Неге дәл мен грантқа лайықтымын?

«Неге дәл мен грантқа лайықтымын?»
Грант-қаржылай сыйақы.Студенттерге мемлекет тарапынан, және жергілікті бюджеттен төленетін шәкіртақыны алу.Әр жыл сайын бітіретін түлектер үшін кішігірім мақсат осы.Он бір жылдық біліммен қатар,ата-ана үмітін ақтау. ҰБТ-ға дейінгі талпыныс пен, одан кейінгі нәтиженің жемісі.
Неге дәл мен грантқа лайықтымын? Қазіргі таңдағы менің басты мақсатым грант болғандықтан,мен еңбектеніп сол нәтижеге жетуім қажет. Әрине, грантқа түсу бәрінің мақсаты. Бірақ, ол оңай жолмен келмейтіні анық. Сол себепті грантқа дейінгі жол, тек тоқтаусыз талыпыныспен өту қажет. Ол жолда кездескен сан қилы қиындықты еңсеріп, алға дұрыс мақсат қойып үйрену қажет. Тынымсыз еңбекпен жасалған әрбір жұмыс, сен күткен нәтижені береді. Мектеп қабырғасындағы соңғы жыл қаншалықты қиын болса, болашағың үшін қаланып жатқан іргетасыңның өзі соншалықты өрге жүзеді.
Дәл сол нәтижені көру үшін, өз-өзімді қамшылауым қажет. Осы тұста жан-жақтылығымды, талабым мен талантымды қолданып, өзіме үлкен жауапкершілік артамын деп уәде беремін. Егер, осы істі бастасам, ол іс оң нәтиже бергенше әрекет етемін. Бұл тұста, тек өзімнің ғана емес, жақындарымның артып отырған үмітін аяқ асты қылмауым қажет.
Бастапқы сұрақты негізге ала отырып, нақты жауапқа тоқталсам. Бұйырса, мен биылғы жылдың грант иегері атанамын. Неге? Себебі, менің грантқа ғана емес,келешек шығармашыл тұлға болып қалыптасуым үшін жасалып жатқан әрбір әрекет, аяқсыз қалмауы қажет. Яғни, еңбегімнің еселенгенін қалаймын. Қазіргі таңда грантқа түсу үшін көптеген жеңілдіктер қарастырылған. Олардың басым бөлігі, тұрмыстық жағдайына, тұрғылықты елді мекеніне, мүмкіншіліктерінің аздығына және т.с.с жағдайдағы жандарға қарастырылған мүмкіндіктер. Бұл мүмкіндік сол санаттағы жандарға жасалған бірден бір пайдалы көмек. Бірақ, елімізде ондай санатқа жатпайтын жандарда жоқтың қасы емес, оның ішінде менде бармын. Сол себепті де мен, мейлінше жақсы көрсеткіш көрсетеуім қажет. Міне, бұл маған артылған жауапкершіліктің маңыздылығы мен, талабымды шыңдап, талантымды қолданып жетуім керек басты жетістік.
Тақырыпты қорыта келе не айтқым келді? Әрбіріміз білім жолында жасап жатқан, қаншама еңбек, елеусіз қалмау қажет. Оның үстіне сол еңбектің нәтижесінде бізге тағайындалатын басты сый, ол, грант екені айдан анық. Міне, сол үшін бізге артылған міндетте басымырақ. Егер, біз сол міндетті абыроймен атқарып шықсақ, болашақ өмірге бейімделген, шығармашыл жастар саны артар деген үміттемін.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *