Қуыршақ терапиясы

Авторы: Куянбаева Д.Б.

 

Жобаның қатысушылары: балалар.

Тәрбиеленушілердің жас мөлшері: Мектепке дейінгі топ балаларымен жүргізіледі.

 

Жобаның ерекшелігі:

Жобаға бала санын қатыстыру: топпен

Арналған ұзақтылығы: қысқа мерзімді.

 

Жобаның түрі: шығармашылық-ойын, тәжірибелік-зерттеу.

 

 

Өзектілігі:

 

Бәріміз де бала болдық, асыр салып ойнадық. Ойынның түрлері өте көп. Баланы тәрбиелеудегі басты құрал ол – ойын. Ал балалар қалай ойнайды, ойынға қандай заттарды пайдаланады деген көптеген сұрақтар туындайды. Иә, заман талабына сай ойыншық түрлері өте көп. Ойыншықтардың көп пайызы пластмасса материалынан жасалған. Машина, текшелер, доп, құрастырғаштар, пазлдар, қуыршақтар және т.б. Осы ойыншықтардың арасынан қуыршақ қалай ойыншықтар қатарына іліккені туралы ақпарат бере кетейін.

Жүз жыл бұрын қазақ балалары қуыршақпен ойнауға әуес болған. Тарих солай дейді. ХХ ғасырдың басында өмір сүрген 3-10 жастағы қазақ балалары қолдан жасалған «қазақы» қуыршақтармен ойнаған. Балалар оны қамыстан жасап, сыртына мата орап, киім тіккен. Қазақтың ескі қуыршақтарына бет-жүзі салынбаған.

Қуыршақ ең көне ойыншықтардың бірі болып саналады. Оның баланың өміріндегі рөлі айрықша: бұл ойын барысындағы серіктесің әрі жаныңды түсінетін жақын досың. Балалар қуыршақты өздері істеуге ұялатын нәрселерді істеу үшін немесе айту үшін, немесе айналасындағылар бұрыс қабылдауы мүмкін сезімдерін жеткізу үшін қолдана алады. Осылайша, баланың әлемі – іс-қимылдар мен қызмет әлемі, ал қуыршақ болса баланы ұялтпай әрі жараламай, қоршаған ортаға енуге мүмкіндік береді.

Мектеп жасына дейінгі балалармен бірге қуыршақтардың келесі түрлерін жасауға болады:

Қуыршақ-марионеткалар Басы мен қолдары тігілген көйлегі бар. Оны басқару оңай: бір жібі басын басқаруға, басқасы қолдарын басқаруға қызмет етеді. Қуыршақтың бір немесе ауысып тұратын бет-әлпеті болуы мүмкін, бұл баланың әртүрлі эмоцияларды жеткізуіне мүмкіндік береді, кейде бет-әлпеті болмауы да мүмкін, бұл баланың кейіпкердің көңіл күйіне қатысты қиялдауына мүмкіндік береді. Қуыршақ-марионеткамен жұмыс қолдың жұқа моторикасын және жалпы қимылдар үйлесімділігін жетілдіруге, бала қандай да бір себептерге байланысты көрсете алатын немесе көрсете алмайтын эмоцияларды, сезімдерді, жай-күйді көрсетуге мүмкіндік береді.

Саусақ қуыршақтары Кез келген материалдан жасауға болады: картоннан, матадан, жіптен, пинг-понгтың шариктерінен. Қуыршақтың көлемі баланың саусағына тура келуі тиіс.

Көлеңке қуыршақтары Қара картоннан немесе қағаздан жасалады. Мұндай қуыршақтар көбіне балалардың қорқынышымен жұмыс істеуге, қатты алаң- даушылығын түзетуде қолданылады. Қорқыныштың нақты немесе абстрактілі бейнесіне жіп немесе таяқша бекітіледі, бұл оны экранда жүргізуге мүмкіндік береді. Бала көлеңке театрында қуыршақпен ойнау арқылы өз мәселесін шешу тәжірибесін жи- нақтайды. Әдетте қорқыныш байқалмайды. Қорқынышты қуыр- шақтың көмегімен көрсету арқылы бала жағдайды түсінеді, және қуыршақпен жеткізілген қорқынышы оның қорықынышты құрам- дасының эмоционалды шиеленісін жояды. Бала өзінің «қорқы- ныш қуыршағымен» ойына алған нәрсесін істей алады, тіпті толық жоя алады. Көлеңке театрының түзетушілік мәні де осыдан тұрады.

Жіптен жасалған қуыршақтар Балалардың қарым-қатынас барысындағы қиындықтарын шешуде тиімді. Қуыршақтың бойы баланың бойымен бірдей болуы мүмкін. Оны дайындау өте оңай: жіптен (арқаннан) қуыршақтың сұлбасы жасалады, қуыршақтың басындағы ілмек баланың жейдесіне түймеленеді, ал баланың саусағы қуыршақтың алақанындағы ілмекке ілінеді. Осылайша, бала өзінің қимылдарымен бірге қуыршақтың қимылын имитациялайды.

Қолғапты қуыршақтар Қуыршақтың негізі-денесі қолғаптар болып табылады. Мұндай қуыршақтар әдетте балалар қуыршақ театрларында, әртүрлі сахналауларда, ертегілерді бейнелеуде қолданылады.

Бүгінде психологияда қуыршақ терапиясы деп аталатын дербес бағыт бар. Бұл әдіс үш негізгі ұғымға негізделеді: «ойын» – «қуыршақ» – «қуыршақ театры». Түзетушілік әсер етудің негізгі тәсілі ретінде қуыршақ бала мен тәрбиешінің өзара қарым-қатынасының аралық объектісі ретінде қолданылады. Бала қолына қуыршақты кию арқылы оған өз сезімдерін жеткізеді, өзінің қиындықтары мен қорқыныштарын ұмытады, өзінің жасырын қорларын ашады.

Қазіргі кезде қуыршақ терапиясының нақты анықтамасы жоқ. Әртүрлі авторлар оны арт-терапияға (Г. Денисова, Л. Лебедева, А. Осипова), ойын терапиясына (А. Тащева, С. Гриднева) жатқызады немесе жекелей бөледі.

И. Я. Медведеваның анықтамасымен келіскеніміз жөн болады: «Қуыршақ терапиясы – қуыршақтар арқылы орындалатын әртүрлі театралдық тәсілдердің (арнайы таңдалған жаттығулар, жағдаяттар, этюдтер, ойындар, спектакльдер) көмегімен адамдарға кешенді әсер ету. Театрландырылған ойындар және қуыршақтармен сахналау, қуыршақ жасау шығармашылық және танымдық қабілеттіліктерді, алған білімін жаңа өмірлік жағдайға өз бетімен ауыстыру қабілетін, әртістік қабілеттерін дамытады, өзін өзі танытады, өзіне деген сенімді, өзіндік бағасын арттырады».

Қуыршақ терапиясы әдісін қолдану арқылы баланың тек эмоционалды күйі мен психологиялық қиындықтарын реттеп қана қоймай, зияткерлік, коммуникативтік тілінің бейнелілігі мен мәнерлілігін, көркем-эстетикалық тәрбиесін қалыптастыруға, музыкалық және шығармашылық қабілеттіліктерін дамытуға қатысты көптеген мәселелердің шешімін табамыз.

 

 

Мақсаты мен міндеттері

 

Жобаның мақсаты: балалардың әртүрлі машықтары мен дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын барынша толықтыру, тілін барынша эмоционалды әрі мәнерлі етуге көмек беру. Баланың эмоционалды күйі мен психологиялық қиындықтарын реттеу, зияткерлік, коммуникативтік тілінің бейнелілігі мен мәнерлілігін, көркем-эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру, музыкалық және шығармашылық қабілеттіліктерін дамытуға қатысты көптеген мәселелердің шешімін табады.

 

Жобаның міндеттері:

– Креативтілікті, ірі әрі ұсақ моториканы, коммуникативтік дағдыларды, тілді, кеңістікте бағдарлануын дамыту;

– Қиялын, импровизациясын, эмоционалды саласын, тілінің мәнерлілігі мен нақтылығын, ұсақ моторикасын дамыту. Қорқыныштың алдын алу және түзету;

– Эмоционалды шиеленісті басу;

– Тұлғалық ресурстарын белсендіру. Өзіндік бағасын көтеру;

– Отбасыішілік қарым-қатынасты нығайту (балалар мен ата-аналардың бірлескен қызметінде).

– әр түрлі материалдарды қолдану арқылы балаларға қуыршақ жасап үйрету;

– ұжымдық жұмыс жасауға және достыққа тәрбиелеу;

 

 

Бірінші бөлім:

 

Жобаның бірінші кезеңінде мен тиісті әдістемелік және көркем әдебиеттерді таңдадым, ата – аналарға арналған кеңестер әзірледім, қажетті материалдар сатып алдым, әңгімелесу тақырыптары анықталды, экскурсияға арналған объект таңдалды, музыкалық репертуар таңдалды, білім беру қызметінің конспектісі әзірленді, дидактикалық және үстел ойындары таңдалды, пәндік-кеңістіктік орта құрылды.

 

Екінші бөлім:

– балалар мен тәрбиешінің бірлескен қызметі (декорация жасау, көркем әдебиетті қабылдау, театрландырылған этюдтердің шығармашылық қойылымы, шығармашылық қызмет, драматизация ойындары);

– балалар мен ата-аналардың бірлескен қызметі (бірлескен шығармашылық, атрибуттар, декорациялар жасау, сахналауға қатысу, көркем әдебиетті қабылдау);

– тәрбиеші мен ата-ананың бірлескен қызметі (қуыршақтар, театр атрибуттары, декорациялар жасау бойынша әңгімелер, шеберлік сыныптары, ата-аналар жиналыстарына қатысу).

 

Таныстыру жұмыстары:

– Презентацияны қарау: “Қуыршақтар қандай болады?”

– “Жіптердің шығу тегі”, “Мата қалай шығады?” тақырыбында әңгіме

– Дәнді дақылдар мен дәндермен танысу;

– Тақырып бойынша кітаптар көрмесі;

– қуыршақ дайындауға арналған материалдармен танысу.

 

Көркемдік-эстетикалық даму:

 

– Жапсыру: «Біздің жаңа қуыршақ».

 

– Мүсіндеу: «Көңілді ойыншықтар» (Дымковский, Богородский ойыншықтары негізінде).

 

– Музыкалық даму: “Менің сүйікті Қуыршағым” қойылымы.

 

Сөйлеуді дамыту:

 

– ойыншықтар, қуыршақтар туралы жұмбақтар табу;

 

– “Біздің ойыншықтар” әңгімесін құрастыру.

 

– қуыршақ туралы сипаттамалық әңгіме құрастыру.

 

–  қуыршақтар туралы өлеңдер жаттау.

 

– тақырып бойынша жаңа сөздермен танысу.

 

Әлеуметтік-коммуникативтік даму:

 

– Сюжеттік-рөлдік ойын: “Ателье”, “Отбасы”, “Тігуді үйрену”, “Суретшінің шеберханасында”, “Халық шығармашылығы көрмесінде”, “Қуыршақтарды киіндірейік”;

 

– Дидактикалық ойын: “Қуыршақ неден жасалған”, “Қуыршақты киіндір”, “Сүйікті ертегілер”,”Мультфильм кейіпкерлері”;

 

– Қимылды ойын:”Қуыршақты тап”.

 

– Қазақ халық ертегілерін сахналау.

 

Жобаны іске асыру кезінде келесі әдістер  қолданылды:

– көрнекі (мультимедиялық презентациялар, энциклопедиялар, ашық хаттар жиынтығы, фотосуреттер, тақырыптық суреттер, дидактикалық ойындар, суреттер және балалардың қолөнері).

– ауызша (әңгімелер, көркем әдебиетті қабылдау, ата-аналарға кеңес беру, түсініктемелер, нұсқаулар, ауызша нұсқаулар, ата-аналар жиналысы)

– тәжірибелік-зерттеу (қуыршақтар жасау, шағын мұражай құру, бейнелеу қызметі, мүсіндеу, қуыршақтар мен сүйікті ертегілерді қолдану).

 

Ата-аналармен жұмыс:

– Ата-аналарға арналған кеңестер: «Қуыршақ терапиясы дегеніміз не?», «Баланың өміріндегі қуыршақтың рөлі», «Үйдегі қуыршақ театры» (тез ұйымдастыру бойынша лайфхакпен бөлісу).

– отбасылық жұмыстар көрмесі: “Қуыршақ жасаймыз”.

 

Жобаны іске асыру тиімділігін бағалау

Жоба бойынша жұмыс тәжірибесін талдай отырып, мен қорытындыға келдім – балалар эмоционалды, жанашыр, қарым-қатынаста белсенді бола бастады. Еркін іс-әрекетте олар сахналауды, драмалық ойындарды ұйымдастыруға қуана кіріседі. Әр мереке  балалардың қолымен жасалған қуыршақтардың көрінісімен аяқталады. Балалар қысылуды, ұялуды тоқтатты. Мен жоба жетекшісі ретінде қуыршақ терапиясы баланы еркін сөйлеуге, әңгімелесу мазмұнын сұрақтармен демеп отыруға, басқа балалармен қарым қатынстарын жақсартуға көмегі тигені туралы айта аламын.

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде балаларда жеке және танымдық жағынан айтарлықтай өзгерістер болды:

 

– балалар қарым-қатынаста белсенді бола бастады;

– диалогтық және монологтық сөйлеу анағұрлым дамыған;

– сөздік қоры байыды;

– балалардың эмоционалды және жеке дамуы жақсарды;

– мазасыздық төмендеді, табандылық қасиеттер пайда болды;

– өзін-өзі бағалау және өз мүмкіндіктеріне деген сенім артты;

– балалар құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынаста сенімді бола бастады;

– есте сақтау қабілеті жақсарды, таным кеңейді;

– балалар көңіл – күйді, интонацияны жеткізуді үйренді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *