Тіл-ел болашағы
Тіл-халықтың рухани байлығы, адам болмысы, ең асыл құндылық.
Қазір гаджет пен техниканың дамыған заманы. Яғни әлеуметтік желі қолданушылары көп. Соған байланысты сөйлеуі мен жазуларына назар аударсақ қазақ тіліндегі төл әріптерді дұрыс қолданбайды, тыныс белгілерінің жоқтығынан оқуға шатасасың, тіпті адам есімін кіші әріппен жазады. Бұл бір дағдыға айналып кеткендей.
Бұл жағдайды “тіл шұбарлануы” деп санаймыз. Тілге немқұрайдылықпен қарау-үлкен проблемаға әкеліп соғады.Тек жастар ғана емес кей үлкендеріміз өз тілдеріне осал. Яғни ана тілінің қадіріне жетпей жүр. Жай әдеттегі сұхбаттасуда тіліміз шұбарланып, өзге ұлт тілдерін араластыра сөйлейміз. Бұның өзі ұлтқа төнген қауіп. Сол себепті балалар балабақшадан, мектептен бастап, ең алдымен өз ана тілінің қаймағын бұзбай, таза сөйлеулеріне көңіл бөлуі керек.
Ана тіліміздің тазалығына бұрынғыдан да сақ әрі жауапты болуымыз міндетті. Бұл үшін “тас қопарып, тас үгіту” міндетті емес. Бар болғаны әр адам өз тіліне деген сүйіспеншілігін арттырып, рухани байыса, өз ана тілінде күнделікті өмірде таза сөйлеуге тырысса, бұның өзі үлкен септігін тигізері анық.
Ана тілімізді қадірлейік!
9-сынып оқушысы
Бақыт Нұрайым
👍🏻👍🏻