“Бауырлар”-бүгінгі өзекті тақырып

Тұманбай Молдағалиев “Бауырлар” өлеңінде бүгінгі күндегі ең өзекті мәселелердің бірін қозғап жазады.Атажұрт тақырыбын осы шығармасына арқау етіп,тағдырдың жазғанына көніп,өз елінен кетіп,дүниежүзіне тарыдай шашылып кеткен барша қазақты туған елге қайта оралуға үндейді.Осылайша,текті жұртының әр баласын атамекенге шақырып,өз ұлтының тұтастығын насихаттайды.

Ақын мына бір үзінді арқылы Қытай,Моңғолия,Иран,Түркия секілді елдерде мекен етіп жатқан қандастарын атажұртқа былай шақырады:
Қарсы алуға дайын тұр бауырларың,
Өз жеріңе бәрің де келсең көшіп, – деп қазақ даласы мен жұрты ешқашан өз баласының бетінен қақпайтындығын сөзімен дәлелдейді.
Бүгінгі таңда бұрынғы тауқымет заманында көшіп кеткендерден бөлек жұмыс бабымен,оқумен өзге елді өздеріне арқау еткендердің саны қаншама.”Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол” деген сөздің осы жерде айтылуы қажеттілік деп санаймын.Сол себепті,ақын осы тақырыптарды көтере отырып,бәріміз бірлесіп,бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын кез туғандығын айтады.Сонда ғана біздің еліміздің тұғыры берік әрі халқымыздың бірлігі нығая түседі.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *