Артикуляциялық гимнастика дегеніміз не, не үшін қажет?
Қаратаева Қолғанат Ғибадатқызы
Статистикаға сүйенсек қазіргі кездегі түрлі дәрежедегі тіл кемістігі бар балалардың көбейуі – қоғамның шешімін таба алмай келе жатқан өзекті мәселенің бірі болып табылады. Мұндай балаларға арнайы мектептер мен оқыту бағдарламалары жоқтың қасы.
Тіл – қарым-қатынас құралы болғандықтан, бұл жағдайда тіл кемістіктері бар балаларда көптеген қиындықтар туындайды. Адамда сөйлеуге арналған негізгі орган болмайды. Сөйлеуге өңеш, өкпе, жұтқыншақ, тіл, тіс, ерін, ұрт, жақ қатысады. Баланың миының даму процесі белгілі бір кезеңге жеткенде ғана дұрыс сөйлей бастайды. Тіл кемістігі бар балалар өз кемшіліктерінің себебінен өздеріне достар таба алмай қиналып, сөйлеуден де қорқады. Ондай балалардың жалпы және ұсақ маторикалары да толық дамымайды. Өздеріне басқалар тарапынан сұрақтар қойылса, жауап беруден қашқақтап, сұрақтарды толық тыңдамай мазасызданып, әр түрлі ретсіз қимыл-қозғалыстар жасайды. (басын қасу, қозғалақтау, тамағын қырнау т.б) сенімсіз,мазасыз, жсқаншақ балаға айналады. Бұл қиындықтар бала өскен сайын тереңдей түседі. Тіл кемістігі бар балалармен жұмыс жүргізуде әр түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдануға болады.
Артикуляциялық жаттығу дегеніміз не? және оның маңызы;
Артикуляциялық жаттығулар дегеніміз – ол сөйлеу тілі аппаратының бұлшық еттерін шынықтыратын, оның мүшелерінің қимыл-қозғалыстарын қалыптастыратын және нығайтып, жетілдіретін арнайы іріктеліп алынған жаттығулар болып табылады. Артикуляциялық жаттығудың басты талабы-жүйелілік. Жаттығуды орындау кезеңі активті және пассивті болып екіге бөлінеді.
-активті, бала барлық тапсырманы өз бетімен орындағанда;
– пассивті, балаға қимылдарды дұрыс орындауға үлкен кісі көмектеседі.
Егер бала артикуляциялық аппарат ағзаларымен қажетті қимылдарды дұрыс орындай алмаса, оған көмектесу керек. Оны механикалық дыбыс қоятын және массаж жасайтын зонд аппаратымен немесе тілге массаж жасау арқылы көмектесуге болады.
Артикуляциялық жаттығулар төменгі тәртіппен ұйымдастырылады:
- Ересек адам жаттығу атауларын атай отырып, алдағы орындалатын жаттығулар туралы айтып береді.
- Оның орындалуын көрсетеді.
- Бала жаттығуды орындайды, ал ересек адам оның дұрыс орындалуын бақылайды.
Тіл кемістігі бар балаларға жаңылтпаш, тіл ұстарту жаттығулары, саусақ ойындарын айтқызу өте тиімді. Үлкендер баламен сөйлескенде, немесе серуендеп жүргенде балаға мимика арқылы дыбыстардың айырмашылығын көрсететін қарапайым жаттығуларды жасауы керек. Мысалы: Сіз баламен үрмелі аспапта ойнап отырсыз, сол арқылы сіз ерінді труба секілді етіп көрсетесіз. Бала тілін тақылдатуды, жоғары көтеруді қаншалықты ерте үйренсе талап ететін дыбыстарды тез айтуды үйренеді. Мысалы: бала жымияды, ерін шүйіреді, жылайды, аттың жүрісіне салып, таңдайын қағады мұның барлығы сөйлеу тілдік дағдыларды қалыптастыруға көмектесетін бұлшық еттерді белсендіреді. Балаға ауызды кең ашып, “Ыстық “деп айтуын сұраңыз, ал сосын еріндерін кішкене жауып, “Суық” деп айтқызыңыз. Балада ауыз-қуыс қимыл-қозғалысы, нақтылығы, күші, біртіндеп дамиды. Бұл жаттығулар дыбыстарды дұрыс айтуға және қарапайым қимылдарды әр түрлі фонемалардың күрделі артикуляциялық құрылымдарды біріктіруге қажетті сөйлеу мүшелерін қалыптастыруға көмектеседі.
Дыбытардың 5 түрлі айтылу кемшілігі бар.
- Сигматизм-с-с; з-з; ц, щ, ч, щ, ж
- Ротацизм-р-р, р-ль
3.Ламбдацизм-л-л, л-ль
- Каппацизм-к-к, г-к, х-х
5.Йотацизм-і
Осы орайда тіл кемістігін туғызатын аномалияларды атап өтсек:
Каппацизм туғызатын анамолия – қатты таңдай биік жіңішке болып келеді де, тіл мен таңдай толық қабыспайды.
Ламбдацизм-тіл асты желбезегінің күрт қысқаруы салдарынан тіл ұшының созылмауы, жоғары көтерілмеуі. Бұндай жағдайда хирургиялық операция туралы шешім де қабылданады.
Ротацизм- тіл асты желбезегінің қысқалығы, биік және жіңішке шектен тыс үлкен немене жіңішке икемі кем тіл.
Сигматизм – тіл ұшын таңдайға көтере алмайтындықтан болады.
Ысқырық дыбыстарға арналған артикуляциялық жаттығу түрлері: Піл, тәтті тосап, сағат, тарақ.
Ызың дыбыстарға арналған: Түтікше, жымию, тісімізді тазалаймыз, ашуланған мысық.
Діріл дыбыстарға арналған: Әткеншек, сылақшы, ат шауып келеді, күрекше.
Жаттығуларды отырған қалыпта орындау керек. Себебі бұл қалыпта баланың арқасы түзу, денесінің бұлшық еті босаңсыған, қолы мен аяғы жайлы қалыпта болады. Бала үлкен кісінің мимикасы мен артикуляциясын көріп, сонымен қатар ол тапсырманы орындау барысында өз ернімен тілін көру керек. Жаттығулар қол айнасымен немесе үлкен айна алдында орындалады. Барлық жаттығуларды балаларға жалықпас үшін ойын түрінде жеткізген дұрыс. Бала жаттығуды алғашқы кезде дұрыс жасамауы мүмкін, сондықтан үлкендерге шыдамды болуы керек.
Қазіргі кезде Қазақста Республикасында білім берудің жүйесі жасалып, мемлекетіміз әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Балабақшаның білім беру жұмыстарында жаңа технологияны қолданудың арқасында бізге көмекке жаңылтпаштар, саусақ ойындары, тіл ұстарту жаттығулары, көмекші бола алады. Жаңа технологияның тиімділігі баланың шығармашылық, интеллектік қабілетінің дамуына өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларын қалытастырады.
Сонымен қорыта айтқанда, балабақша балаларының тілін дамытуда түрлі ойын, әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану, осы бағыттағы атқарылатын игі іс-шаралардың нәтижесіз қалмайтындығының айқын дәлелі деп санаймын.