“Табиғат-ананы аялайық, адамзат!”
Адамзат,маған назар аудар!
Өміріміз не болып барады үңіліп бір қарашы?!Табиғатқа көз сал,айналаңа зер сал.Не көріп тұрсың?Табиғат ананың қиналып жатқанын сездің ғой ия?!Бұл-біздің жасап жатқан ісіміз. Табиғат күн өте,ай өте,жыл өте адам әрекетінен опық жеуде. Әртүрлі химиялық қоспаларды өз бойларына сіңіріп,топырақтың және судың,жалпы қоршаған ортаның бар нәрі әрі таза құрамы жойылып барады.
Тіпті,қазіргі таңда әр тұтынушы осы бір үлкен мәселеге аса алаңдаулы.Себебі,әр заттың құрамы таза ма, өндіруші кәсіпорындар қоршаған ортаға кері әсер тигізбей жұмыс істеп жатыр ма,оның барлығы бізге белгісіз.Сондықтан да,адамдар арасында қоршаған ортаны қорғау,экологиялық таза өнім шығару және табиғи ресурстарды қорғау сияқты біркелкі мәселелер көп айтылады.Бұл істер тұқымнан бастап ауылшаруашылық өнімдерін жинауға дейін және тіпті тұтынушыларға дейін қоршаған ортаға,экожүйеге және адам денсаулығына зиянды химиялық заттарды,қоспаларды пайдаланбау үшін өте маңызды болып табылады.Экологиялық өнімді шығару өндірісі тек қана адам денсаулығын сақтау мақсатында емес,жалпы бүкіл табиғатты қорғау мақсатында жұмыс атқарады.Адам барлығын көріп,сезіп және істеп жатыр.
Табиғаттың күйін,оның болашағын бәрін реттеу де,қорғау да біздің қолымызда.Сол себепті,әр жасаған ісіміз бен әрекетімізді ой елегінен өткізіп барып қана бір нақты шешімге келгеніміз жөн.Адамзат өз ұрпағына қазірден бастап табиғатты қорғау керектігін,оны аяулау керектігін бойына сіңдіре білуі тиіс.Өйткені,адамның келешек ғұмыры табиғат және қоршаған ортамен тығыз байланысты.Егер дені сау ел болып,биікке самғағымыз келсе,ең алдымен барлығын табиғат-ананы қорғаудан бастауымыз керек,соны жадыңнан шығарма!