Мұнайдар Балмолда жырлаған “Көкбөрі”
Мұнайдар Балмолда көкбөрі туралы,соның ішінде қасқыр қақында өзінің білгенімен,зерттегенімен,ізденісімен әркез бөлісіп отырады.Қазақ пен қасқырдың арасындағы мызғымас байланысты жаза отырып,бөрілердің маңызын хақ түрде жеткізеді.
Ақын өз сұхбаттарының бірінде:
“Жалпы,бөрілер туралы жазу жаным сүйетін тақырып.Маған олардағы рух ұнайды. Тектілік ұнайды.”-,деп ойын жеткізген.
“Көкбөрі” өлеңінің ақын шығармашылығында алар орны айрықша.Ол-қазақ халқының болмысын,тарихын,тектілігін,абыройын бөрінің қасиетімен,жаратылысымен үндестіреді.Қасқыр қауіп-қатерді тез аңғарғыш және адамды тани біледі.Кім қатерлі,кім бейбіт -ажыратады.Қасқырлар үйірімен өмір сүреді.Әуелгі қазақ үшін бөрілерге ешқай аң атаулысы тең келмейді.Арыстан да,жолбарыс да тең емес.Рас,арыстан – сес пен күш, жолбарыс – еп пен қуат,бірақ бөрі-рух пен жүрек.
Бас азаттығын бәрінен биік қоятын қайсар бөрінің қазақтың келбетін ашуындағы басты мән осы.
“Мен-Көкбөрімін!” деген сөзде нағыз болмыс,бейне,намыс пен айбын жатыр.Тұранның топырағына сіңген бөрінің қаны арқылы қалыптасқан ұрпақтың ендігі мақсаты-Әз Ұяның тыныштығы мен теңдігін сақтай білу.