Қоржын тігу
Изимова Жибек Унашовна
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қоржынның жасалу тарихымен, түрлерімен таныстыру, оқушылардың ой қиялын дамыту, өз қолдарымен қажетті бұйымдарын жасауға үйрету
Тәрбиелік: Сапалы бұйым жасауға, кестелеу арқылы әсемдікке, эстетикалық жоғарғы талғамға, әр кезде де қауіпсіздік ережесін есте ұстауға, сақтыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, баяндау
Керекті құрал – жабдықтар: Интерактивті тақта, қатты қағаз, үлгілер, сызғыш, ине, жіптер, қайшы, бор немесе қарындаш
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі
- Сынып тазалығын тексеру
- Оқушылармен сәлемдесу
- Оқушыларды түгендеу
- Оқушылардың зейіндерін жаңа сабаққа аудару
- Жаңа сабақ
Қоржын тігуге қолданылатын материалдар: картон қағаз, тығыз мата түрлері, түрлі түсті тоқыма жіптер, ине, қайшы, іс тігетін жіп түрлері. Басқа бұйымдардан ерекшелігі қоржынға қабырғалары қатты болуы үшін картон қағаздары пайдаланады. Қоржынның эскизін дайындау үшін оқушыларға жалпы тапсырма беру.Әр оқушы өзінің ой қиялымен қоржынның эскизін сызу.
Сарамандық жұмыс:
- Инені киімге қыстыруға болмайды
- Иненің жібін тіспен үзуге болмайды
- Қайшыны жолдасыңа үшкір ұшымен берме
- Қайшыны ойыншық ретінде пайдалануға болмайды
- Қайшыны ашық қалдыруға болмайды
Сұрақ:
- Қоржынға қандай материалдар қолданылады (плющ, драп, велюр, барқыт, киіз мата)?
- Қандай жіп пайдаланады (тоқыма жіптер және іс тігетін жіп)?
- Қоржынға қандай құрал – жабдықтар қажет (қайшы, ине, жіп, оймақ, маталар үлгісі)?
Қажетті материалдар, құралдар: картон қағаз, тығыз мата түрлері, түрлі – түсті тоқыма жіптер, ине, қайшы, іс тігетін жіп.
Ұйымдастыру
- Үйге берілген тапсырманы тексеру, пысықтау
- Өткен сабақты қайталай отырып жұмысты жалғастыру
- Топқа бөліп жұмыс істеу
- Жасалған жұмыстарды пысықтау тиянақтап бекіту
Құрал жабдықтардың түрлерімен таныстыру, атқаратын қызметіне түсінік беру.
Сабақты қорытындылау:
Оқушыларға өткен тақырыпты естері түсіре отырып, сұрақ жауап әдісі арқылы білімдерін тексеру.