Қаланған негіз…

<span;>Біздің заман білім мен білудің уақыты.Уақыт бұрынғыдан тез өтіп,секундтарымыздың өзі бағалымызға айналды.Бүгінде өз уақытыңды құр бос өткізіп,керегіңе жаратпасаң,болашақта өзіне қиын болатыны сөзсіз.Себебі,біліммен ғана биік шыңнан көрінуге болады.”Адамның нұры бір-біріне көмек берген кезде жүзінен төгіледі” дегендей,жоба аясында “қатарластарыма үйрету” бөлімін қолға алдым.Бұл таңдауға  септігін тигізген “эссе жазу” болған еді.Қазіргі күнң эссе жаза білу ең басты қағидат ретінде саналып тұр.Мектеп оқушылары,студенттер,тіпті жұмыскерлердің өзі эссе жазуға бейімделулері тиіс.Өйткені,әртүрлі жағдайды осы эссе арқылы жеткізуге мүмкіндік бар.Дәл осы бағытты таңдаудың өзіндік себептері,мақсаттары болған.Мектеп оқып жүріп бір түсінгенім,қатарластарым үшін эссе жазу қиындық тудырады.Олар ойларының нақтылығынан,сөздерінің көптілігін жөн көреді.Шығарманы да эссемен шатастырып,мүлде ауытқып кететіндері де жетеді.Сол үшін онлайн түрде эссені үйретуге көштім.Жұмыстың жемісті болуын қалағандықтан,”эссе бұл не?” деген сұрақтың жауабын түсіндіріп бастадым.Әртүрлі слайдтарды жасап,өзім жазған эсселерді жіберу арқылы оның құрылымын көрсетіп,күн сайын неше түрлі мәліметтермен бөлісіп отырдым.Тіпті,үш тілділікті негізге ала отырып,эссені қазақ,орыс,ағылшын тілдерінде жазып мысал ретінде жібердім.Бірінші эссе не екенін ұғындырып,кейін құрылымдарын таныстырып,одан кейін дәлелдерді саралаттым.Содан соң ғана олар эссе жазып бастады.Кейіннен уақыт өте келе үйреніп кетті.Өз нәтижелерін көрсету мақсатында маған тапсырмаларды жіберіп отырды.

Бұл жұмыс та қиындықсыз болмады.Эссені түсіне алмаған жандар үшін бұл жаңалықтай көрінді.Қайта-қайта шығарма немесе жай сөздерді жіберіп жүрді.Эссе құрылымы бар,алайда,тек бос сөздерді толтырған күйлері де кездесті.Бәрін бірден ұғынып,алып кету тым қиын екенін сол кезде түсінгендеймін.Олармен қоса өзім де эссе бағытында одан әрі дағдымды жетілдірдім.Әр айтқан сөзімнен қорытынды шығарып отырдым.Осылайша,қатарластарыммен бірге мен де эссе жазуды үйрендім.Кейбіреулері көп сөзді судай жазғанымен,түк ой да,түйін де болмайтын-тұғын.Бұл дәлелдер мен фактілердің дұрыс талданбауында.Осыны шешу мақсатында берілген тақырыптар бойынша әрдайым мағлұматтарды беріп отырдым.Соның арқасында олар эссе жазуды меңгеріп алды десем артық болмас.
Жоба арқасында “эссе” болашақта елеулі орын алар сала екендігін тағы бір мәрте түсіндім.Басқалардың білуіне,ұғынуына үлес қосқаным үшін қатты қуандым.Сол үшін де өз жігерімді дәлелдей алдым деген ой қалыптасты.Өзгенің де,өзімнің де жетілгендіме жоба көмек берді.Бұл әлі соңы емес…

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *