұрпақ тәрбиелеп жүріп, көп нәрседен балаларымыз қалып қойып жатқанына ішім ашиды.

Оған балаларымызды кінәлай алмаймыз! Баланың тәрбиесін қолға алатын ата-ана күннің таң атысымен, қара кешке дейін қызметте, қалалық тұрғындардың барлығы ата- әжесімен тұрып жатпағаннан соң, балалар тек мектептерден, өз орталарындағы болып жатқан іс-әрекеттер арқылы тәрбие алуда. Осы жердегі қазіргі таңдағы осы келеңсіз жәйттарды болдырмауға жол беруге көп көмекші МҰҒАЛІМ деп айтар едім. Сондықтан тәрбие мәселесіне көңіл бөліп, оған тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып, қарастыру әрбір педагогтың тапқырлығы мен іскерлігін, ізденімпаздығы мен шығармашылығын талап етеді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев білім мен ғылым қызметкерлерінің екінші съезінде «Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан жүктелген міндет өте ауыр», – деген болатын. Жеке ел болып дербес даму жолына түскен осы бастамамызды баянды етіп, нығайта түсуде жеткіншектерге жүктелер міндет те ерекше үлкен. Ал еңсе тіктеген Қазақстандай жас мемлекет үшін бұл міндет ауқымдала түспек. Өйткені Отанымыздың, қоғамымыздың келешектегі шын жанашыры да, арқа сүйері де осынау жас ұрпақ арасынан шықпақ. Демек, оларды лайықты ізбасар етіп дайындау, тәрбиелеп шығару үшін білім ордаларындағы білім, тәрбие жұмыстарын күшейтіп, ұлттық ұлағаттылыққа баулып өсіру міндеті алда тұр. Қазақ халқы қай уақытта болмасын, ұрпақ тәрбиесін ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы деп білген. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім адамзатқа апат әкеледі» деген ғұлама ғалым Әбу Насыр Әл-Фараби ойын әрбір педагог, әрбір ата-ана өздеріне қағида ретінде ұстанса нұр үстіне нұр болар еді. Оқу мен тәрбие — бір-бірінен бөлек алынып қаралмайтын күрделі процесс. Жаңа заманның жаңашыл педагогы осы екі үрдісті бірдей теңестіріп алып жүру оның шеберлігі мен іскерлігін көрсетеді. Мағжан Жұмабаев өзінің ұлағатты бір сөзінде былай деген болатын: «Баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығармай, келешек заманына лайық қылып шығару керек». Иә, Мағжан атамыз айтқан даналық ойы бүгінгі күні білімді ұрпақ керек екенін айқындайды. Өйткені елдің ертеңгі тірегі – балаларымыз. Бала тәрбиесі – баршаның ісі. Отбасының да, балабақшаның да, мектептің де мақсат-мүддесі біреу ол – заман талабына сай, рухани, қазақи ұрпақ тәрбиелеу. Балаға айналадағы өмір шындығының әсері мол. Айналасындағы үлкендердің, өзінен ересек балалардың бір-бірімен қарым- қатынасы, көңіл-күй ерекшеліктері, жүріс- тұрысы, еңбек әрекеті – бәрі де балаға үлгі- өнеге. Бүгінгі балалар тез жетіліп келеді. Олар айналадағы болып жатқан барлық оқиғаларды білгісі келеді. Баланың тұлға болып қалыптасуына отбасының тәрбиесі аздық етеді. Бұл орайда бала тәрбиесіндегі мұғалімнің орны ерекше. Себебі, мектепке баратын бала қоғамда өз ойын ашық айтуға үйренеді. Сонымен қатар жан- жақты жетіледі. «Балалар — біздің болашағымыз.» Сондықтан балаларды ерекше күтіп, тәрбиелеу керек. Әсіресе, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруіміз қажет. Баланың ойлау қабілеттерін арттыру арқылы ұрпақты жақсылыққа тәрбиелейміз. Ата- бабаларымыз айтқандай баланың тәрбиесі бесіктен басталады, яғни тәрбиенің негізі отбасынан бастау алады. Балабақша, одан кейін мектепке дейінгі ұйымдар, мектеп,  адамның қоршаған ортада жеке тұлға ретінде қалыптасуына көмектеседі. Отбасындағы тәрбие мен мектептегі тәрбиені ұштастыра отырып, әр мұғалім әр баланың  жақсы жолға түсуіне себепкер болады деп ойлаймын. Адамзатты тәрбиелеу өте ұзақ және күрделі процесс. Жеке бастың қалыптасуы, оның рухани жағынан дамуы бала кезден бастау алады. Жас шыбық иілуге қандай икем болса, бала да тәрбиені қабылдауға сондай бейім. Соңғы жылдары жалпы білім беретін мектеп пен жалпыға бірдей орта білім беру ісін дамыту, жаңарту проблемаларының ауқымдылығы соншалық, оған жас ұрпаққа білім беру саласында жүрген азаматтармен қатар, ұлт тәрбиесіне бей-жай қарамайтын әрбір адам өз үлесін қосуда. Бала – Отанымыздың келешегі, біздің жалғасымыз. Сондықтан бала тәрбиесі – баршамызға ортақ іс. Әр ата-ана өз баласын еліне, халқына шын берілген, халқын құрметтей алатын, дені сау, білімді, еңбексүйгіш, жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеуді борышым деп есептеуі керек.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *