Мен сүйетін өнер

Өлең-құдірет.

Ата-бабадан дарыған қасиеттің қазақ үшін орны да,маңызы да зор.Өлең біздің күш-қуатымыз,жан тыныштығымыз,жүрек еміміз.Өткеннің Абай,Мағжан,Мұқағалилары мен бүгіннің Қалқаман,Мұнайдар,Талаптарын байланыстырған алпауыт күштің мендегі рөлі тым бөлек.Мен өнерге де,өлеңге ғашық жанмын.Ұстазым айтқандай,”сендер өлеңді сыйласаңдар,өлең де сендерді сыйлайды.”Бұл ақиқат.Өлең мені шыңға көтерді,қанат бітіріп,биік самғатты.Жобаға келмей тұрып та,өлеңіммен бірге едім.Дәл осы өнер менің бір бөлігім болғандықтан,жоба барысында дарынымды дәлелдегім келді.Өзгеге емес,ең алдымен,өзіме дәлелдеуімді қаладым.Өзгенің бағасынан,мен үшін өз бағалауым әрқашан да жоғары еді.Міне,дәл осы бір себептен де,жобада өлеңімді көрсеттім.Тек ол ғана емес,жоба барысында көптеген жайттар орын алды.
<span;>                 Өлеңдерім маған тыныштық мен тыныс беретін жанымның емі еді.Құлазыған кезде,жүрегім жалғызсыраған сәтте дәрінің орнына өлең маған дәрі болды.Жоба барысында өзімді жоғалтып алған сәттерім аз емес болатын.Сол кезде мені қара бұлттан,жарық күнге шығарған осы өлеңнің құдіретті күші.”Тұман” деп жырлап,ойларыммен алпарысқан уақытты жырладым,”Күз”деп жырлап,мезгілдің көңіліме тигізген септігін жаздым.Бұның бәрі бойымдағы сезімді одан әрі оятты.Лаулап жанған өлеңге деген ұлы махаббатымды жеткізу үшін көп еңбектендім.Әсерлі болуы мақсатында,ақындардың шығармалары желісінде өлең жаздым.Оны әсемдеу үшін,өз жан-дүниемнің сырын аштым.Жобада өз мүмкіндігімнің қандай екендігін көру үшін,түннен бастап,таңға дейін өлең үшін барымды салдым.Менің бар қазынам-өлең.Әлеммен де,өмірмен де,өз-өзіммен де байланыстыратын дәл өзі.Сол үшін,жобаны негізге ала отырып өлеңімді жетілдіріп,шыңдай түстім деп санаймын.Жоба басында өз жазғандарыма күмән келтіретін едім.Себебі,өлең жазу оңай іс емес.Нағыз ақындар үшін өлең пісіп,суып болғаннан кейін ғана жарыққа шығару дұрыс шешім.Ал,мен өзімді ақын демеймін.Өйткені,бұл атқа ие болу үшін тер төгілу керек.Сол үшін,өлеңдерімнің күшіне күмәнмен қарадым.Жоба соңында бұл күмән сейіле бастады.Жаза-жаза қаламым шыңдалды.Енді тілерім,сол қаламның мұқалмауы…

Өлең жазуда қиындықтар аз емес.Шабыт жоқ немесе жазуға шарасыз сәттер туады.Ондай кезде бәрінен бөлектене бастаймын.Ешкімге,ешқайда мән бермей,тек өлеңімнің дұрыс басталуына көңіл аударамын.Дұрыс жолға түсіп кетсе,оның жалғасуына тура бағыт ашылады.Бір мезетте,басталған шығарманы қалай аяқтарынды білмей бас қатырасың.Әрі ойланып,бері ойланып мың құбыласын.Ақтығында,жүректің үніне құлақ асып,қадам жасап,өлеңіңді қорытындылауға бел буасың.Бір өлеңдер айлап жазылады.Ал,бір өлеңдер бір күнде,әлде,бір түнде жазылады.Бұл тақырыпқа да,адамның өзіңе де тікелей қарасты.Жоба басталды,одан кейін “Поэзия кештеріне” шақыру алдым.Өз өлеңдерімді оқып,өзгелермен бөлістім.Өлеңімнің мені құрметтейтін,сыйлайтын дәрежесіне жеттім.Мен білемін,өлең менің басты қаруым.Айта алмаған сырым өз жырларым арқылы сыртқа шықса,жан тыныштығым да босаған ішкі сезімдерім нәтижесінде өз орнын табады.Міне,мен сүйетін өнердің бар күші осында.

Өлең-нағыз дос.Ол менің өмірлік серігім болмақ.Бәлкім,келешекте өлеңіммен “ақын” деген ұлы есімге жетермін.Ал,бұйырмаса өлеңім арқылы бар емімді табармын.Не де болса,жырым еш уақытта мені артта немесе түнекте қалдырмасы анық.Өз өнеріңіздің құдіретіне күмәнданбаңыздар,керісінше,сенім артыңыздар.Өйткені,адамды көтеретін нақ осы өнердің самұрығы.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *