Тәрбиенің тұтастығын – ата ана ұштастырған!
Айтжанова Альбина Маусынбайқызы
Қоғамдағы орны ерекшеленіп,толықтай сол қоғамға әсер етуші-Адам.Дүние есігін алғаш ашып,5 күндік өмірге келген,кіп-кішкентай сәбидің болашағы мен өмірде алатын орны,сол бір шыр етіп дүниеге келген сәттен бастау алады.Әрине ешбір адам баласы өзінің қандай тұрмыстық жағдайда,қай елді-мекенде,немесе кім оның ата-анасы болатынын таңдай алмайды.Соған сәйкес өмір сүруде ешқандай тәжірбиесі жоқ бөбектің қандай тұлға болып қалыптасуы толықтай ата-ананың беретін тәрбиесімен ұштасады.
Адам баласы кез-келген маңызды,әрі жауапты іске келгенде,соның арты не болатынын,сол істің не пайда немесе қандай жағымсыз жайттар әкелетінін саралауы қажет.Себебі кейін өзегін өкініш өртемейтіндей,жеті рет ойланып,бір рет кескен абзал.Неліктен әрбір істің алдында саралау жайлы айтуымның себебі:Тек осы тақырыпқа байланысты қарастыратын болсақ,қаншама адамның жіберген қателігінен опық жеп қалғандар,еш жазығы жоқ бүлдіршіндер…Ата-ана деген мәртебеге,сол кезеңге еш дайындығы жоқ,бірақ сол іске барғандардың артынан,көз жастары көлдей аққан жазықсыз,тек “Анамды көрсем ғой,неліктен әкем мені іздемейді,оларға керек болмасам,мені кім керек етеді”-деген сауалмен өз-өзіне ауыр жүк артатын тұлға қалыптасады.Өмір бойы өзін кінәлі сезінген,сол бір жылулықты, “Жәрайсың балам!”-деген сөзге мұқтаж болған баладан қандай өкпе-наз күтуге болатынын білесіз бе?Жылдар артта қалып есейіп,жетілген тұлғаның қоғамға қандай оң немесе теріс әсері тиетіні бәрімізге,тіпті сол тұлғаның өзіне де беймәлім..
Ендігі ата-анасы бар бола тұра қоғамға қайшы тірлік істеп жүрген жандардың тәрбие алудан қай жерде қате кеткенін талқылайтын болсақ..Ешкім бұл өмірді екінші рет сүріп жатқан жоқ емес пе? “Өмір заңы” атты кітап болатын болса,ешкім қателік жібермес еді.9 ай 10күн көтеріп,дүниеге әкелген баласының тәрбиесіне Ананың да,Әкенің де қосатын үлесі теңдей болуы қажет! Бұл баланың өмірі,болашығы үшін аса үлкен әсер етуші фактор.Өмір жолында ненің дұрыс,ненің бұрыс екенін айтып жатса да,қайдан шығып,кімнің ұрпағы екенін білгісі келмейтін де жандар бар…Әрине бұл әр баланың санасына қарай.Сол сананы улайтын да,немесе дұрыс жолға салатын да оның араласатын ортасы.Ата-ананың берген тәрбиесін елемей,көрінге еріп,тізесін құшақтап қалған жандар қайдан шығуы мүмкін? Адами құндылығын жоғалтуға үлес қосып,теріс жолға түсірген ортасы! Бұл мәселе жайында ата-ана баласымен ашық түрде сол бір өтірік “Дос” атауымен қалыптасқан жанның орнын басуы үшін арада ешқандай өтірік,көз бояушылық болмауына барын салуы керек.Себебі сол кішкентай мәселе,өмірді 360* өзгертіп жіберуі мүмкін.
Қортындылай келе-өмір қандай жолдардан,қанша сатыдан тұрса да,мейлі соның шыңына шығып,немесе сүрініп құласаң да жаныңнан табылатын ата-анаң! Әрине егер де ата-бабамыздан мирас болып қалған “Тәрбие”сөзін дұрыс ұғынатын ата-ана,және сол сөздерді елеусіз қалдырмайтын бала болса,өмір жолының қиыншылығынан -1 үлкен мәселе болатыны айқын!