Дебат

Дебат.Осы сәтке дейін бұл біз үшін тың ұғым болатын.Соңғы жылдары дебаттың елімізде дамып,жастар арасында қарқынға ие болуына,менің ойымша,өскелең ұрпақтың өзіндік көзқарастары мен әлемдік деңгейдегі білімділіктері ықпал етті.Менің бұл әлемге келуіме көп уақыт болмаса да,мен өзімді азаматтық пікірі қалыптасып жатқан тұлға ретінде санаймын.Бұл- дебаттың маманына айналдым деген сөз емес,бұл-мен дебатер ретінде даму үстіндемін деген ой.Мектеп оқушыларының арасындағы бақталастықтың дұрыс жағынан орнығуына бірден-бір себеп,ол әрине-дебат.Қажеттісін бойымызға сіңіріп,бәрімен бірге ұшталып,сан-қилы мәселелердің ретін табуға мүмкіндік берді.

Дебаттағы өз жолымды мен “ASU” фракциясының мүшесі ретінде бастадым.Бірнеше турнирлерге қатысып,шыңдалдым.Ең алғашқы дебат ойынын “Оқушылар сарайында” ойнадым. Бәрінің көздерінде жалын,рух,болашақтан үміттері зор жастар.Әр жетістіктің артында үлкен еңбек жатыр,ал сол еңбекке,әлбетте, бір тірек керек.Біздің тірегімізге айналған, мен үшін үлгі болған тарих пәнінің мұғалімі Алмагүл Жақсылыққызы.Тәлімгер бола білген Алмагүл Жақсылыққызы өзінің тәжірибесімен бөлісіп,дүниетанымымыздың кеңеюіне үлес қоса білді.Бұл өмір болған соң әркез жеңіс пен жеңіліс қатар жүретіні бәріне аян.Сол сияқты, біздің ASU осы кезге дейін жеңістің де,жеңілістің де дәмін татып көрді. Жеңіліс деуге келмейді,өйткені,әр ойын біз үшін биік шың.Мектепшілік дебат ойындарының 1 орын жеңімпаздары бола отырып,2 мәрте қалалық турнирларда финалға шықтық.Ойындардың барлығында дерлік “Лидер” бола отырып,менің бір түсінгенім,лидердің ойындағы орны айрықша.Себебі,ол басшы ретінде ойынның қалай басталып,әрі қарай қандай сарында жүретіндігіне жауапты жан.Әрбір ойын,турнир біздің рухани әрі адам ретінде азаматтық көзқарастарымызды қалыптастыруға үлкен үлес қосады.

Аз ғана уақыт ішінде дебатер ретінде бойымда өзгешілікті айшықтай білген мен үшін,бұл тек қана дебаттың іргетасы.Мен әлі талай “ASU” дың асқар асуларды бағындыратынына сенімдімін!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *