Қазақтың Ахметі

Ахмет Байтұрсынұлы өз өмірін халыққа,қазақ тіліне арнаған ұлы тұлға.Оның болашақ ұрпаққа қалдырған ұлы мұрасы деп негізінен жазушының барлық шығармаларын және кітаптарын айта аламыз.Бірақ та,солардың ең маңыздысы менің ойымша қазақтың әліпбиі. Яғни,ең алғашқы қазақша әліппе “Оқу құралы” болашақ ұрпақтың сауатын ашуға негіз бола білді деп санаймын.Сол заманда көзін қараңғылықтан ашпаған надан халқын, өзінің “Қырық мысал”,”Маса”,”Қазақтың бас ақыны”,”Баяншы”,”Тіл жұмсар” секілді шығармалары және мақалалары арқылы білім-ғылымға жетелеп, жарқын болашақтың қолынан ұстатты.Меніңше,Байтұрсынұлының “Маса” өлеңдер жинағы көп нәрседен хабар береді.Бәріміз білетіндей бұл өлеңнің басты идеясы қарапайым халықты білімге шақырып, мәдениетті өмір салтына үйрету еді.Сол себепті,қазіргі таңда да бұл жинақтың маңызы өте жоғары болуы тиіс деп ойлаймын.Себебі,бұрынғы заманда ел деп,халық деп кеткен Ахмет Байтұрсынұлының қазақ үшін сіңдірген еңбегі еш нәрсемен алмастыру мүмкін емес құнды іс.Ал ендігі,қазақ тіл білімінің негізін салушы,қоғам қайраткері ретінде жасаған қызметіне дәлел келтіретін болсам,ең алдымен Ахмет Байтұрсынұлының ұстаздық қызметін айтар едім.Өйткені, ұлы тұлға тек қоғамдық мәселелерді шешу жолын іздеп қоймай,оқу орындарында оқушыларды білім нәрімен сусындатып,өзінің тәлім-тәрбиесін берді.Мысалға,Ташкенттегі Халыққа білім беру институтында 1928 жылдары қазақ тілі және әдебиеті, тарихы мен мәдениетінен дәрістер оқыды.Яғни,адамдарды қазақ тілінің және әдебиетінің,тарихы мен мәдениетінің қыр-сырынан хабардар етіп,оларға білімді насихаттай білді.Тағы да айтар болсам,Байтұрсынұлы өз кезінде Бакуде өткен I түркология съезіне қатысып,білім беру жүйесін жан-жақты дамыту туралы бірқатар мәселелерді көтерді. Осыдан кейін біз Ахмет Байтұрсынұлының халыққа деген жанашырлығын,өз ісіне деген жауаптылығын,қазақ халқына деген риясыз ықыласын көре аламыз.Ол өзінің халқының қиын жағдайына төзе алмай,қолынан келгенше қазақты биікке көтеруге үлес қосты.Және де Байтұрсынұлының бұл еңбегі ақталып,қазіргі таңда ұрпақ оған алғыс айтып,мәртебе көрсетуде.Қорытындылай айтқым келетіні,Ахмет Байтұрсынұлының есімі қазақ тілі бар кезде ешқашан өшпейді және ұмытылмайды!

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *