Жастар арасында қылмыс өршіп тұр

Қоғамдағы ең өзекті мәселе-жастар арасындағы қылмыс .Дамыған ел қатарындағы Қазақстан қанша жерден дұрыс жағынан қалыптасса да,жастар арасында заң бұзушылық факторлардың саны көп.Жыл сайын қылмыстық істердің көбеюі қуантарлық жағдай емес.Керісінше алаңдайтын үлкен мәселе.Осыған байланысты жастар арасындағы қылмыстық істердің 2 жылдық статистикалық мәліметтері жұртшылыққа ұсынылды.
Ұрлық,алаяқтық,бұзақылық санаттары бойынша жоғарғы көрсеткішті көрсетіп тұрғаны алаяқтық болып отыр.Оның 2015 жылғы көрсеткіші бойынша 22638 іс қозғалған болса,2016 жылы оның саны 57,1%-ға өсіп,35553 істі құрады.Алаяқтықтың орын алуы психологтардың және жоғарғы орган қызметкерлерінің ойынша,әлеуметтік желідегі баланың қалыптасып жатқан  санасына тікелей байланысты.Жасөспірімдердің ақпаратты қабылдау қасиеті өте жоғары дамыған,сол себепті олардың теріс әрекетке бейімделуі тез жүзеге асады.Қылмыскерлердің көпшілігі тәрбиенің, бақылаудың жоқтығынан ерте бастан алаяқтық секілді жат қылықтарға еліктейді. Әлеуметтік желілердегі теріс ағымдағы видеолар,хабарламалар,сан түрлі топтар арқылы көрген-білгенін жасап қылмыстық элементтермен байланыс орнатады.
Екінші және үшінші орында статистика бойынша ұрлық және бұзақылық тұр.Ұрлық бір жыл ішінде 17,8 %-ға өскен болса,бұзақылық 72,6%-ды құрап отыр.Екі фактор бойынша қылмыстық істің саны жалпы 210204 және 29989.Бұл көрсеткіштер қоғамдағы жағдайды жақсарта қоймады.Уақыт артқан сайын қылмыстық істердің артуы бүкіл халықтық үлкен мәселе болып саналуда.Оның бірден-бір себебі жас жеткіншектердің миларының уланып,кері әрекет жасауларында.Ұрлықтың орын алуы көптің айтуынша отбасыдағы қаражаттың жетіспеушілігінен туындап отырған жағдай.Балаға керек-жарақты жеткізе алмаған соң,ол осындай теріс іс арқылы оңай олжаға қол жеткізуді көздейді.Бұзақылық ісі қай ғасыр болмасын ең бір өршіп тұрған өзекті тақырып.Әсіресе,қазіргі заманда оның орын алуы өте жиі кездеседі.Жасөспірімдік кезеңдегі адам мінезі,адамдармен қарым-қатынас,дұрыс тәрбиенің берілмеуі,кемсітулер және қорқытушылық сияқты факторлар салдарынан бұзақылықтың орын алуы күн сайын артуда.
Бұл қылмыстық істердің жастар арасында өршуі ең алдымен қоғам және әлеумет тәрбиесіне тікелей байланысты.Халық арасында орын алып жатырған теріс істер жастардың осындай қылмыс жасауларына себеп болып отыр.Өркениетті елдің болашағын сомдайтын бүгінгі жасөспірімдер болғандықтан,олардың тәрбиесі басты назарда болуы тиіс.Қазіргі уақытта жасөспірімдерге, жастарға деген көзқарас, әсіресе құқық бұзушылықтың алдын алу, оны туғызатын себептер мен шарттарды жою секілді алғышартты қадамдар жүргізілуі тиіс. Өйткені, қылмыс дегеніміз – әлеуметтік дерт, ал жасөспірімдердің қылмыс жасауы елең еткізер жағдай.Сондықтан жастардың қылмыс жасап жүргендеріне салғырт қарауға болмайды.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *