Момышұлының “Ұшқан ұясы”
«Ұшқан ұя»повесінен көптеген жайттар мен ойларды түсінуімізге болады.Бұл повест арқылы әр адам әлем тарихы,жаратылыс шежіресі, адам болмысы,қауымның қалыптасуы, отбасының маңызы мен өмір туралы алғашқы мағлұматтарды,азаматтық тұрғыдағы аңыз-әңгімелерді әжесінен естігенін үлкен сүйіспеншілік сезімен сағынышпен есіне алған,сондай-ақ ненің жақсы, ненің жаман екенін, нені сүйіп, неден аулақ жүруді әжесінен үйренгенін мақтан етіп айтады. Әкесі Момыш өз бетімен сауат ашқан, сол кездегі көзі қарақты адамдардың бірі болғанын сөзге қосады.Осы арқылы Момышұлы өмірдегі адамның жолы ең алдымен өзінің отбасынан бастау алатындығы туралы айтады.Шаңырақтағы тәрбиенің ұлттың қалыптасуына ең басты себеп екендігін жұртшылыққа насихаттау
<span;><span;>Бұл жерлерден Бауыржан Момышұлының өзгенің қайғысына ортақтасып,адам жаның түсіне біліп,барлығына жайбырақат қарамай үлкен мән беретіндігін көре аламыз.Момынқұл көкесінің сол бір тентек мінезінен кейін барлығы ол жайлы дұрыс көзқарасты әлі қалыптастыра алмағандығына қыңжылып, көкесінің еш себепсіз оғаш сөз естігеніне іштей түңіледі.Тысқа шығып көкесіне қарап тұрған кезде,оның мең зең болған кейпін, көкжиекке мүңая батқан бейнесін көріп бір сәтке болсын өз қанының арқалаған ауыртпалығын,көтерген соққысының жарымын бөліскісі келгендігі Момышұлының бойындағы адамдық қасиеттің белгісін анық әрі айқын көрсетеді.Бұл үзіндіні неге алып отырмын,себебі осы кезге дейін біз Бауыржан Момышұлын ұлы қолбасшы ретінде таныған болсақ,осындай бір оқиғалардан кейін Батырдың бойындағы асыл қасиеттердің жиынтығын көре аламыз.Қазіргі таңда басқаның жанын ұғыну,өзгені жұбата білу,сол жанды түсіну деген қасиеттерді Бауыржан Момышұлынан үлгі әрі өнеге ретінде алу біз үшін өте маңызды болып саналады.Себебі,уақыт өте келе заманның ағымына ілесіп,адамзат өзінің бойындағы адамдық қасиеттерін ұмытып, жүрегінің тазалығын айырылып бара жатыр…