Сюжеттік-рөлдік ойын: «Халық Банк»
Тойшыбай Әлия Тойшыбайқызы
Тақырыбы: Сюжеттік-рөлдік ойын: «Халық Банк»
Білім беру саласы: Таным, Қатынас, Шығармашылық
Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру, Тіл дамыту
Мақсаты:Балалардың рөлді таңдап, рөлге сәйкес әрекет ету, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру. Ойында әлеуметтік ақиқат
оқиғаларын көрсету, балалардың бақылаудың, саяхаттың және ересектер
мен қарым- қатынастарының барысында көргендерін ойында ауыстыру.
Қоғамдық жерлерде жүріс- тұрыстарын бекіту, сөз сөйлеу этикет дағдыларын қалыптастыру.
Алдын – ала жұмыс:
1.Халық Банк туралы мәлімет.
2.Банк қызыметкерлерімен таныстыру.
- Әр елдің ақшасы туралы мәлімет.
- Балаларды рөлге бөлу.
Рөлдерде:
- Халық Банктің бөлімше бастығы – Жолтаева Айжамал Баубекқызы.
- Бақылаушы кассир – Меліс Аяна.
- Бас менеджер – Рахымбек Алтынай.
- Менеджер – Жұматай Ботагөз.
- Менеджер – Әмірхан Нұрдаулет.
- Кассир – Абдрахман Жамиля.
- Қарауыл – Жұмасейіт Ықылас.
- Инкассаторлар – Есберген Сұлтан,
Ұйымдастыру кезеңі:
(Банк қызметкерлері таң ертеңгі 5 минуттық жиналыста)
Банктің бөлімше бастығы:
- Ал, құрметті қызметкерлерім, сіздерді жинап отырған себебім өз қызметтеріңізге үлкен жауапкершілікпен қарап, Банкке келген тұтынушыларды жақсы көңіл- күймен қарсы алып, жақсы қызмет етеді деп сіздерге сенемін. Ал енді өз орындарыңызға жайғасып, жұмысты бастайық.
(Банк қызметкерлері өз орындарына жайғасып, жұмысты бастайды.)
(Халық Банкіне инкассаторлар келіп, Ұлттық Валюталарды және басқа да елдердің ақшаларын алып келеді.)
Балалардың іс – әрекеті.
Инкассатор: Мен Банкке АҚШ доллары – 500 мың, Евро – 300 мың, Рубль – 700 мың, Теңге – 1 миллион алып келдім.
(Бақылаушы кассир алып келген ақшаны санап, тексеріп алады.)
Несие алушы мұғалім.
(Мұғалім кісі Банкке келіп, көлік алуға несиені рәсімдейді.)
Мұғалім: Сәлеметсіз бе?
Менеджер – Жұматай Ботагөз: Сәлеметсіз бе? Мен Жұматай Ботагөз біздің Халық Банкімізге қош келіпсіз!
Мұғалім: Мен кредит алуға келген едім.
Менеджер – Жұматай Ботагөз: Сіз несие алу үшін ең бастысы тұрақты жұмыс пен жеткілікті жалақы болуы керек. Ал қалғанын Халық Банкі реттейді. Қай жерде жұмыс істейсіз?
Мұғалім: Мен № 38 мектепте мұғалім болып жұмыс істеймін. Бір айлық жалақымды растайтын анықтама қағазым бар. Ал енді несие алудың қандай түрлері бар?
Менеджер – Жұматай Ботагөз: Біз түрлі несие беру бағдарламаларын қуана ұсынамыз. Осы бағдарламалар арқылы сіздің тұрғын үй, автомобиль, жиһаз немесе тұрмыстық техника сатып алуға, шетелде дем алуға, қандай да бір салтанаттарды өткізуге мүмкіндігініз болады және көптеген басқа да қажеттіліктеріңізді өтей аласыз.
Мұғалім: Мен автокөлік алуға несие алсам ба деймін.
Менеджер – Жұматай Ботагөз: Олай болса сізге «Автокөлік сатып алу үшін» бағдарламасын ұсынамын. Кредит мерзімі: 3 айдан – 7 жылға дейін. Кредит алу соммасы: 900 теңгеден – 1 мыңға дейін. Кредитті рәсімдеу үшін: жеке басын куәландыратын құжат, айлық жалақыңыздың мөлшерін растайтын анықтама керек.
Менеджер – Жұматай Ботагөз: Сіз қанша теңгеде несие аласыз?
Мұғалім: Мен бесжүз мыңға дейін несие алсам.
(Кредит беруші құжаттарды рәсімдейді, несие алушыны фотоға түсіреді.)
Менеджер – Жұматай Ботагөз: Олай болса мына шартқа толық аты – жөніңізді жазып, қолыңызды қойыңыз, сіздің несиеңіздің төлеу мерзімі үш жыл, ай сайынғы төлем ақыңыз он бес мың тнңге енді № 4 кассадан ақшаңызды ала беріңіз.
(Мұғалім кассаға барып, шартты беріп, ақша алады.)
Кассир – Абдрахман Жамиля: Сәлеметсіз бе? Мен Абдрахман Жамиля.
Мұғалім: Сәлеметсіз бе? Мен несие алайын деп едім, міне менің несие алуды растайтын шарт қағазым.
Кассир: Сіз шартпен танысқан боларсыз. Мұнда әр айдың (20) жиырмасына несиеңізді төлеп отыруыңыз қажет, төлемеген жағдайда үстемеақы қосылады. Несиеңіздің барлығын уақтылы төлеп біткен жағдайда, біздің Халық Банк сізге кредиттік карта сыйақыға беріледі.
(Кассир несие картасын көрсетеді, кредит алуға құжаттарды дайындайды, ақшаны береді.)
Кассир: біздің Халық Банкіне келіп тұрыңыз, қош сау болыңыз.
Несие төлеуші қария.
(Қарт кісі Халық Банкіне несие төлеуге келеді.
Ата – Жангелді: Әй, балам бұл Халық Банкі ма? Мен несие төлеуге келіп едім, қайда төлесем болады?
Қарауыл- Ықылас: Ия, ата бұл Халық Банкі, сіз анау тұрған менеджерден сұрасаңыз болады.
Ата – Жангелді: Балам – ау несиені қайда төлеймін?
Менеджер – Әмірхан Нұрдәулет: Сәлеметсіз бе қария? Сіз кредитті 4- ші кассаға төлеуіңізге болады.
(Қария несие төлеуге 4-ші кассаға келеді)
Ата – Жангелді: Сәлеметсіңбе қызым?
Кассир – Абдрахман Жамиля: Сәлеметсіз бе ата?
Ата – Жангелді: Айналайын мен несие төлейін деп едім.
Кассир – Абдрахман Жамиля: Ата жеке куәлігінізді беріңіз. Сіз несиені бұл айда кешіктіріп төлейін деп отырсыз, сондықтан сіздің несие төлем ақыңызға үстеме төлем ақы қосылады, енді төлем ақыңыз 186 теңге.
Ата – Жангелді: Қызым енді уақтылы төдеп тұрамын, бұл айда зейнетақымды жеткізе алмадым, ақшамды қайда қойдым, қалтама салған сияқты едім. (Ата қалталарын қарап, восмеркамен жұмыс)
Кассир – Абдрахман Жамиля: Ата мынау сіздің жеке куәлігіңіз, ал мына қағазға толық аты – жөніңізді және қолыңызды қойыңыз.
(Ата кредитін төлеп шығып кетеді.)
Менеджер – Нұрдалует: Құрметті тұтынушылар мынау терминал деп аталады. Бұл терминал сіздердің үйлеріңіздің жанындағы кез – келген дүкендерде кездеседі. Төлем терминалдары – төлемдерді жасаудың жеңіл және ыңғайлы жолы. Сіз Халық Банктің карточкасы көмегімен терминал арқылы:
- Коммуналдық қызметтер, кабельді төлемдер, мобильді байланыс қызметтерін төлей аласыздар.
- Кез келген банкке несие төлеуге де болады.
- Басқа да қаладағы туыстарыңызға ақша аударуға болады;
Отбасы балаларына банктен депозит ашуға келеді.
Нұрасыл: Сәлеметсіз бе!
Бас менеджер: Сәлеметсіз бе! Мен Рахымбек Алтынай. Біздің Халық Банкімізге қош келіпсіздер! Қандай мәселемен келдіңіздер?
Нұрасыл: Мен балама Халық Банк арқылы ақша жинайын деп едім.
Бас менеджер: А.а.а, сіз депозитті айтасыз ба? Мен сіздерге депозит туралы мәлімет берейін. Қаражатыңызды орналастырудың ең сенімді жолы – Халық Банкінің депозиттері. Бұл сіздерге теңгедегі, АҚШ долларындағы және евродағы депозиттерді ұсынамыз. Сіз үшін ыңғайлы, Халық Банкінің депозиттері, ақшаңызды сақтап қана қоймай оның арта түсуіне көмектеседі. Сіз лайықты депозитті таңдап аласыз деген сенімдеміз.
Нұрасыл: – Әй, айналайын қызым, депозиттердің қандай түрлері бар?
Бас менеджер: Депозит түрлері: Халықтық стандартты, халықтық зейнетақылық, халық әмбебап, халық балалар үшін, білім беру жинақтау салымы.
Нұрасыл: Онда қызым мен балалар үшін деген депозитті таңдаймын.
Менеджер: Олай болса, сіз балаларыңыздың жарқын да сенімді болашағы үшін, жақсы таңдау жасадыңыз.
- Салым мерзімі 1 жылдан бастап, 10 жылға дейін.
- Сыйақы төлеу салым мерзімі аяқталғаннан кейін.
- Салымның ең төменгі мөлшері – 150 теңге немесе 100 АҚШ доллары.
Арай: Бізге депозиттің салым мерзімі 1 жылдан 5 жылға дейін қажет, құжаттарымызды соған рәсімдесеңіз болады. Менеджер:Ал, енді депозитті рәсімдеу үшін жеке куәлігіңіз керек.
(Отбасының жеке куәлігін алып, депозитті рәсімдейді. )
Менеджер: Сіздің депозит ашу шартыңыз дайын, мына жерге толық аты – жөніңізді жазып, ал мына жерге қолыңызды қойыңыз.
Қош, сау болыңыздар, біздің Халық банкіне келіп тұрыңыздар
Валюта айырбастайтын орын.
(Валюта айырбастайтын жерге Ханым келеді.)
Ханым: Сәлеметсіз бе?
Бақылаушы кассир Меліс Аяна: Сәлеметсіз бе? Мен Меліс Аяна, біздің Халық Банкіне қош келіпсіз!
Ханым: Мен теңгемді АҚШ долларына не болмаса Евроға немесе Рубльге айырбастауға келіп едім. Осы шет ел Валюталарының курсы қанша екенін айтып жибересіз бе?
Бақылаушы кассир Меліс Аяна: 1 АҚШ доллары теңгемен – 185 теңге 45 тиын, 1 Евро теңгемен – 203 теңге 20 тиын, 1 Рубль теңгемен – 3 теңге 80тиын.
(В.Воскобовичтің кілемшесімен жұмыс)
Ханым: Олай болса мен АҚШ долларына айырбастаймын
Бақылаушы кассир Меліс Аяна: Ақшаңызды осы жерде санап алыңыз.
(Ханым ақшасын санап, шығып кетеді, менеджерге жолығады)
Ханым: Сізден бір нәрсе сұрайын деп едім. Мен шетелге туристік саяхатқа
Демалуға барсам ба, деймін, бірақ шетелде көп ақшаны алып жүру қауыпты, не істесем болады?
Менеджер Нұрдәулет :Біздің Халық Банктан пластикалық карта ашуыңызға болады.
Сергіту сәті:Ритмопластикалық жаттығу.
Көз жаттығуы
Ойынды қорытындылау.
Халық банкінің қызыметкерлерінің «есеп беру» жұмысы.
В.В.Воскобовичтың ойын технологиясы: «Есептегіш отарба»
Балаларды мадақтау, қонақтармен қоштасу.
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық.